Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII –XX ғғ.)
Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII –XX ғғ.) XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы. Жоспар: XIX ғ. екінші жартысындағы Қазахстанның әлеуметтіқ– экономикалық, саяси дамуы. XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан. 1. Қазақстанның жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы ішкі саяси жағдайы. XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте-мөте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық – феодалдық калпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді. Қазақ қоғамының экономикалық базис-(негізі)-көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан территориясында мемлекеттің дамуы мен нығаюының алғы шарттарының жасалуына едәуір кедергі болды. XVII ғасырдың ақыры мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға тап болды. Қазақ хандығына үстемдік еткен әскери феодалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс пен алауыздық ұлғая берді. Қазақ хандығы өз ішінен үш жүзге (үлкен жүз, орта жүз, кіші жүз) жіктелетін еді. Бұл дәуірде әр жүзді билеген кіші хандар үш жүздің ұлы ханына (Қазақ хандығының ханына) сөз жүзінде бағынғанымен, іс жүзінде өз алдына жеке саясат жүргізе бастады. Әрбір жүздің қарауындағы ұлыстарды билеген сұлтандар да дербестікке бой ұрды. Сөйтіп, қазақ хандығы XVII ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында негізінен саяси жағынан бытыраңқы ел болып қала берді. Саяси берекесіздіктің экономикаға тигізген зардабы күшейіп, жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар бұрынғыдан да әлсіреді. Жоңғар феодалдарының шапқыншылығы салдарынан көшпелі және жартылай көшпелі аймақтармен қала-қыстақ арасындағы шаруашылық байланыс және сыртқы базарлармен сауда-саттық байланыс үзіліп қалып отырды. Бұл жағдайлар халықтың шаруашылығы мен тұрмысына қыруар қыйыншылықтар туғызды. Елдің экономикалық өмірінде үлкен роль атқарып келген Оңтүстік Қазақстандағы қолөнер мен сауда орталығы болған калалар құлдырап кетті. 1718 жылы Тауке хан қайтыс болды.. Қазақ халқының басына зор зобалаң бұлты төңді. Қазақтың феодал шонжарлары арасындағы алаусыздық, хандыққа таласқан өзара қырқысқа айналды. Таукенің орнына отырған Болат ханның тек атағы ғана болды. Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жағынан бөлшектенді: Орта жүзді Сәмеке хан мен Күшік хан биледі. Үлкен жүзді Жолбарыс хан биледі, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі. Ең беделді деген Әбілхайыр ханның билігі де Кіші жүзге тұтас жүрмеді. Барақ сұлтан мен Қайып сұлтандар өз иеліктерін жеке басқарды. Бөлшектенген бытыраңқы хандар мен сұлтандар жауға қарсы күш біріктіре алмады, нәтижесінде үрдіс-ұдайы шабуыл жасап, жоңғарлар жеңіске жетіп отырды. Жоңғарлардың жеңісінің негізгі себеп, жоңғар әскерлерінің жауынгерлігінде емес, қазақ хандарының өзара қырқысқан «ала жылан, аш бақалығында» еді. Мұны өз заманындағы тарихи жазба деректер дәлелдейді: «1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қан төгіс ұрыс, алғашқы екі күннің ішінде қазақтар бір шама ойдағыдай ұрысса да, соңы қазақ жасактарынның жеңілісімен аяқталды... Орыс елшісі Бранцевтің айтуына қарағанда, ұрыс қатты болған. Қазақтың жеңілуіне себеп: екі ұдай болып жауласып жүрген Әбілхайыр сұлтан мен Қайып сұлтанға қараған жасақтардың әскер басшылары өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеген» . Қазақтардың жеңіліске ұшырау себебі қазақ хандары арасындағы феодалдық тартыстан болып отырғаннын Орынбор экспедициясының бастығы И.Крылов ақын айтқан. Ол: «егерде жалпы ауыз бірліктері болса қазақтар басқыншыларды жеңіп шыға алған болар еді, бірақ олардың бір ханы соғысқа шығатын болса, екіншісі соғысуды қояды. Сөйтіп, өздерінің иеліктерін қалмақтарға жем қылып, жұрдай болып шыға келеді» деп жазады. Сонымен, XVIII ғасырдың 20-жылдарында Қазақ хандығының бөлшектенуі және қазақ жоңғар қатынасының шиеленісуі қазақ халқын қатты күйзелтті. 2. Отан соғысының басталуы. (Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама жылдары) «Ақ табан шұбырынды».1718 жылы Тауке хан қайтыс болған соң, қазақ феодалдарының арасындағы қырқыс пен алаусыздықтың өршуі, қазақ жүздерінің дербестеніп, бір-бірінен алшақтауы Қазақ хандығын саяси жағынан бөлшектенген елге айналдырып, оның әскери-саяси күшін мейлінше әлсіреткен еді. Рас, XVIII ғасырдың басында жоңғар хандығының өзіне Цинь билеушілерінің тарапынан шапқыншылыққа ұшырау қауіпінің төнуі жоңғар билеушілерін қазақ жүздеріне қарсы неғұрлым батыл әрекет жасаудан тежеп отырды. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Қансидің, өлуінен кейін бұл қауіп біраз уақыт азайды, 1723 жылы жоңғар-қытай бітімі жасалды. Шығыстағы өз тылын қауіпсіздендіріп алғаннан соң, жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтан қазақтармен соғысуға белсене әзірлене бастады. Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мұқият әзірленіп, жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызша аңыздарында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-Сұлама» деп аталған «сұрапыл апаттың» басталған жылы деп есептеледі. Барған сайын аясы тарылған аз ғана жерде қыс қысымын көріп күйзеліп, жұтап шыққан елге 1723 жылы көктемде жоңғарлар тұтқиылдан шабуыл жасады. Олардың қалың қолы Қазақстанның Оңтүстік аудандарына басып кіріп, Қаратаудан асып, Талас өзенінің алабына дейін жетті. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүлкін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Жоңғарлар халықты аямай қырды, Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өздерінен өткен кезде талай адам өлді. 1724-1725 жылдары жоңғар феодалдарының әскерлері Сырдария алабындағы отырықшы егінші ауылдар мен қалаларды ойрандап, Қазақ хандығына қарасты Ташкент, Сайрам, т.б. қалаларды басып алып, талан-таражға ұшыратты және қиратты. Жетісу мен Сырдария өңіріндегі егістік жерлер құлазып, қалалар қаңырап, қолөнер, сауда орталықтардан қол үзу елдің экономикасын қатты күзелтті. Жаудың тұтқиылдан жасалған жойқын жорығынан есі шығып, бас құрып тойтарыс беру мүмкіндігінен айрылған қазақтар тоз-тоз болып жосып, Сырдария өзенінің ар жағына өтті, Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Шыршық өзенінен ары кетті. Қазақтардың біразы Алқакөл маңынан Бухара мен Самарқаға қарай ағылды. Ал Кіші жүз қазақтары Сауран қаласын айналып, қазіргі Шиелі, Қызылорда тұсынан Хиуаға қарай беттеді. Қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат, зор зобалаңға тап болып, адам айтқысыз аянышты күндерді басынан кешірді. Атақоныс, құтты мекен, мал-мүлкінен және баспанасынан айырылып, аш-жалаңаш, жаяу-жалпы шұбырған қарапайым халық бұқарасы жаздың қайнаған ыстығында қағыр далада қаңғырып шөлден қырылды. Қыстың ақ қар, көк мұз қақаған аязында күн көрісі малын жұтатын, үсіп өлді. Әйелдер мен балалар және қарт адамдар адам төзгісіз жол азабына шыдай алмай, жапан түзде қалып аштан қырылды. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Мұның мәнісі: атамекен, мал-мүлкінен айырылып, жаяу-жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра-шұбыра табаны ағарып, «Алқакөлдің түбіне барып сұлау» деген сөз екен. «Ақтабан шұбырынды» апатында зар заманды басынан кешірген қалың қазақ қауымы өзінің аянышты ауыр халі мен көңіл-күйін бейнелейтін «Елім -ай» сынды мұңлы ән шығарды. Бұл ән жұрт жүрегінде жатталып, бүгінгі күнге жетіп отыр. «Қаратаудың басынан қош келеді, Ел есінде сақталған «Елім-ай» әнінің бұл шұмақтары халық бұқарасының зар замандағы мұң-зарын бейнелейді. «Ақтабан шұбырынды» кезінде қазақтарға шабуыл мен талан-тараж түс-түстан анталады. Жоңғар феодалдары қазақтарға, Еділ бойындағы қалмақ хандары батыс солтүстік бүйірден тиісті. Орта Азия хандықтарының жеріне ауып барған қазақтар бұл арадан мал жайылымына қолайлы жер таба алмай сенделіп, көзге түрткі болды. Қазақтарға бір жағынан Қоқан бектері қоқандаса, тағы бір жағынан Бұхара мен Хиуаның хандары жаппай құлдыққа кіріптар еткісі келді. Иран мемлекетінің маңына ығысып барған қазақтар, Иран шахы Нәсір Афшардан зорлық-замбылық көрді. Қазақ халқы сонша сұмдық жағдайда жүрсе де, олардың еш қайсысына құлдық ұрмай, өзіне тиіскендердің бәрімен шайқасты. Қазақтардың XVIII ғасырдың басындағы (алғашқы 25 жылы) халін Ш.Ш. Уалиханов былай деп сипаттайды: «XVIII ғасырдың алғашқы 25 жылы қазақ халқының өміріндегі сұмдық ауыр уақыт болды. Жоңғарлар, Волга қалмақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын талқандап, малын айдап алып, тұтас семьяларымен тұтқынға әкетіп отырды» . «Ақтабан шұбырындының» ауыр апаты жеті жылға (1723-1730 жж.) созылды. Бұл аппатың зардабы қазақ даласының барлық жерінде біркелкі болған жоқ. 1723 жылы көктемде тұтқиылдан шапқыншылыққа ұшырған Оңтүстік Қазастанның аудандарында, Талас өзенінің алқабы мен Сырдария өңірінде өте ауыр болды. Ұлы жүз бен Орта жүздің осы өңірді мекендеген ұлыстарын ойрандап, бұл осы өңірдегі егіншілік пен қала мәдениетін қиратты. Қазақ хандығының шығыс және оңтүстік өңіріндегі жоңғарлар басып алған жерлердегі қазақтар уақытша жоңғар билеушілеріне бағынып, аманат қойып, ауыр алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болды. Орта жүздің сұлтаны Әбілмамбет пен Ұлы жүздің ханы Жолбарыс осылай істеді. 3. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі. Буланты, Аңырақай шайқастары. Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар еді. Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар феодалдарын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды. Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді. Ордабасы съезі. 1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа – Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ съезі өткізілді. Съезге Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, султандар, Толе би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды. Съезде негізгі мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. Съезге қатысушылар бірге болуға, өз кимылдарын үлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді. Съезде талқыланған маңызды мәселенің бірі бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе болды. Осы съезде Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. А.И. Левшин бұл жөнінде былай деп жазған: «Ортақ іс сол арада бір-біріне адалдыққа ант беру арқылы қастерленді. Әбілқайыр хан бас қолбасшысы болып сайланды, сөйтіп халықтық әдет бойынша құрбандыққа шалынған бие болашақ табыстың кепілі ретінде қабылданды». Осы жағдайды да ол былай деп аша түскен: «Төнген қауіп ішкі өзара қырқыстарды бітістірді, жалпы келісім туғызып, бәрін бір нәрсеге бағыттады. Тұтас халықтың жиналысында ілгері басудың, ортақ жауға шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз-қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды» . Батырлар арасынан бүкіл қазақ жасағының Сардар бегі болып Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Сөйтіп Ордабасындағы съезд халықтың жаунгерлік рухын көтерді. Буланты маңындағы шайкас. Ұлытаудың таулар жүйесіне иелік ету соғыс барысында маңызды кезең болды. «Ақтабан шубырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1730 жылдардығы Отан соғысы) барысындағы аса маңызды шайқастардың бірі Ұлытау етегінде өтті. 1728 жылдың көктемінде Ұлытау етегінде Буланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қазақ әскерлерінің жонғарлармен ірі шайқасы болды. Бұл шайқаста қазақ сарбаздары қалмақтарға есенгірете соққы берді. Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айрылды. Қазақтар жағы өздерінің талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған қайрат жігерінің жемісін көріп қуанды. Жеңіс туралы хабар қазақ даласына ілезде тарап кетті. Бұланты шайқасы қазақ жасақтарының женіске деген орасан зор ерік-жігерін көрсетті. Өз заманының аса көрнекті қолбасшылары жеке қол басқарған Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Бәсентиін Малайсары, Тарақты ер Байғозы және басқалар Әбілқайыр хан мен Қанжығалы Бөгенбайдың жалпы басшылығы мен ынтымақты қимыл жасай отырып, жасақтарды ұрысқа бастады. Жасақтарды қаруландыру жөнінде Шақшақ Жәнібек зор ұйымдастырушылық жұмыс істеді. Дархан ұстаның басшылық етуімен Ұлытауда қара шеберлері еңбек етті. Бұлантыдағы және басқада бірқатар шайқастардың қаһармандық рухын бізге дейін Үмбетай жырау, Ақтамберді жырау, Тәтті қара жырау, Бұқар жырау, Көкеш ақын туындылары жеткізді. Бөгенбай Ақшаұлы, Саңырақ Тоқтыбайұлы, Олжабай Әлімұлы, Қонақай Жақсығұлұлы, Бөлек Сатанұлы сынды батырлардың, батыр Баянның, Жарылқаптың және басқаларының есімдері тірі кездерінде-ақ аңызға айналған. Алайда оқиға мұнымен біткен жоқ. Аттылы жоңғар қолының бірбөлігі Бұланты өзенінің жоғары ағысына қарай өтіп кетті. Бірақ бұл жерде де оларды қазақ атты әскерінің жасақтары қуып жетті. Сөйтіп сол жерде жонғарлар тағы талқандалды, тек жекелеген топтарының ғана Ұлытау жағына Майтөбе мен Құрайлыдан арғы тауларға кетіп қалуына сәті түсті. Бұланты жеріндегі жеңістің зор маңызды болды. Ол қазақ жасақтарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мумкіндік берді. XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғына қарай жоңғарлар Ұлытау аймағынан ығыстырып шығарылды. Мұндағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысына жапсарлас жатқан аудандағы Қарамолда деген жердегі ұрыс болды. Жоңғарлар тағы да жеңіліске ұшырады. Бұл аймақ-бұл жер «Қалмақ қырылған» деген атпен белгілі. Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісінің жағы бір жағы-стратегиялық тапқырлығында болды. Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісі Аңырақай шайқасының табысқа жетуін анықтап берді. Аңырақай шайқасы.Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқы Отан соғысының (1723-1730 жж.) жеңіспен аяқталуына Аңырақай шайқасы аса көрнекті роль атқарды. Ол туралы қазақтардың дәстүрлі ауыз әдибиетінде айтылады, сондай-ақ оған М.Тынышбаевтың еңбегі және басқа да бірқатар жанама деректер арналған. 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен жоңғарлардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс басталды. Аңырақай шайқасының ұрыс қимылдары болған алқап 200 километрдей жерді алып жатты. Оны ғасыр шайқасы деуге болады. Аңырақай шайқасы далалық Қазақстанның және Қазақстан Оңтүстігінің таулы әрі шөлейт аудандарының шекарасында өткен. Мұндай жер кездей соқ таңдап алынбаған. Шайқас өтетін жер дұшпанды талқандау жөніндегі ойдың жалпы айла-тәсіліне орайласады,ол жеңіліс тапқан жағдайда Іле өзенінің басына дейін тоқтаусыз шегінуге мүмкіндік береді. Балқаштың Солтүстік батыс жағында өзенінің өзі жағынан жел өткізбейтін Шу-Іле таулары созылып жатыр. Жел сондай-ақ Қызылқұммен Мойынқұм жағынан да соғады. Аңырақай тауларының қасында Делдітау, Желдібел орналасқан. Аңырақай тауларында жел аңырап соғатын (Аңырақай жел). Сонымен бірге халық Аңырақай жеңіліс тапқан жоңғалар аңырап жылаған жер деген аңыз шығарған. Сейтіп 1730 жылы жазға салым қазақ жасақтары өз аттарын Мойынқұм құмдарында, Бүркітті, Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайтты, Шу өзендерінің аңғарларында тыңайып алып, Хантау, Аңырақай таулары өңіріне шықты. Аңырақайдағы шайқасқа Әбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, өздерінің жеңісіне деген мызғымас сенім биледі. Шайқас жекпе-жектен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты әскербасы, қоянқолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан жекпе-жекке 20 жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Абылай нақ осы жекпе-жекте өзінің қатарлы қарсыласын жеңіп, есімін мәңгі даңққа бөлеген. М.Тынышбаев кейін сол кезде Абылай өзгелерден асқан зор батылдығымен асып түсті деп жазды. Шайқастың сәтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендірді. Сөйтіп олар бұл шайқаста жеңіп шықты. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып,жаралы болып жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауыс бірнеше күң даланы басына көтерді. Бұл жер кейін «Аңарақай» деп аталып кетті. Аңырақай шайқасында жеке ерлігін және үйымдастырушылық қабілетін көрсеткендер арасында көптеген батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары мен қатардағы жауынгерлерінің ерлігі мен жеке басының қажыр-қайраты, бірліктің нәтижесінде қазақ жауынгерлері бұл шайқаста женіп шықты. Қаратаудың, Ұлытаудың таулы аудандарын, Сарыарқа мен Жетісу жерлерін азат ету оқиғалары халықтың тарихи жазында мәңгіге қалды. Ақтастыдағы, Бұланты жеріндегі «Қалмақ қырылған» шайқастары, Аңыракай шайқасы қазақ халқының тарихи өткен кезінің қаһармандық символына айналды. Аңырақай шайқасы халық санасындағы бетбұрыс болды. Рухы көтерілген халық жоңғарларды жеңуге болатын түсінді. Айбынды женіске қарамастан, жау әлі де күшінде болатын, сондықтан кейінгі жылдарда да оларға қарсы ұзақ әрі титықтатын күрес күтіп тұрды. Аныракай шайқасынан кейін қазақ билеушілердің арасында жік туды. Түпнұсқаларда Аңырақай шайқасына қатысқан сұлтандардың іс-әрекетіндегі мұндай келіспеушіліктің (жіктелуінің) себептері жайлы айтылмайды. Одан кейін көп ұзамай Әбілмамбет сұлтанның қазақ хандарының ордасы Түркістанға қөшіп кеткені, ал Әбілқайырдың орыс шекараларына қарай жедел жылжығаны белгілі. Аңырақай шайқасынан кейн қазақ хандары мен сұлтандарының арасында жік түының негізгі себебі жоғарғы билік үшін талас болды деп топшылауға негіз бар. Таукенің баласы Үлкен хан Болат қайтыс болғаннан кейін оның орнын Орта жүзден Сәмеке (Шахмұхамбет), Кіші жүзден Әбілқайыр аламыз деп дәмеленді. Көпшіліктің қалаған адамы Әбілмәмбет (Болаттың үшінші ұлы) болды. Мұндай таңдау жасалынғанына наразы болған Әбілқайыр хан майдан шебінен әскерін алып, еліне кері бұрылды. Хандықтың өзіне тимегеніне риза болмаған Сәмеке де Әбілқаирдан кейін әскерін алып Шудың бойымен Бетпақдалаға қарай бет тузеді. Жоңғарларға қарсы майдан әлсіреп, өз әскері мен Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс қазақ елінің қас жауы жоңғарлармен мәмлеге келуге мәжбүр болды. Сейтіп, қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат етудің ортақ ісіне оңалмас ңұқсан келтірілді. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан жоңғар хандырының жаңа шабуылының тікелей қауіпі жойылмайды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Галдан-Цереннің (1727-1746 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қауіпін күшейтті, қазақ хандарының өздері де, соның ішінде Әбілқайыр да жоңғарлар тұтқын етіп әкеткен өз руластарын қайтарып алмақ ниетінен тайған жоқ. Қазақ хандықтарының билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет-қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің феодалдық батыраңқылығының күшейе түскен процессін жою міндеті тұрды. Олардың бұған өз күштерімен жете алмайтындығына көздері жете түсті. Солтүстіктегі қуатты көрші Россиямен одақтасу қажет болды. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарың одан әрі нығайтып, Россияның қол астына кірудің жолдарын іздеуге деген ұйғарым қалыптасты. Сонымен, жоңғар әскерлерінің шапқыншылық жылдары қазақ жүздерінің экономикалық және саяси өміріне ұзақ уақытқа терең із қалдырып, қазақтардың тарихына «Алапат ауыр жылдар» болып енді. Тақырып бойынша сұрақтар: 1. Ордабасы съезі қашан өткізілді, онда қаралған негізгі мәселесі.
Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы. 1. Патша өкіметінің Қазақстандағы әскери – отаршылдық әрекеттерінің басталуы. Әскери бекіністер мен шептердің салынуы. XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери – отаршылдық әрекеттерін бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді. Орыс патшасы I Петр бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнатып, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Россияға қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді. Швед флотымен теңізге шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта жүрген I Петр 1714 жылғы 22 мамырда «Святая Наталья» галерасында Иван Дмитриевич басқаруындағы экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа жеке өзі қол қойды. 1715 жылдың шілдесінде, өз құрамында 2797 адамнан тұратын И.Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты. 1715 жылғы бірінші қазанда И.Д. Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жетті, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды. Жоңғарлар қоршау кезінде (3-ай) қиратып тастаған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып, Бухцольцтің отряды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып, 1716 жылғы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады. Бухгольц Петербурге кеткеннен кейін толық қожайын болып алып, енді өз қалауы бойынша әрекет етуге уәкілдік алған Сібірдің бірінші губернаторы М.П. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жібереді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды – Железинск, В. Чередовтың отряды – Қолбасин бекіністерін салды. В.Чередов одан әрі жүріп, жаңа бекініс- Семипалатинск (Семей) бекінісін 1718 жылы салды. Көп кешікпей патшаның өз өкімімен майор И.М.Лихарев басқаратын тағы бір әскери команда дайындалды, оған көлді (Зайсан) толығырақ зерттеу, сондай-ақ оған И.Д.Бухгольңтің экспедициясының сәтсіздікке ұшырауының егыжей-тегжейін білу тапсырылды. Экспедицияның келе жатқан жолын үздіксіз қадағалап отырған жоңғарлар И.М.Лихаревтің солдаттарына оқ атып, оларды шегінуге, мәжбүр етті, сөйтіп шегінуге мәжбүр болған И.М.Лихарев қайтар жолында 1720 жылы Өскемен бекінісін салды. Нақты сол жылы тағы да бірнеше бекініс - Черноморецк, Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск форттарын салып, 3 әскери- саяси шеп-Сібір, Ертіс және Колыван шептері үшін негіз қалады. Абакан Острогімен (1707 ж.), Бикатун бекінісімен (1709 ж.) қатар, жақсы машықтандырылған гарнизондары, зеңбіректері көп, стратегиялық жағынан орналасқан жері қолайлы бұл бекіністер жергілікті тұрғындарды құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ертіс өзендерінің аралығын Россия иелігіне бекітуді, өзін казак қоныстары арқылы қауіпсіздендіріп, отарлау тірегіне айналдыруды қамтамасыз етті. XVIII ғасырдың орта шенінде патша үкіметі бүкіл елде, оның ішінде Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстан өңірінде әскери бекіністердің ескі шептерінің жарақталуын жақсартуға және жаңа шептер салуға кірісті. Осы кезде оң жағалауда Жайық казактарының күшімен 14 қамал: Переволоцк, Чернорегенск, Татищев, Нижнеозерная, Расыпная, Елек қалашығы, Жайық, Сахарная, Калмыкова, Көш-Жайық, Кулагина, Тополев, Бақсай, Гурьев қамалдары салынды. 