ғұн тайпасы


 ІІ-Ү ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азияжәне Шығыс Еуропаға ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер енгізді, Ал IV ғасырда түркі тілдес телэ (тирек) тайпалар одағы Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейінгі кең байтақ аймақты қоныстанды.  Олардың орнына ҮІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары калыптасты. Біздің заманымыздың бір мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарыньщ тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. «Түрік» деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді.

546-шыжылытирек(телэ) тайпалары Монголияныңоңтүстікжәнеорталықаудандарынмекендегенаварларға(жуань-жуань) қарсыжорықжасайды. ОсыкездекүтпегенжердентүріктердіңқағаныТумынның(Бумындептеатаған) басқаруыментүріктертирек(телэ) әскерлерінешабуылжасап, быт-шытыншығарыпжеңіп, 50 мыңәскерінтұтқынғаалады. Осыданкейінтүріктеркүшейіп, ендібүрынөздерітәуелдіболыпкелгенаварларға(жуань-жуань) қарсышығып, аварқағаньгүйініңханшасынТумынгеәйелдіккеберудіталапетеді. Авардыңқағаныөзінебұрынбағыныштыболыпкелгентүріктердіңелшісінүйіненқуыпшығады. 552-шіжылыкөктемдетуріктераварлардыңордасынашабуылжасап, олардыкүйретежеңеді, авардыңқағаныАнағұйөзін-өзіөлтіреді. Осы кезден бастап Тумын турік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.

Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші ретжеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) туріктер шығыста қайлар (татабтар), қидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бүл жылдары туріктердіңбатысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды Тумынның басқа бір інісі Естемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде оны Батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатыныңнегізін қалаушы деп атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтустік Үнді ойпатына дейінгі Орта Азияда ұлан-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді оңай жеңе алмайтынын түсінген Түрік қағаны Иран шахы Хұсрау IАнуширванмен одақ жасайды. Түрік қағаны-мен жасаған келісім бойынша Хүсрау Iшах өзінің әскерлерін Тохарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды. Сойтіп, эфталиттер берік тылынан айырылады. Мұның өзі түрік қағаны Силзибулға (Естеміге) 563-567 жылдары Эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін түріктердің батыстағы шекарасы Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.

Алайда осы жеңістен кейін Түрік қағанаты мен Иран шахының арасындағы одақтастық ұзаққа созылмайды. Оған басты себеп, түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын ¥лы Жібек жолына иелік етті. Бұл Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғызды. Оның үстіне түріктер мен олардың қарауында болған соғдылар Византия мемлекетімен тікелей сауда байланысын орнатуға мүдделі болды. Ал Иран бұған кедергі жасады. Атап айтқанда, Иран шахы түріктердің Персия арқылы Византияға жіберген екі елшілігін қайтарып жіберді. Сондықтан 568-ші жылы соғды көпесі Маниах түрік қағаны елшілігін енді Иран арқылы емес Каспий теңізі мен Кавказ тауы арқылы Константинопльге алып барады. Онда екі ел арасында сауда келісімі және Иранға карсы әскери шарт жасалды. Оны Земарх бастаған Византия елшілігінің түрік елшілігімен бірге аттандырылуы дәлелдейді. Земарх бастаған елшілік Түрік қағанының астанасы Суяб қаласында қабылданған. Түрік елшілігінің Константинопьлде жүргізген келіссоздері Иран мен Византия қатынастарын шиеленістерді, олардың арасында соғыс жағдайы қалыптасты. Мүны Түрік кағанаты өзінің жаулап алу соғыстары үшін пайдаланды.

571 жылы түріктердіңқағаны Естемі Солтүстік Кавказды басьш алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары Түрік қағанатында билік үшін қырқыс басталды.Өз ішіндегі алауыздық пеи әлеуметтік кайшылықтар қағанатты катты әлсіретгі. Елде талай жылдарға созылған мал індеттері, жұттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581-618 жылдары) шабуылы күшейді. Міне, бұл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды. Батыс қағанатының орталығы -Жетісу жеріндегі Суяб қаласы болды.

Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынанЖоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы - "он тайпа" (он-ақ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанныңорынбасарлары отырды.

Қағанның жазғы ордасы Мын бұлақ (Түркістан каласына жақын) деген жерде болған. 610-618 жж. Жегуй қағанмен оның інісі Тунжабғы қаған /618-630 жж./ билеген кезде қағанаттың күш қуаты таси түседі. Тохарстанмен Ауғанстанға жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік батысына дейін жылжытып кеңейтеді.  Мұндай кең - байтақ жерді берік ұстап тұру үшін Түнжабғы елде саяси-басқару реформаларын жүргізген. Кейбір аймақтарды өз қолында үстау үшін мүмкін болған айла-тәсілдерді пайдаланған. Мәселен, Орта Азиядағы ірі қала Самарқандты қарауында ұстау үшін қаған оның билеушісіне өзінің қызын әйелдікке берген. Шығыс Түркістан мен Орта Азия елкелеріндегі билеушілеріне шад деген атақтар беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған.

Түрік қағанаты әлеуметтік түрғыдан алғанда, бір жағынан, ақсүйек тайпалар, екінші жағынан, оларға бағынышты, тәуелді тайпалар болып екіге бөлінді. Бағынышты тайпалар алым-салық төлеп тұрған. Қағанаттың басында жоғары билеуші, әскер басшысы, барлық жердің иесі қаған болған. Елдегі барлық билік оның туыстары арқылы жүргізілді. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар - жабғы, ұлық, шад  және елтебер-қаған әулетіне ғана тән атақ-түғын. Сот қызметін бүйрық берушілер, тархандар жургізді. Қағанаттың негізгі халқы малшы қауым мүшелері, оларды «қара буын», («қара халық», «тобыр») деп атаған.

Түріктердің ежелгі жазуы болған, оны Жетісу жеріндегі ескерткіштерден көреміз. Шығыс пен батыста, оңтүстікте ұшы-қиыры жоқ жері бар біртұтас орасан зор мемлекет қүрған түрік батырлары "басы барды идірдік, тізесі барды бүктірдік" деген сөздерді тасқақашап жаздырып қалдырған. "Күлтегін" жыры да осы тас жазуы арқылы бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.Осы жырдағы Білге қағанның "Ілгері - күн шығысында, оң жақта - күн ортасында, кейін - күн батысында, сол жақта түн ортасында - осыныңішіндегі халықтың бәрі маған қарайды" деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет күрғанын керсетедц Жалпы алғанда, түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болған. Жергілікті халықтар түріктердің мәдениетіне, әдет-ғүрыптарына көшіп, тілін қабылдаған.

Батыс түрік қағанатында әлеуметгік-экономикалықжәне саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан таптардың қалыптасуы мен ертедегі феодалдық қатынастардың өрбуі біршама тез іске асты.

Түрік қағанаты мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды, мал шаруашылығына байланысты көшіп қонып жүрген. Егістік жерлерде түріктер отырықшылық шаруашылықпен айналысты. Қала мен дала қағанат құрамындағы біріккен әлеуметтік-саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі толықтырып отыратын белшектері еді. Елдің халқы - түріктері де, соғдылары да - бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал өсірумен айналысқан. Нәтижесінде түріктердің қалаларыөркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына Орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды.

Сыртқы сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да акша айналасын шығарды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының қарамағындағы шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналысқа көшті. Түрік халқы қолөнерімен де шұғылданып, өмірге қажетті, әсіресе, үй түрмысына керекті заттарды және қару-жарақтарды жасап, пайдалана білді. Сауда мен қолөнердің дамуына Жетісу қалалары мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс  аудандарына Орта Азиядан соғдылардың қоныс аударуының үлкен әсері тиді. Олардың VI-VIIIғасырларда Жетісуға қоныс аударуы Орта Азиядағы араб жаулап алушыларымен және ондағы әлеу-меттік қысымшылықтарымен байланысты еді.Соғды көпестері көшіп келгеннен кейін Батыс Түрік кағанаты жерінде саудамен, соның ішінде жібектерін өткізумен кеңінен айналысты. Олар Жетісудың егіншілік және қала мәдениеті тарихында елеулі із қалдырды. Сонымен қатар, түркі тілдес ортаға түскен соғдылықтар жергілікті халықтардың тіліне, мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне көшті. Соғдылықтардың келуімен байланысты түріктер Жетісуда теңге жасауды игерді. Теңгелерді соғдылықтар түрік қағандары атынан соққанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Сондай ақ соғдылар еміріне түріктердің тигізген әсері де аз болған жоқ,

Сейтіп, түрік және соғды халықтарының арасындағы өзара байланыс осылай дамып отырды. Мұның өзі олардың этникалық-саяси тарихында, материалдық және рухани мәдениетінде көрініс тапты. Сонымен қатар халықтардың Батыс түрік қағанатының кезінде саяси-экономикалық дамығандығын көрсетеді.

Дегенмен, Батыс түрік қағандығыныц өмірі де ұзақ болмады. Тонжабғы қағанның жүргізген қатал үстемдігі, он оқ бұдын одағы әскер басыларының наразылығын туғызды. Олардың астыртын жасаған қастандық әрекеттерінің нәтижесінде каған өлтірілді. Қағандық үшінБатыс түрік мемлекетінде басты екі тайпаның - Дулу және Нишаби тайпаларының арасында талас басталады. Нишаби тайпаларының қолдауымен Ышбар Елтеріс Шир қаған болады. Бірақ қағандықты тұтас қайта қалпына келтіру бағытында жасаған оның әрекеттері ешқандай нәтиже бермеді.

Қағанат ішіндегі өзара тартыс, билеушілердіңжиі-жиі ауысуы, он алты жылға /640-657 ж.ж./ созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі қыркыстар Жетісуға Қытайдың Тан империясы әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеліп соқты.  Түріктердің Тан басқыншылығына және олардың сы-байластарына қарсы жүргізген тынымсыз күресі барысында қағанат құрамында түргештер күшейіп көтерілді, сөйтіп 704 жылы Батыс түрік қағандығы құлап, оның орнына Түргеш қағандығы қүрылды.

 Түргеш қағанаты

Түрік тектес түргеш тайпалары ҮІ-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал ҮІІ-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар өзінен бүрынғы өмір сүрген Батыс түрік қағанаты құрамындағы халқы көп тайпалардыңбірі болған. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандықболып қүрылуы туралы дерек «Тоныкөк» жазуында айтылған.

Түргеш қағанаты халқының этникалық қүрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Жазба деректердің керсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Та-лас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған.

Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы - Іле өзені бойымдағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа /бөлікке/ бөліп, олардьңәр қайсы-сында 7 мьщнан әскер үстады.-

705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін басып алып, Бұхараға аттанады. Осындай қиын кезенде түргештер Соғды /Согдиана/ еліне көмекке келеді, онымен бірігіп Күтеибке тойтарыс береді. 709 жылы Күтеиб Мәуеренахрға қайтадан жорық ұйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бұхараны басып алады

Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар. Бүл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі болды, бірлік болмады. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды, Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. Оңтүстіктен оғанҚытайдың Тан империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қалаған Жоңғария жерінде /Бөлісу жанында/ түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. Бұл кезде арабтарға қарсы самархандықтар мен Орталық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш /Ташкент/ қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш керсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіие төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Исфиджабқа шабуыл ұйымдастырды.

Көптеген қиындықтардан кейін, яғни екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетеді, олар қолдаған Сұлу тархан қаған болады.Түргеш қағанаты Сұлуқағанның /715-738 жж./ тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сұлу екі майданда: батыста арабтарға қарсы, шығыста Батыс түрік қағандары мирасқорларын (Шығыс Түркістанда орныққан) қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргештер Ферғана қарлүқтарымен және Шаш түрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Дегенмен арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бүхара қаласын басып алды. 737 жылы Сұлу араб-тарға қарсы жорық ұйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан өлтірді. Сұлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін "сары" және "қара" түргештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мұны Тан /Қытай/ империясы үтымды пайдаланды. Оның Шығыс Түркістан жеріндегі билеушісі 748 жылы түргештердің басты қаласы Суябқа әскер жіберіп, оны басып алды, Шаш қаласының билеушісі өлтірілді. Оның баласы арабтардан көмек сұрады. 751 жылы Тараздың касын-дағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытай-лықтарға қарсы оның тылындағы қарлүқтар көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске үшырады. Олар Жетісуды ғана емес, үйғырлар мен тибеттердің қысымы-мен Шығыс Түркістан жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін қалдырып, Шаш қаласына шегінді. Бірақ, өз ішінен әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы құлады.

Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді. Оның көп жылдары сыртқы жаулармен соғыста өтсе, ішкі жағдайында да тыныштық болмады. Тайпалар екі жақка бөлініп, бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Әрине, мұндай үзақ уақытқа созылған саяси күрес қағанаттың экономикалық және мәдени жағынан өсіп өркендеуіне кері әсерін тигізді. Осыған қарамастан Түргеш қағанаты бұрынғы Батыс түрік мемлекеті қалдіырған ел басқару жүйесін, әлеуметтік-экономикалық бағытындағы дамуын жалғастырды. Түргеш қағандығы құлағаннан кейін бүрынғы кешпелі түрік тайпалары құрған Батыс түрік қағанатының орнына төрт күшті мемлекет құрылды. Олар: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және теменгі ағысы мен Арал даласында орналасқан Оғыз мемлекеті, Солтүстік Шығыс және Орталық Қазақстанда Кимек қағанаты, ал Батыс түрік қағанатының негізгі орталығы болған Жетісу жерінде қарлұқтардың мемлекеті орнады.

 Қарлұқ қағанаты

Қарлұқтар туралы алғашқы мәлімет V ғасырдан бастап белгілі болады. Бүл кезде қарлүқтар Монғол Алтай тауы мен Балқаш келінің шығыс жағалауы арасын қоныс етіп, көшіп жүрген. ҮІ-ҮІІғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының құрамына кіреді. Олар ірі-ірі үш тайпалық-бүлақ, шігіл (себек) және ташли одағына бірікті. