Тараздың көне моншалары
Көне деректерге сүйенетін болсақ, Тараз қаласы Талас өңіріндегі саяси мәдениеттің ірі орталығы болған республикадағы ежелгі қалалардың бірі. Онда көптеген елдің көпестері, мемлекетаралық іспен шұғылданған елшілер, әртүрлі діни ағымды таратушы миссионерлер мен жол кезбелер, тарихшылар болып кеткен. Соңғы кезде көне қала жұртындағы археологиялық қазба жұмысы барысында ірі қоғамдық ғимараттардың тұғырлары мен қабырғаларын безендіруге пайдаланған көптеген ою-өрнегі бар бедерлі тақтайшалардың табылуы Таразда сәулетті сарайлар мен қоғамдық ғимараттардың болғандығын растайды. Оған қазба барысында қала датқасының сәнді-сарайлары мен халық бас қосатын қоғамдық көпшілік үйлерге қойылатын тамаша өрнектері бар бірнеше қоладан жасалған шырағданның табылғандығы да дәлел бола алады. Міне осындай сәулетті сарайда 568 жылы Византияның елшісі Земарахты Түркі қағаны Дизабул (Естеми) салтанатты түрде қабылдап, өзара келісім шартқа қол қойғандығы тарихтан белгілі. Қазба жұмыстары нәтижесіне қарағанда үш бөлменің қабырғалары геометриялық өрнектермен, ал екі бөлменің қабырғалары мен жуынатын астау сегіз бұрышты өрнекті сары бояумен, оның айналасы қара бояумен көмкерілген, ал алтыншы бөлменің кабырғалары ақ, қызыл, сары бояулы тақталармен қиылыстырылып, кейбір жерлерде шөп тәрізді өрнек те қолданылған. Төбеден түскен қалдықтарға карағанда монша көп күмбезді болған, Моншаның еденінен Х-ХІ ғасырлардағы 17 көне тиын ақша, өте жақсы сақталған шырағдан табылды. Археолог А.Н.Бернштам моншаның қабырғаларындағы геометриялы, шөп тәрізді ою-өрнектердің Айша-бибі кесенесіндегі өрнектермен ұқсастығын айта келіп, оны XI ғасырдағы Қараханидтер дәуірінен қалған жәдігер деп тұжырымдайды. Мұның өзі моншаға келгендердің аяғы астында жылудың болуына, терлеп-тепшіп рахаттануына мүмкіндік туғызған. Еден астындағы жылу құбырлары қабырғаларының нақышына келтіріліп, әсем әрі берік қалануы олардың осы уакытқа дейін бұзылмай сақталуына мүмкіндік туғызған. Терістік жақтағы пештің орны бұзылып кеткен. Шамасы осында жағылған оттың жылуы еден астындағы қуысты бойлап, негізгі қабырғамен аралығындағы аумағы үлкен құбыр арқылы сыртқа шығып кетіп отырған. Моншада ыстықтың көп сақталуы үшін оттың жүретін қуыстардың астына қиыршық тастар төселген. Скачать |