1769 жылдың қарсаңында Жайық шебі бойында гарнизон әскерлері бар, семьяларымен қоса қазақтар мен қоныс аударған шаруалар бар 15000-ға жуық адам тұрды. 1734 жылы Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланды. XVIII ғ. 30-40-шы жылдары Жоғарғы Жайық қамалынан Звериноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған үй шебін құру аяқталды. 1752 жылы 9 қамал мен 53 редуттан тұратын әскери бекіністердің Ново-Ишим шебін салу аяқталды. Бұл шеп 540 шақырымға созылған Уйск шебін Ертіс шебімен жалғастырды. Ново-Ишим шебінде 2518 башқұрт, 2 драгун полкі, 800 казак, тұрақты әскерлердің, эскадроны болды. XVIII ғ. 50-ші жылдарында ұзындығы 930 шақырым Ертіс шебін (Семей, Омбы, Железинск, Петропавл, Өскемен, Ямышев қалалары) салу аяқталды. Сөйтіп, қазақ даласы әскери бекіністер шебімен біртендеп қамту патша үкіметінің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ, башқұрт халқы тез көбейді, казак станицалары мен шаруа слободалары пайда болды. 2. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Россия бодандығын қабылдау. Экономикалық мешеулікпен, феодалдық бытыраңқылықпен қатар Қазақстанның өндіргіш күштерінің дамуын тежеген факторлардың бірі сыртқы саяси қауіп болды. Халық үшін осы ауыр жағдайда қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды. Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық және Сібір қазақтарының қоршауында шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі жағдайында бола отырып, қазақ жүздерінің билеушілері Россия империясы сияқты одақтас іздеуге мәжбүр болды. Кіші жүздің Россия құрамына енуі туралы мәселені шешу кезінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр бастаған хан партиясы елеулі роль атқарды. Ол қазақ хандықтары тап болған күрделі ішкі және халықаралық жағдайда қырдағы басқа топтардан гөрі дұрыс бағалап, бірінші кезекте Кіші жүзде Россия құрамына қосқан жағдайда Россияның көмегімен ғана Жоңғария, сондай-ақ Цин империясы тарапынан төнген қауіп-қатерді жоюға және ішкі алауыздықтарды тоқтатуға болатынын басқалардан бұрынырақ түсіне білді. XVIII ғасырдың 20-жылдарына дейін султан болып жүрген кезінде Әбілқайыр орыстың дипломатиялық топтарына едәуір белгілі болатын. «Ақылы жеткілікті және қулықтан да ада емес адам» - деп ол жөнінде А.И.Тевкелев осындай пікір айтқан. Ол ең алдымен қазақ мемлекеттілігінің стратегиялық мүдделерін басшылыққа алып, екінші жағынан Россия әкімшілігіне сүйене отырып, өзінің басқа бәсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып шығаруға ұмтылды, атақты Тәуке ханның заманында болғанындай, өзі билеген хандықтың жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халыққа қасіретті зардабын тигізетін жоңғар басқыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіруге тырысты. Осы міндеттерді іс жүзіне асыруға ұмтылған Әбілқайыр 1730 жылдың жазында Уфа наместниктігі арқылы Петербургке елші жібереді. 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейтқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келіп жетті. Олар әйел патша Анна Иоанновнаға Кіші жүзді Россия империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. «Біз Әбілқайыр хан,- деп көрсетілді жолдамада,- маған карасты Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген ...халқымен сіздің алдыңызға күлліміз бас иеміз... Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз». Әбілқайыр өз жолдамасында қазақтар мен башқұрттар арасында қалыптасқан тым шиеленіскен қарым – қатынасты баса айтты. Хан Кіші жүзді Россия құрамына қосу бұл қарама қайшылықтарды жояды деп есептеді. 1731 жылғы 19 февральда императрица Анна Иоанновна Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Россия қоластына ерікті түрде қабылданғандығы туралы грамотаға қол қойды. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірде Кіші жүзге А.И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. Олармен бірге Петроградка жіберілген қазақ елшілері де оралды. Кіші жүз қазақтарының Россия қоластына қабылдануында атақты Бөгенбай батыр елеулі роль атқарды. 1731 жылғы 10 қазанда Тевкелевті қазақ ру басыларының жиналысына шақырды, онда Әбілқайыр, содан соң Бөгенбай батыр, Есет, оның тумасы Құдайназар мырза, ал олардан кейін тағы да 27 білікті қазақ феодалдары Кіші жүздіңРоссияға өз еркімен қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойды. Орта жүздің Россия бодандығын қабылдау 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Россия империясының құрамына кіретінін білдіріп, ант беріп, «өзінің мөрін басты». Россия патшасының Кіші жүзді қоластына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр әйел патша Анна Иоанновнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қоластына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Петроградқа Қангелді батыр жеткізді. Мұның өзі Россия құрамына енуге Ұлы жүз тарапынан жасалған алғашқы әрекет болды. 1734 жылы 10 тамызда Россия патшасы Ұлы жүзді Россия құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойып, Ұлы жүз хандығына “ Сіздерді қоластымызға Әбілқайырды алған шарттар бойынша аламыз”. –деген қағаз жіберді. Алайда Ұлы жүздің Россиядан шалғайлығы сондай-ақ оның Жоңғариямен мейлінше күрделі әрі шиелініскен қарым – қатынас қазақ жерлерінің Россия құрамына енуін іс жүзінде асыруға кедергі келтірді. Оның үстіне Ұлы жүздің Россияға қосылуын белсене жақтаушылардың бірі Жолбарыс хан 1740 жылдың 5 сәуірінде опасыздықпен өлтірілді. 1740 жылы Орынбор экспедициясынің бастығы генерал – лейтенант князь В.А.Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, 19 мамыр және қыркүйек аралығында Нуралы, Ералы султандармен, Жәнібек, Бөгенбай және Есет батырлар кейінрек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай султанмен келіссөздер жүргізді. Келіссөздердің барысында 22 тамызда Нуралы, Ералы султандармен Жәнібек батырға ере келген 106 ру басы Россияға қарайтыны туралы ант берді, ал 28 тамызда 1740 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай султан Россияға қарайтыны жөніндегі шартқа қол қойды. Сөйтіп, 1740 жылғы тамыздың аяғында Кіші жүздің барлығы 399 өкілі Россияға қарайтыны туралы шарттың міндеттемелер қабылдады. Патша үкіметінің қазақ жүздеріндегі саясаты олардың қосылуы басталғаннан кейінгі алғашқы жылда әжептәуір икемді саясат болды. Жерді пайдалану саласындағы шектеу шараларымен, әскери барлаулар, ұлттар арасындағы қақтығыстар, қазақ феодалдарын бір-біріне қарсы қою практикасымен қатар келіссөздер де жүргізіліп, сауда қатынастары көтермеленіп отырды. Сонымен Кіші және Орта жүздерінің бір топ султандары мен ру басыларының 1740 жылы ант беруі Россияға Орта жүздің тек 1 бөлігінің ғана қосылуын қамтамасыз етті. Ал Солтүстік – шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары империя құрамына тек XIX ғасырдың20-40 жылдыры ғана патша өкіметінің әскери-саяси акциялары салдарынан қосылды. 3. XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақстан. Абылай хан (1771-1781 жж.). XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан. XVIII ғасырдың ортасында Орталық Азияда маңызды өзгерістер болып өтті. Жоңғарлардың қазақтарға қарсы жауластық әрекеттері 1745 жылы Калдан-Церен қайтыс болғаннан кейін Жоңғар хандығының өз ішінде орын алған оқиғаларға байланысты әлсірей түсті. Жоңғарияның әлсіреуімен оның қазақ жерлерін жаулап алу қауіпі жойылды. 1748 жылы Әбілқайыр ханды Барақ султанның өлтіруі Россия өкіметін мазаламай қалмады. Әбілқайыр тұсында қалыптасқан саясатты жалғастыруға мүдделі Петербург сарайы Россияға бейімделушілік бағытын устаған феодалдық топтарға үміт артты. 1749 жылы Нуралы Кіші жүздің ханы болып тағайындалды. Алайда патша үкіметінің отарлау бағытындағы саясатының күшеюі жүздегі старшиндардың ханға бағынбауының әртүрлі формасында көрінген ішкі саяси жағдайы шиеленістіріп жіберді. Бұл Орал мағайын ашық отарлау жолына түскен Орынбор әкімшілігіне және Россияның саясатын қолдаған Нуралы ханға қарсы күрес еді. 1756 жылы қазақтардың қысқы уақыттарында малдарын Жайықтың оң жағалауына өткізуіне тыйым салған патша (Елизавета Петровна) жарлығы шықты. Жайық қазақтарының мүддесі үшін қабылданған үкімет шешімі оған қарсы көңіл-күйді күшейте түсті. Орыс селендерін көшпелілер шапқыншылығынан қорғауға бағыштап, патша үкіметі әсіресе Жаық өзені бойымен жылдамдата салған бекіністер мен басқада әскери құрылыстар қазақ жерлерін отарлау орталықтарына айналды. Қазақ мемлекеттілігінің қалдықтарымен күресудің келесі кезеңі Кіші жүзде хан билігінің жойылуына әкеп соғатын Россиялық басқарудың жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды. Алайда, Орынбор губернаторы барон Игельстромның әуел баста II Екатирина мақұлдаған бұл реформасының жобасы сәтсіздікке ұшырап, іске аспай қалды. Көп кешікпей Россия саясатын жүргізуді қамтамасыз етпеген және батыр Сырым Датұлы көтерілісінің қыспағында ұшыраған Нуралы хан биліктен шеттетілді. Шығысында Цан империясымен тікелей жанасатын, сондықтан Россия империясы билеуші топтарының ерекше қам жасауын тұғызған Орта жүздегі жағдай бұдан біршама басқаша қалыптасты. Көбінесе Жоңғарияның циндер жаулап алған иеліктерін құрайтын жерлерден Циньцзян имперлік уәлилігінің құрылуы қазақ-орыс және қазақ- қытай қарым – қатынастарына көптеген өзгерістер енгізді. Сөйтіп, патша өкіметінің осы аймақта әскери - әкімшілік әрекеттер жүргізуін едәуір дәрежеде тездете түсті. Орта жүзде әскери желілер салу қазақ жерлерін күрделі саяси жағдайда отарлаудың тірек базасына айналды. Шекаралық желі үш бөлімнен тұрды: Оңтүстік – батыс жағынан - Сібір далалық бекінісінен Омск бекінісіне дейін ұзындығы 553 шақырым Горькая желісі, Омск бекінісінен Ертістің оң жағалауымен Малонарымск дала бекінісіне дейін, жалпы ұзындығы 1684 шақырым Өскемен бекінісінен Алтай тауларының батыс беткейімен Колывандық тау-кен заводтарының арасы арқылы Кузнецк бекінісі бағытында (Колыванск желісі), ұзындығы 723 шақырым. Бекіністердің құрылымы қазақтардың дәстүрлі қоныстарын тарылтты. Сібір әкімшілігі мен қазақ султандары арасында шиелініс тудырды. Аймақта патша өкіметі әскери әрекеттерінің күшеюі, циндік әскерлердің Қазақстан жеріне басып кіру қаупі Абылай бастаған ықпалды султандардың Россия бодандығын сақтай отырып, Цин богдыханның сюзерендік жоғарғы өкімет билігін қабылдауына түркі болды.
Абылай және оның билігінің нығаюы. Орта жүз бен Ұлы жүздегі жағдай аз уақыт турақталғаннан кейін XVIII ғасырдың 40-жылдарының аяғына қарай тағыда шиелініске бастады. Қойтайшы Калдан –Церен қайтыс болған соң Жоңғарғарияда орын алған өзара қырқыс осы құдіретті державаның әлсіресеуіне және бүкіл аумақтағы саяси жағдайдың шиеленісуіне әкеп соқты. Қалыптасқан жағдайды пайдаланған қазақ даласының билеушіері де Жоңғария мен көрші мемлекеттердің істеріні белсене араласа бастады. Орта жүз бен Ұлы жүздің ресми ханы Әбілмәмбет болып қалғанына қарамастан, нақты билік бірте-бірте ықпалды султан Абылайдың қолына жинақтала берді, ол қазақ – жоңғар соғыстарының барысында қалыптасқан батырлар мен билердің үлкен қолдауын сүйенетін. Абылай хан 1711 жылы қанішер Абылай ханның баласы Уәли султанның шаңырағында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты Әбілмансұр болатын. Жоңғарлар Түркестанды алып, Уәли султанды өлтірген кезде, 13 жасар бала мүлде панасыз қалады да, Әбілмансұр Ораз дейтін құлының арқасында жан сақтап, бұғанасы бекиді. Ұйпа – тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атап кеткен. Болашақ хан Әбілмансұр 1730 жылы ауыл адамдарымен бірге жоңғарларға қарсы шайқасқа қатынасып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен көзге түседі. Сөйтіп, Абылай 30-жылдардың аяғынан бастап, елдің саяси өмірінде тағдырлы соғыс және бейбітшілік проблемаларын шешкен көрнекті тұлғаға айналды. Сол арқылы Абылай бүкіл күш- қарайтын жоғарғы билікті нығайтуға және қазақ хандығын ұзаққа созылған саяси дағдырыстан шығаруға бағыттады. Қазақ руларының Абылай төңірегіне топтасуы оның Жоңғарияға қарсы белсенді де нысаналы қимылдауына көп жағынан көмектесті. Цин агрессиясына тойтарыс беру және Қазақстанның шығысындағы жерлердің қайтарылуы Орта жүзде ғана емес, Ұлы жүзде де Кіші жүзде Абылай султанның билігін нығайтты. 1752 жылы Барақ султан қайтыс болғаннан кейін ол іс жүзінде қазақ жерлеріндегі бірден - бір толық құқығы билеушіге айналды. Әбілмамбеттің мәртөбесі 2 жақты болды. Бір жағынан, ол жоғарғы хан деп есептеле берді және Ұлы жүз бен Орта жүз қоңыстарын тексеру сапарына жиі шығып тұрды. Екінші жағынан Әбілмамбет Абылайсыз бірде – бір елеулі шешім қабылдамайтын. Мәселен, 1763 жылы Орталық Азия елдерінің циндерге қарсы одағына қосылуға шақырып, өзіне жолданған хатты ол Абылайға жіберген . Орта жүзде Абылай билігінің нығайюына елдің оңтүстік шекараларын нығайту жөніндегі белсенді қызметі себепші болды. 50-60 жылдардың басында қазақтардың қырғыздармен қатынастары ерекше шиеленісіп кетті. Алатаудың солтүстік жағындағы, Жоңғария құлағыннан кейін қазақтар да, қырғыздар да көз тіккен Жетісу жайылымдары дау нысанасына айналды. 50 жылдардың аяғында бұл жерлерге Ұлы жүздің қауымдары берік орнығып алған еді, алайда 60-жылдардың басында жер дауы ашық соғысқа ұласты. 1760 жылы қырғыздар дулат және қоңырат руларының қоңыстарына шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде Абылай едәуір әскер жинап, тамыз айында Талас қырғыздарын жеңіліске ұшыратты. Алайда, қазақтардың жеңіске жеткеніне қарамастан, 60 жылдарда жанжал шешілген жоқ. Бұған Қазақстанның халықаралық аренадағы күрделі жағдайын, қытайлардың басып кіру қауіпінің сақталуы, сондай-ақ күшейіп келе жатқан Қоқан мемлекеті тарапынан қауіп тууы себебі болған еді. Дегенмен, 60-жылдардың аяғында Абылай Қазақстанның онтүстігінде де өз жағдайын нығайтып алды. Ұлы жүздің қазақтары әділетті түрде оны өз мүдделерін қорғаушы деп біле бастады. Сонымен, 60-жылдардың аяғына қарай Абылай султан Қазақстанның көпшілігі бөлігінде жоғарғы билікті нығайтып алды. Орта жүз бен Ұлы жүз оған толық бағынды, Кіші жүздің көптеген билеушілерімен ол әулеттік қыз алысып, қыз берісу арқылы туыстық жағынан байланысты болды. Батыр хан мен Ералы султан оның одақтастары еді, тіпті Нуралы хан онымен санасуға мәжбүр болды. Әбден қартайған Әбілмәмбет ресми түрде жоғарғы билеуші болып қалғанымен, сол кезеңнің өзінде-ақ Абылай ресми хат алысқанда хан деп атала бастайды. Әбілмамбет қайтыс болғаннан кейін ғана Абылай 1771 жылы жалпы қазақ ханы болып жарияланды. Бұл бір тутас тәуелсіз қазақ хандығын сақтауға жасалған соңғы әрекет еді. Абылай ханның ішкі саясатты. 1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат султандар, Нуралы ханды қоспағанда, Кіші жүз қазақтарының билеушілері, Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды. Абылай қазақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды. Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ. Султандардың едәуір бөлігі әсіресе Барақ султан мен Әбілмамбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Хан билігіне наразы болған кейбір ру басылар оны тіпті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай, Ш.Уәлихановтың айтуынша, султандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдың орасан зор беделі қазақтарды ханға бағынышты ұстамды. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман келу үшін қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы тусінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады. Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды және оларды өздерінің билері, рубасылар басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. XVIII ғасырдың 20-30 жылдарыңда бұл жүйе өзгере бастады, султандардың рөлі арта түсті. Абылай хан 3 жүзді өзінің туыстары, балалары арқылы билей бастады. 1774 жылы Әділ султан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындайды, Солтүстік – шығыс Жетісуді оның басқа бір баласы Сүйік, орталық Қазақстанды Қасым билік етті. Орта жүз бен Ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арасында бөлінді. Тек, Кіші жүзде және Орта жүзден батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарынды -Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмамбеттің ұрпақтары- султандар билік етті. Орталық билікті күшейту үшін Абылай бір қатар жаңа өзгерістерді енгізіп заңдастырды. Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы », Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдарындағы хан билігіне қойылған шектеулерді жойды. Ірі ұлыстарды билеуде хан өзіне жақын султандарды тағайындауда, олардың қызметі және оның тұлға ретіндегі қассиеттеріне сүйенді. Дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне қарамастан, Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Сөйтіп, сот істерін шариғат ережелерін негізгі алып жүргізетін билер сотына шек қойылды. Сонымен қатар Билер Кеңесі мен рубасы ақсақалдар съезінің құқықтары едәуір шектелді. Сарай маңына топтасқан батырларға сүйеніп, Абылай хан өзіне қарсы шыққандарды қатыгездікпен басып тастап отырды. Абылай хан әскери істерді де қайта кұруға жан-тәнін жұмсады. Көшпелілердің Шыңғыс хан заманынан бері сүйекке сіңген соғыс машығын (тактикасын) кеңінен қолдану мен қатар, жаңа жағдайға байланысты жаңа әдіс-тәсілдер шығарып отырды. Жеке жауынгерлердің белсенділігін арттырумен қатар, бір-екі жылға емес ұзаққа созылуы мүмкін үлкен соғыстың стратегиялық жоспарын жасайды. Абылай хан қазақ елінің шаруашылық құрылымына өзгерістер енгізуге тырысты. Ертіс пен Еділ бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығының дамуына зор мән беріп, барынша қолдап отырды. 1761 жылы императрица Елизавета Петровнаға жолдаған хатында ағаштан үй түрғызу үшін бірнеше ұстаны және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған. 1772 жылы вице-канцлер М.Л.Воронцовтың жарлығымен Абылай ханға арналған Есіл өзеніне таяу Жаңғызтау деген жерде ағаштан үй салынды. Абылай хан қазақ халқының мәдениетін дамытуға белгілі көңіл бөлді. Оның төңірегіне аса белгілі жыраулар мен күйшілер, шешендер, қазақ даласына белгілі суырып салма ақындар топтасты. Олар: Тәтіқара ақын, Үмбетай, Бұхар жыраулар... ханның кеңесшісі, әрі қазақ хандығы дербестігігің жыршысы Бұхар жырау ішкі және сыртқы саясатта мейлінше ықпал еткен адам болды. Алайда дағдылы құқықтың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұтқалардағы кемшіліқ Абылай хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді. Хан билігін бұрынғысынша билер мен султандар едәуір дәрежеде шектеп отырды. Мемлекеттіқ машинаның орнықтылығы түгелдей және толығымен ханның өз беделіне, оның күрделі саяси проблемаларды шешу кезінде ымыраластық таба білуіне байланысты болды. Абылай ханның сыртқы саясаты. Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда ынталықпен..., ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Россиядан өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Россия да, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартты. Россияның өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетіннің түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге биліг танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда Троицкіде, тіпті Петронпавлда да ант беруден бас тартты. Ол 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлде үзді. Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Оның күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара– ура жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдырдағы жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшысы және дипломат болды. Дегенме де, ол тарих көшінөзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш – қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркестанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленді. 4. Абылай хан мирасқорлары билік еткен кезеңдегі Орта жүз аумағындағы саяси жағдай. ( XVIII ғ. аяғы- XIX ғасырдың басы). Уәли хан билік еткен жылдардағы Орта жүз. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүз бен Ұлы жүздің аумағында ұзаққа созылған саяси дағдарыс басталады. Ол ақыр аяғында қазақ хандығының саяси жүйесінің ыдырауына және оның өз тәуелсіздігінен айырылуына әкеп соқты. 1768 – 1774 жылдардағы орыс–түрік соғысының барысында Россия әскерлері Қырым мен Ноғай даласын басып алды, ал 1783 жылы Қырым хандығы тіршілік етуін тоқтатты. Россия Алтын Орданың мұрасына және Евразияның барлық халықтары арасындағы басты рольге жекедара дәмелене бастады. Бұл Россияның Орталық Азияға, соның ішіндегі Қазақстанға экспансияшылдық саясатын жеңілдетті. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін күздігүні қазақ қоныстарында оның үлкен баласы Уәлиді хан жариялауға дайындық басталды. Онан басқа хан атағынан Барақ, султанның баласы Дайыр және Кіші жүз ханы Батырдың баласы Құдайменді султан дәмеленді. Уәли султан таққа басқа үміткерлерді жеңіп, 1781 жылдың желтоқсаныңда Ханбаба султанның ауылында Цин елшілерінің, султандардың қатысуымен хан жарияланып, ақ киізге көтерілді. Сол жерде Абылайға ас берілді. Сайлау рясіміне әр түрлі қазақ руларының бес жүзден өкілі қатысты, соның ішінде орыс елшісі Чугаловта болды. 1782 жылдың басында Уәли Петропавл бекінісіне барып, Россияға адалдыққа ресми түрде ант берді және оны Россия әкімшілігі таныды. Уәлидің бір мезгілде Россияға да, Қытайға да ант беруінің өзі әкесінің саясатын жалғастыруға ұмтылғанын көрсетеді. Дегенмен де, оның билігі Абылай ханның қолында болғанындай абсолютті билік болған жоқ. 80-жылдардың басында қаракесек және төртуыл руларында Барақ султанының баласы Дайыр хан болып жарияланды. Оны Нура өзенінің бойында арғың руларын басқарған Бөкей султан қолдады. Дайыр хан 1786 жылы өлді және оның інісі Бөкей сайлануға қол жеткізе алмай, өз иеліктеріне султан атағымен билік ете берді. XVIII ғасырдың аяғында Орта жүзде екі хан Уәли мен Ханкөже (Барақ султанның баласы) калды. Уәли ханның ішкі саясатын шекаралық шепке жақын жерде көшіп жеретін султандар мен ақсақалдардың бір бөлігінің орыстарды жақтайтын пиғылдарды да қиындата түсті. Соңғылары патша әкімшілігіне ханның озбырлығы мен қысым көрсетуіне жиі шағым жасайтын. Нәтижесінде шекарада тұратын қазақтар, орыс иеліктеріне көшіп кетіп отырды. 90 жылдырдың басында Уәли Оңтүстік Қазақстанда бақылау жасаудан айырылады және Жетісудің өз бауырлары Сүйік және Әділ султандар билік еткен бөліктерінде ғана оның билігі сақталып қалды. Ханның 1785 жылы қырғыздармен соғысы осы аймақтағы тағы бір сәтсіз сыртқы саяси әрекеті болды. Уәлидің Цин империясымен қатынастары неғұрлым тұрақты болып, үнемі елшіліктер алмасып отырды. 1800 жылы ханның өтініш бойынша император Цзяцин Ғаббас султанды Уәлидің мирасқоры деп ресми түрде таныды. Ғаббас Уәлидің тірі кезінде өлді, оның басқа балалары не жас болды, не айтарлықтай беделі болмады. Хан билігінің әлсіреуі орталық Қазақстанның қазақтарының 1816 жылы Бөкейді өз билеушілері деп жариялауына әкеп соқты, оны орыс үкіметі ресми түрде танып, сол арқылы Уәлидің Орта жүзге ықпалын әлсіретуге тырысты. Бөкей хан 1819 жылда қайтыс болғаннан кейін, оның орнына Шыңғыс сайланды, алайда оның Нураның жоғарғы ағыстары мен Қарқаралы және Кент тауларының төңірегінде көшіп жүретін бірнеше қауымдарға ғана билігі жұрді. СоныменХІХ – ғасырдың бірінші ширегінде Орта жүзде Уәлиден басқа, оның билігіне таласқан тағы да үш хан болды. Уәли өзінің баласы Ғұбайдолла султанды мирасқоры деп жариялап, 1821 жылы қайтыс болды. Уәли хан мен оның бақталастары билік етуінің негізгі қорытындысы қазақ хандығының жалпы әлсіреуі еді. Басқарудың үлестік жүйесіне көшу- султандар ықпалының өсуіне, ал XVIII аяғы-ХІХ ғасырдың басында орталық биліктің бөлшектенуі іріткі салу сарынның күшеюіне және мемлекеттің іс жүзінде ыдырауына әкеп соқты. НәтижесіндеХІХ ғасырдың 20-жылдарыңда Россияның Орта жүзде хан билігін жоюға әрекет жасауына және қазақтарды тәуелсіздігінен айырып, Қазақстанды Россия империясының бір бөлігіне айналдыратын әкімшілік реформалар жүргізуіне мүмкіндік берды. 5. 1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» 1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді. Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді. Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар тұғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді. 1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды. «Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды. Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды. «Жарғы» билер сотын жалпы империялық сотпен біртіндеп алмастырып , олардың құқықтарын шектеудің негізін қалады. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. Жергілікті өкімет органдарына полиция функциялары да берілді. Олар қылмыс істеді деп айыпталған адамдарды іздеп табу, тергеу және оларды ұстау міндеттерін атқарды. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады. Орта жүздің әкімшілік құрылымы: ОКРУГ (15-20 болыс) Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан БОЛЫС (10-120 ауыл) Басқарушысы-болыс сұлтаны АУЫЛ (50-70 шаңырақ) Басқарушысы- ауыл старшыны 1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды. Әкімшілік-саяси реформаның салдары: Қазақ мемлекеттігінің жүйесімен күресудің келесі кезеңі Кіші жүзде хан билігінің жойылуына әкелетін россиялық басқарудың жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды. Хандық билікті қолына сақтауға талпынғандардың бірі-Арынғазы (1785-1833 жж.). 1821 жылы ол Петербургке шақырылып, жолда ұсталып Калугаға айдалды; 1833 жылы қайтыс болды. 1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы П.К. Эсеннің дайындаған жобаны 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Уставы» деп аталады. «Уставта» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» ,- делінген. 1825 жылы Кіші жүз үшке бөлінді: Кіші жүздің әкімшілік қурылымы: БӨЛІКТЕР (батыс, орта, шығыс) Басқарушысы- аға сұлтан ДИСТАНЦИЯ (54) Басқарушысы-ру шонжарлары АУЫЛ Басқарушысы-ауыл старшыны Реформаның салдары: - Орталық басқару нығайтылды. 1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. Ескеретін нәрсе, Кіші жүзді үшке бөліп (батыс, отра, шығыс), ішкі басқару жүйесінде хандықты жойғанымен 1824 жылы басқару жүйесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолында қалды. Сонымен, 1822 және 1824 жылдардағы әкімшілік-саяси реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының нәтижесі болды. 6. Исатай мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. Көтерілістің себептері. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Бөкей хандығында (1801 жылы 11 наурызде қүрылды) ауылдардың еңбекші халқына жасалған экономикалық қысым күшейіп, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық укладтың бірқатар маңызды жақтары күрт күйреді. Астрахань губернаторының үйінде тәрбиеленген Жәңгір хан қырға хандықтағы қоғамдық тұрмыс пен саяси құрылымді кейбір әдет-ғұрыптық институттардан бастап жер жөніндегі қатынастарға салық саясатына және хан сарайына дейінгінің бәрін қайта құрамын деген «аристократтық өркениеттік» жоспарлармен оралды. Артта қалған жартылай көшпелі қазақ қоғамы негізінде ол хан өкіметіне де патша тағының саясатына да, бірдей дәрежеде құлақ асқыш өзінше бір үлгідегі регионалдық хандық құрмақ болды. Алайда көшпелі және жартылай көшпелі ұжымдар ханның бұл «еңгізбекші жаңалықтарын» қабылдауға дайын емес еді. Хан өкіметінің патша әкімшілігінің органдарына және ірі жергілікті феодалдық шонжарларға арқа сүйеп барынша күш сала жүргізген саясаты феодалдық және отаршылдық езгінің күрт күшеюіне, шонжарлардың ауылдық-қауымдық жерлерді жаппай тартып алуына әкеліп соқтырды. Осының салдары ретінде бұл саясат шаруашылық өмірдің берекесін кетірді, ауыл ұжымдарының экономикалық күш-қуатын құлдыратты, кедейленген және кедей шаруашылықтар санын көбейтті, халықтың арасында сенімсіздікті күшейтіп, хан өкіметінің беделін күрт түсірді, орныққан тәртіпті өзгертпекші ниеттерді туындатты. Осындай жағдайда әсіресе 1836-1837 жылдары хандықтың іргесін шайқалтқан қазақ малшы шаруа бұқарасының көтерілісі болды. Көтерілістің негізгі себептері: 1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы-көтеріліске түрткі болды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші-шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы. Ел ауызындағы әңгімеде Исатай Тайманұлы Атырау облысы, Қызылқожа ауданы, Жанкелдин совхозы Тайман жолы деген жерде 1791 жылы көшпелі шаруа отбасында дүниеге келген. Истайдың жастық шағында оған өте үлкен ықпал жасаған адамның бірі немере ағасы Жабал Бегәліұлы болған. Ол Истайдың өсіп, азаматтық көзқарасының қалыптасуына, жетілуіне ықпал жасап, тәрбиелеген. Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында Беріш руының Жайық бөлімінің старшины етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітті. 1817 жылдан бастап, батырдың патша чиновниктерімен байланысы салқындай бастады. 1817, 1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа тартылды. Исатайдың ең жақын серігі –ақын, Беріш руының старшины Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.). 1829 жылы 15 шілде - 1830 жылы қыркүйек аралығында Махамбет Калмыков түрмесіне қамалды. Оған халық арасында хан иелігінен кетуге және жайықтын сол жағасына өтуге үгіт жүргізді деген айып тағылды. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф Р.И.Дальмен және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен тызыз қарым-қатынаста болды. Оның өлеңдерінен Кіші жүзді қамтыған көтерілістің мақсаттарын, басты талаптарын айқындауға болады. Көтерілістің басты мақсаты: Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық отаршылдыққа қарсы. Көтерілістің барысы. Көтерілістің кезеңдері- үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезең: 1833-1836 жылдырға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңі ретіңде сипатталады. Екінші кезең: көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап олардың жеңіліске ұшырауына дейінгі-1837 ж. қарашаның орта шеніне дейінгі кезең. Үшінші кезең: Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтық сол жағалауына өтуінен (1837 жылдын желтоқсанынан 1838 жылдың шілдесіне дейін көтерілістің жеңілуі). 1836 жылы ақпан айында Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы басқарған халық азаттық сипаттағы көтеріліс басталады. 1836 жылы 17 наурызда Жәңгір хан қайын атасы Қарауылқожаға бүлік шығарған старшындарды тұтқындауға бұйрық береді. Қарауылқожаның Исатайға күресті тоқтатып, хан сарайна барып бас июді талап етүі қозғалыстың кең арнаға түсуін тездетті. 1836 жылы қазан айында Исатайдың қарамағына 20-дай ауыл көшіп келеді. Исатай қол астындағылармен бірге Жәңгір ханның ешбір талаптарын орындамай, оның билігін де мойындамады. Бұдан соң 1836 жылы 13 желтоқсанда Жәңгір ханның сыбайластары Махамбет пен Тінімнің ауылын ойрандап, малдарын айдап әкетеді. 1836 жылдың аяғында көтеріліс патша сарайындағыларды алаңдата бастайды. 1837 жылғы 30 наурыз - Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті ұстап, сотқа тартуды талп етті. 1837 жылы 2 қазанда атаман Покатилов басқарған жазалаушы (200 адам) қазақ отрядтарының Исатайды ұстау әрекеттер босқа кетеді. 1837 жылы 15 қазанда Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Теректіқұмда Балқы би ауылын шабады. Бұл жеңіс сарбаздар қатарының өсуіне әсер етті. 1837 жылы 24 қазанда Исатай 2000-ға жуық көтерісшілермен хан ордасын қоршайды. Бірақ Жәңгір ханға бір жағынан подполковник Гекке, екінші жағынан подполковник Меркулов басқарған қол көмекке келуге үлгереді. 9 қарашада 400 адамдық ханның әскері және зеңбіректермен қаруланған Гекке мен Меркулов топтары бірікті. 1837 жылы 15 қарашада Исатай бастаған көтерілісшілер Тастөбе деген жерде күші басым, зеңбірекпен қаруланған Гекке, Меркулов басқарған қазак отрядтарымен шайқасты. Бұл шайқаста көтерілісшілер жеңіледі. Осыдан кейін жазалаушы отрядтар көтерілісішілердің соңына түсе бастайды. Истомин, Трофимов басқарған жазалаушы отрядтар Исатайды жақтаған қазақ ауылдарын ойрандайды. Орынбор губернаторы Перовский Исатайды тірідей ұстағандарға 1000 сом, басын алғанға 500 сом сый ақы тағайындады. 1837 жылы 13 желтоқсанда көтерілісшілер Жайықтың шығысына қарай өтеді. Кіші жүзге өткенде Исатайдың жанында 40 адам болды. Сұлтан Айшуақұлының жазалаушы тобы Исатайдан ажыраған 12 адамдық топты (ұлы Досмұхамбет, әйелі Дінбаян) ұстап, Оралдағы түрмеге жапты. Бұл кезде қазақ жерінде Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс жайыла бастаған еді. 1838 жылы қаңтарда қатары 100 ге жеткен Исатай жасағы Терек бекінісіне жақындап, Орал әскери шебіне қауіп төңдірді. Исатайдың ендігі мақсаты: Көтерілістің жеңілуі: Исатай басқарған көтерілісті тез талқандау үшін, Орынбор губернаторы В.А.Перовский барлық күштерді жұмылдыра бастады. В.А. Перовский бұл көтерілістің Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт азаттық көтеріліспен бірігуінен сескенді. Подполковник Гекке басқарған жазалаушы отрядтар Исатай қолын талқандау үшін аттанды. Исатай 500 сарбазымен сұлтан Айшуақұлына соққы беру үшін, Қайыпқали тобынан бөлінді. Айшуақұлы тобының Гекке тобымен қосылып, үлгергенін батыр байқамады. 1838 жылы шілденің 12-сінде Ақбұлақ деген жерде көтерілісшілер Гекке мен Айшуақұлы басқарған отрядтан жеңілді. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтіреді. Көтерілісшілерден 70–80 сарбаз өліп, Қожахмет, Балабек бастаған алты адам тұтқынға түседі. Бас сауғалап қашқан көтерілісшілер, Ақбұлақ шайқасында Исатайға көмекке келмеген сұлтан Қайыпқали тобына қосылудан бас тартты. Қалғандары күресті одан әрі жалғастырды. 1838 жылы шілденің 23–інде Махамбет бастаған көтерілісшілер хан ауылына шабады. Махамбет 1846 жылы қазанда хан жендеттерінің қолынан қаза болды. Қолға түскен көтерілісшілерді Гекке жазалады. Қожахмет Өтемісұлы, Балабек Нұржанұлы, Бекен Сарыұлы 8 жылға Ригаға, Ұса Төлегенұлы мен Жәнібекұлы Сібірге жер аударылды. Көтерілісті қанға бояған қазақ феодалдары және казак офицерлері, солдаттары марапатталды. Көтерілістен кейінгі жылдарда шаруалардың ауыр жағдайы өзгермеді. 1836 – 1838 жылдардағы көтерілістің негізгі мақсаттары орындалмады. Көтерілістің жеңілу себептері. Нәтижесі: Көтерілістің тарихи маңызы. 1836 – 1838 жылдардағы көтерілістің тарихи маңызы зор болды. 1. Жәңгір хан және оның маңайындағылрдың озбырлығына белгілі дәрежеде шек қойылды. Тақырып бойынша сұрақтар: 1. Қазақстанның Россияға қосылу барысындағы қарама қайшылықтар мен қиындықтарды атаңыз.
XIX ғ. екінші жартысындағы Қазахстанның әлеуметтіқ– экономикалық, саяси дамуы. 1. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының 2-ші кезеңі (1837-1870 жж.). Кенесары Қасымұлы басқарған халық соғысы. Көтерілістің алғышарттары Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россия саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа сөзылыу және табындылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қөқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтустігіндеғі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады. 1836 жылы Қоқан ханы оңтустікке қөныс аударған Саржан Касымұлын өлтірді. 1840 жылы әкесі Қасым, бауырлары қайтыс болды. Орта жуз жерінде 1822 жылғы Жарғы бойынша бұрынғы дәстурлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті. Көтерілістің мақсаты Көтерілістің қозғаушы күштері. Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған. Олардың мақсаты: 1. Көтерілісті пайдалынып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу. Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өнілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жеке әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, Әпкесі Бопай қатысты. Көтерілістің барысы. 1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды. 1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіулы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз оңөріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады. 1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жөрық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды усынып, бірақ батыр оны қабылдамайды. Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады. Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтірді. 1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Омбы және Қарқаралы маңында жазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3 мың сом белгіленді. 1843 жылы 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасып, казак Сарбаздары шегінді. 1843 жылы 17 тамызда полковник Бизановтың төбы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақылырып, сотқа берілді. 1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбур етті. Кенесары патша үкіметімен тартысты келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір геренар-губернаторы князь Горчаковқа және I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашқы талаптары: 1. Қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою. Бірақ Кенесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын. Кенесарының қөйған екінші талаптары. Әскери бекіністер салынбаған Актау, Есіл және Нұра – Жайық өзеніне дейінгі өңірді Россия билігінен босату. 1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын Одан әрі жүргізу болды. Патша әкімшілігінің қойған талаптары: Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілір талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылы патша үкіметі қазақ жерін бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастырда түсті (Ырғыз, Төрғай өзендері бойында салынды). Кенесарының хандық билігі. 1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтіріп, феодалдық мемлекет құрды. Жер ақсүйектердің меншігі болып саналды. Кенесары билер мен старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді Хандық Қеңес шешіп отырды. Хан Кенесі - кеңесуші орган ғана болды, билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілқайыр хан тұсындағы оның еркін тежеп отыратын Ақсақалдар кеңісіне қарағанда, бұл бір шама ерекшелік еді. Кенесары хандығындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері: 1. Билер сотын жойып, хандық сот енгізіді, нәтижесінде Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды. Салық саясатындағы негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы деу керек. Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Сонымен бірге ол ауыл бойынша ерекша салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сипат ретіндегі сайлықтар алып отырды. 4. Ірі феодалдардан алынған мал мен дүние мүлікті бөлу тобын кұрды. Алайда, XIX ғ. бірінші жартысында қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайда орталықтанған феодалдық мемлекетті басқару жүйесін құру мүмкін болмағандықтан, Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады. Кенесарының ақырғы жорығы. Орынбор және Сібір шептері арқылы қысымға алынған Кенесары көтерілістің басты ошағы Төрғай даласынан 1845 жылы Жетісіға ойысуға мәжбур болды. Жағдайының қиындап кеткенін ескерген, Кенесарының мақсаты Абылай ханның тікелей тұқымдары билеген Ұлы жүзге барып, патша үкіметіне және Қоқан ханына қарсы куресте қолдау табу еді. Екіншіден, хандығының құрамына Жетісуды қосу арқылы Абылай кезіндегі қазақ мемлекетінің иелігін қалнына келтіру де Кенесарының ойында болды. 1845 жылы қарашада Кенесары Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін басып алып, Ташкент пен Түркістанға қарай бағыт алды. Бұл Қоқан билеушілерінің үрейін туғызды. Кенесарыға қарсы Бухар мен Қоқан одағы құрылды. Оңтустікке қоныс аударған Кенесарыны Ұлы жүздің халқы түгелдей қолдамады (Сүйік, Қунанбай, Өскенбайұлы, Барақ Султанбайұлы сияқты белгілі адамдар). Өзін қолдамаған ауылдарды Кенесары ойрандата бастады. Оның бұл әрекеті қарапайым халықтың наразылығын туғызып, көтерілістің жеңілуін тездетті. Көтерілісшілер қырғыз манаптарының иелектеріне жақындады. Россия мен Қоқан бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстаған қырғыз манаптары (феодалдары) Кенесарының Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынасын қабылдамады. 1847 жылы сәуір айында Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты өзгеріп, әскерлердің қырғыз ауылдарын тонауы Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызды. Қазақ сұлтаны Рустем мен Сыпатай би топтарының ұрыс қарсаңында Кенесарыдан бөлініп кетуі, қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті. Кенесарының және оның соңынан ерген сарбаздардың тағдырын шешкен ақырғы қанды шайқас Кекілік-Сеңгір (Бишкектің маңы) тауының маңайындағы Майтөбе деген жерде болды. 1847 жылы Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты. Орыс үкіметі Кенесарыны жазалаушылардың еңбегін ұмытпады. Жантай Қарабеков патша үкіметінен алтын медаль, арнайы мақтау қағазына ие болды. Орманға алтын жіптермен тігілген халат тапсырылды. Жеңілу себептері: 1. Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады. Көтерілістің тарихи маңызы: 1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғ. барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс. Кенесары – Абылай ханның ісін жалғастырушы тұлға. Оның ерлігіне арналып, “Кенесары - Наурызбай” дастаны жазылды (авторы Нысанбай). Кенесары қазақ халкының азаттығы үшін, отаршылдыққа қарсы күрескен ұлттық батыр. 2. Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы. Ұлы жүздің Россияға қосылуы. Ұлы жүз Россия қоластына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Йткені XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі Орта және Кіші жүздердің Оңтүстіқ аймақтары Хиуа және Қоқан хандықтардың иелегінде болды. Бұл өңірдегі халықтарды Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары қыспаққа алуды көбейтті. Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге шабуылдап отырды. Әсіресе Хиуа ханы Мұхаммед–Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылы Хиуа ханы 2000-ға жуық қазақ ауылын аяусыз қырып жойды. 1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шимкент, Әулисата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып көтеріліс қатыгездікпен жаншылды. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңіріндегі халықтардың Россия мемлекетімен сауда экономикалық қатынастары барған сайын кеңейе түсті. Осындай себептердің бәрі Ұлы жүз халықтарының Россия империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Россия империясының құрамына қосылды 1825 жылы Ұлы жүз жерінде Россия империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Россия мемлекетінің құрамына қосылды. 1847 жылы Іле және Лепсі өзендері маңындағы қазақтар мен қырғыздар Россия билігін мойындайды. 1848 жылы 10 қантарда Жетісудағы қазақтарды билеу үшін Россия патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды (пристав) бекітеді. Приставтың резиденциясы қапалда (1847 жылы салынды) болды. 1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев отряды Қоқан хандығының басты тірегі Таушубек бекінісін қантөгіссіз басып алады. 1853 жылы – Ақмешіт қаласының Россияның қоластына қаратылуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастан Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды. 1854 жылы көктемде пристав М.Д. Перемышельский отряды Алматы деген жерде Верный бекінісінің негізін қалады. Сол жылы Верный бекінісіне 470 солдат қоныс тепті, ал 1855 осы бекінісіне Сібірден 500-ге жуық отбасы қоныстанды. Верный бекінісің салынуы 1855 жылы қырғыздың Бұғы руының Россия билігін мойындауын тездетті. 1855 жылы Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды. 1856 жылы Верныйда Орталық Россия губернияларынан, Воронежден келген қоныстаушылардың саңы бұынғыдан да арта түсті. 1857 жылы Верныйда су диірмені, 1858 жылы сыра заводы ашылды. XIX ғасырдың екінші жартасында Верный қаласында П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М.Пржевальский, Ш.Уәлиханов сияқты ірі ғалымдар бір аз уақыт тұрған. Верный бекінісінің салынуы XIX ғ. 50-жылдарында Қазақ елінің Оңтүстіқ аудандады мен қырғыз жерінің Россияға қосылуын тездетті. Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы. Патша үкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады. 1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Россияның тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды. 1863 жылы Қоңырат 4 мыңға жуық, бестаңбалы руынын 5 мыңға жуық шаңырағы Россия билігін мойындайды. 1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев төбы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды. 1866 жылы Бухар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Россия құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті. Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды. Бұл оқиғаның прогресті жағы: 1. Саяси, қоғамдық қатынаста феодалдық – патриархалдық белгінің жойылуына жол ашты. 3. Қазақстанда XIX ғ. 60-90 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалары. Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1867-1868 жж. реформалар. XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды. Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды. Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды. Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады. 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды. 1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б. Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды: - Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру. 1867 жылғы 11 шілдеде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. 1868 жылы 21 қазан – «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Реформа нәтижесі. 1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді. Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды. Сот құрылысы.XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді. Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын. Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды. Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті. Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты. Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың (крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Россияның орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Россиядан шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды. Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді. 1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды. Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тияқты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. «Ережеде» ішкі істер және мемлекеттік мүліктер министрлері алдын ала рұқсат еткен жағдайда ғана қоныс аударуға болатыны көзделді. Қоныс аударатын басты аймақтар – Жетісу, Ақмола, Семей, Тобыл, Томск губерниялары ңақтылы белгіленді. Сонымен, «Село тұрғандары мен мещандардың өз еркімен қоныс аударуы туралы» 1889 жылғы ереже Россияның орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып берді және самодержавиенің жалпы аграрлық саясатының мәнді жақтарының бірі болды. Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді. Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды. Қоныс аударушылар Россияның Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды. Сөйтіп, патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды. 4. Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы (XIX ғ. 2-ші жартысы). Тау – кен өндірісі. XIX ғасырдың екінші жартасында Европа мемлекеттерінде дамыған капиталистік қатынас Россияға әсер етпей қоймады. Осымен байланысты Россияның капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Россияның орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де товар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біржіндеп ыдырай бастады. Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шаруашылықтың көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп товарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар қөзі ретікде капиталистік Россияға барынша тәуелді болып шықты. XIX ғасырдың ортасы – қазақ жеріне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері айқын байқалды: - Отырықшы мал шаруашылығы мен екіншіліктің дамуы. - Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы. - Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі. XIX ғасырдың 60 жылдарынан россиялық кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс салуға жұмсады. Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс, Орталық Қазақстанда ашылды. 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп өрындары - Спасск мыс қорыту заводы (1857 ж.), Успен кеніші, Қарағанды көмір алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі. 1898 жыл – Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен - өнеркәсіп қоғамы құрылды. Кен кәсіпшілігінің орталығы – Қарқаралы уезі. Химия өнеркәсібінің бастамасы – Шымкент сантонин заводы (1822 ж.) Алтын өнеркәсібіндегі жұмысшы әйелдер саны – 1873 жылы 12%, ал 1893 жылы 17% болды. Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі XIX ғ. 90 жылдырыңда кеңінен пайдаланылды. Темір жол. 1893-1895 жылдары Сібір темір жолы (ұзындығы 3138 км) салынды. Оның 178 шақырымы қазақ жерін басып өтті. 1893-1897 жылдар – Рязань – Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті. 1899-1905 жылдар – Орынбор – Ташкент темір жолы (ұз.1656 км) салынды. 1905 ж. қаңтарда іске қосылды. Патша үкіметінің темір жолдар салудағы кездеген мақсаты: Ұсақ – товарлы өндіріс. Балық аулау кәсіпшілігі – Ертіс, Жайық, Каспий теңізі, Зайсан маңында дамыды. Тұз өндіру – батыс, солтустік-шығыс аймақтағы тұзды көлдер. 1875, 1900 жылдар – Верныйда темекі кәсіпорындары ашылды. Арал теңізі, Қарабас көлі (Павлодар уезі) – тұз өдіру орны ашылды. Жыл сайын Екатеринбург, Томск, Тобол уездеріне қазақ өлкесінен 300 мың пут тұз әкетілді. Мал шаруашылығы шигізатын өңдеу жөніндегі алғашқы кәсіпорындардың негізгі ошақтары – Ақмола және Семей облыстары. Семей облысында 13 былғары, 9 сабын қайнататын, 1 шарап ашытатып, 1 май қорытатын, 2 сыра ашытатын, 23 кірпіш заводы болды (1898 ж.). Көкпекті, Семей, Павлодарда 13 май қорытатын, балауыз, 23 былғары, 5 тон заводы жұмыс істеді (1890 ж.) Төрғай облысында 42 былғары, тоң май қорыту, сабын қайнату заводы, 202 диірмен, май шайқау заводы болды (1898 ж.) Сауда. XIX ғасырдың II жартысында капиталистік қатынастардың дамуына байланысты Қазақстанда сауда дамый бастады. Шаруашылықтың типіне сәйкес Қазақстанда сауданың негізгі үш түрі: көшпелі аудандарда – тасымалды сауда, шаруашылық типі жартылай отырықшы аудандарда – жәрменке саудасы, отырықшы шаруашылықтары басым аудандарда – тұрақты сауда (магазиндер, қоймалар, дүкендер) болды. Қазақстанда тасымал сауда неғурлым кеңінен тарады. Тасымал саудасы, әсіресе алыс ауылдарда ашықтан-ашық тонау сипатында болды. Россия саудагерлері Қазақстанға сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізіді. Халқы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкенде жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түрі болды. Қазақстандағы туңғыш жәрменке 1832 жылы Бөкей ордасында хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен (1855 ж.) Семейде екі қалалық жәрмеңкелер ашылды. Ақмола облысы Тайыншакөл, Константиновск, Петровск (Атбасарда) және 50-ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелер жұмыс істеді. Жәрмеңкелер товар – рынок қатынастарын дамытуға жәрдемдесті, мал шаруашылығының товарлығын арттыруға ынта туғызды. Жәрмеңкелер қазақ шаруашылығың капиталистік экономикасы мен байланысын нығайтты. Натуралды шаруашылықтың ыдырауын тездетті. Сонымен, Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы өлкеде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі халықтың патриархалдық-феодалдық қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті. Елде өнеркәсіптің жаңа салаларын туындатып, қоғамдық еңбек бөлісіне және жұмысшы табы кадрларының шығуына себебін тигізді. Қазақстанды жалпы россиялық рынокқа тартты. Тақырып бойынша сұрақтар:
XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси жағдайы. 1. XX ғ.басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Столыпиннің аграрлық реформасы. Әлеуметтік-жағдай XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды: Түркістангенерал-губернаторлығы Далагенерал-губернаторлығы 1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі. Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті. Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті. Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%). XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған. Қала халқының көбеюі жолдары: Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді. Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы. 1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды. 1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді. Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды. Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді. Облыстардағы қазақстардың улесі: Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді. Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол. XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы). Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды. Темір жол. 1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді. 1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді. 1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды. Өндіріс орындары және жұмысшылар. 1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті. XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті. Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды. Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді. XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды. Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді. 2. XX ғасырдың басында Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы. XX ғасыр басындағы саяси ахуал. Қазақстанда марксизмнің тарауы Орталық Россиядан көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В.Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И.С. Домашевич, Верныйда А.С. Кочаровская т.б.болды. Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұнғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы Орынбор қаласында құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласындағы саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды. Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға – 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға). 1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдерген алғашқы қарсылықтар болып өтті. 1905 жылы 1 мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына М. Дулатұлы белсене қатысты. Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында – Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Осы жылдары Перовскіде, Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитетттер құрылды. 17 қазандағы 1905 жылғы патша манифесінің («Мемлекеттік тәртіпті дурыстау туралы») халықты алдау екенін «Алаш» қозғалысы өкілдері әшкерелеп, сынады. 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен демонстрация « Демократиялық республика жасасын», «Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті. Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы - 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды. Ереуілге шығу себептері: Ереуіл барысында орыс жұмыскері П.Топорнин мен қазақ жұмысшысы Ә.Байшағыров басқарған «Орыс – қырғыз одағы» құрылды. Олар кеншінің (рудник) бастығы Н.Велльге өздерінің талаптарын қойды: Олардың бірден–бір талабы орындалмағандықтан «Орыс-қырғыз өдағының» шақыруымен ереуіл болды. Успен кеніші жұмысшыларының ереуілі 1905 жылғы революцияның Қазақстан тарихында көрнекті орын алды. 1906 жылы Қарқаралы уезінде, Жаркент уезінде, Әулиеата, Шымкент уездерінде, Орал, Торғай облыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті. Саяси толқулардың жеңілеуінен шощынған патша өкіметі шаралар қолданып, ереуілдерді қарудың күшімен басып отырды. Бүкіл елдегі сияқты Қазақстан большевиктері Бірінші Думаға сайлауынан бас тартты. Екінші Мемлекеттік Думаға Бұратана (туземдік) халық арасынан депутаттыққа Ақмола облысынан – молда Қосшығұлұлы, Жетісудан – федералист Тынышбайұлы, Оралдан – кадет Бірімжанұлы, Семейден – бай Нурекенұлы сайланды. Олар Думага қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғап сөз сөйледі. 1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілуінің себептері: Революцияның тарихи маңызы: -Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды. -Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді. -Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді. -Қазақ еңбекшілерін «Ғасырлық ұйқыдан» оятып, революциялық күреске шынықтырды. Реакция және революциялық өрлеу кезеңі. 1905-1907 жылдардағы революция жеңілгеннен кейін Россияда реакция кезеңі басталды. 1907 жылы 3 маусымда Екінші Мемлекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші Мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Социал-демократиялық фракцияның мүшелері тұтқынға алынып, сотқа тартылды және жер аударылды. Олардың қатарында Қазақстан еңбекшілерінің депутаттары А.К.Виноградов пен И.Ф.Голованов та болды. Осы кезде революиялық ұйымдар мен революциялық қозғалысқа қатынасқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді. Полиция әсіресе, социал-демократиялық ұйымдарды, олардың мүшелерін аяусыз жазалап отырды. Реакция жылдарында РСДЖП – ның Ташкент, Омбы комитеттері, Петропавл, Семей, Верный қаласындағы социал-демократ топтары талқандалды. Революциялық қозғалысқа қатусышылар жер аударылып, каторгаға айдалды, түрмеге қамалды. Олардың арасында Қазақстаннан шыққан революционерлер – қайраткерлер В.В.Куйбышев, М.В.Фрунзе, К.А.Попов, Ф.А.Березовский т.б. болды. Реакция жылдары патша өкіметінің ұлттық саясаты халық мүддесіне қарсы сипатта болды. Барлық жерлерде революция кезеңінде пайда болған газеттер мен журналдар жабылып, мәдени ағарту қоғамдарына тиым салынды. 1912 жылы Россияның жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Ол сәуір, мамыр айларында Лена өзені бойындағы алтын өндіру өндірісіндегі жұмыскерлерді атуға байланысты елде болған саяси толқулар бүкіл жерге жайылды. Лена қырғыны Қазақ өлкесінде ереуілдің қайтадан кең таралуына әсер етті. 1912 жылы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қөрыту заводында басталған ереуіл 1913 жылғы маусымға дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартасында Ембі мұнай- шыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу дәуірінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны 20% -ға арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қолы жетті. Ұлттық зиялы қауым өкілдері қазақ ауылының саяси өмірге тартылуын тездетті. 1909 жылы шілдеде Ахмет Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша өкіметінің қанау саясатына қарсылық білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалды. 1910-1917 жылдары Орынборға жер аударылды. 1900 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабі, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты жинағы шықты. 1913 жылы наурызда «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырып, редакторы болды. «Қазақ» газеті (1913-1918 жылдар) либералдық– демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді. Аграрлық мәселеде қойған талаптары: 1. Жерге мемлекеттік меншікті жою. 1911-1915 жылдары шығып тұрған (редакторы М.Сералин) «Айқап» журналы аграрлық- демократиялық бағытты білдірді. Журнал қызметкерлері – Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин отаршылдық саясатты әшкерелей отырып, негізгі мәселелерді қарастырды. 1. Аграрлық қатынастар. 1905-1907 жылдардағы революциянық қозғалысқа қатысушы Міржақып Дулатұлының саяси бағытта жазылған шығармалары: «Бақытсыз Жамал» романы (1910 ж.), «Азамат» өлеңдер жинағы (1913 ж.), «Оян, қазақ», «Терме» әдеби-публицистикалық туындысы. М. Дулатұлы 1915 жылы патша үкіметінің аграрлық саясатын өткір сынағандықтан құғынға ұшырап, Семейде, Омбыда, Қарқаралыда болып, қазақ еңбекшілерінің саяси бағытын анықтауда ерекше роль арқарды. Сөйтіп, осы кезеңдері әлеуметтік күрестің шиеленісуіне алғышарттар қалынтасты: 3. Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Бірінші дүние жүзілік соғыс. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар): Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия). Антанта (Англия, Франция, Россия). Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды. Соғыстың себептері: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы. Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді: 1. 40899244 пут мақта Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті. Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді. Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды. Көтерілістің негізгі себептері: 1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды. Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды. Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды: 1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері: 1. Жетісуда– Т.Рысқулов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті. Жетісудағы көтеріліс. 1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды. Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды: 1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті. Ұлтаралық араздықты күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды. Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.Жаркент уезінде котерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды. Революцияның ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды. Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты. Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды. Зардаптары: 1)Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2)мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды. Төрғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Төрғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты. Төрғай облысының әскери губернаторы М.М.Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Төрғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Төрғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында тұған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті. Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Төрғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті. 1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Төрғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батысқара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Төрғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды. Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды. Салдары: 1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері: 1. Көтеріліс бытыраңқы болды. Салдары: қазақтардың саны: Көтерілістің тарихи маңызы 4. Россиядағы 1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан. 1917 жылғы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар. Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы. 1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды. 1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты. Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады. Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі). Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды. Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту. Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру. Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді. Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды. Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты. Уақытша өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады. Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырды: 1. 1917 жылы 14 наурызда – «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды. Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері: Алайда, Уақытша-үкімет большевиктердің (Кеңестердің) көтерген мәселелерінің бірде – береуін орындамады. Сөйтіп, Уақытша үкімет самодержавиенің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді. Саяси партиялар мен ағымдар. Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. 1917 жылы қазақ өлкесінде әртурлі саяси партиялар мен ағымғардар (қозғалыстар) құрылды. Верныйда – «Қара жұмысшылар одағы» (жетекшесі Жүсіп Бабаев), Сергиопольде (Аяғоз) – «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы», Петропавлда – «Жас арбакештер одағы» құрылды. Осы жылдары жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді: Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы», Ақмолада - «Жас қазақ» ұйымы, Петропавлда - «Талап» ұйымы, Спасск заводында - «Жас жүрек» ұйымдары құрылды. Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар . Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идиологтары ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы Ә.Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А.Байтурсынов, МДулатов, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов, Ә.Ермеков, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Габбасов, М.Тынышбаев. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды. «Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады. 1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті. Қаралған мәселелер : Осы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті. 1917 жылы мамырда Букілроссиялық мұсылмандар съезі болды. Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді. 1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-Муслимин» (тұнғыш мұсылман) партиясы құрылды. Мұнда «Түркістан федерациялық республикасы» парламенттік республикасының жобасы қаралды. 1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы М.Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге болінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды. «Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер (конституцияшыл демократтар) ұйымы құрылды. Мақсаты: 1917 жылы көктемде - өлкеде әсерлер (социал-революционерлер) партиясы құрылды. Мақсаты: 1917 жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы : 1. Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді. Кемшіліктері: Тақырып бойынша сұрақтар: 1. XX ғасыр басында қазақ өлкесі неше облыстан тұрды? Скачать |