Кіші жүздің Ресейдің құрамына енуі


Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748ж.) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайыр ханнын мақсаттары:
  1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.
2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.
3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.
4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.
 Ханның ен басты мақсаты - жонғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.
Әбілхайыр осыған дейін, 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз калдырған болатын.
  1730 жыл - Кіші жүз билері Әбілхайырға Жонғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды.
  Алайда, хан 1730 жылғы қыркүйекте Петербургкке аттандырылған елшілеріне әскери одақ күру емес, Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды.
  1731 жылғы 19 ақпан - елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна кабылдады.
Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілхайырдан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында шауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз салдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды.




Скачать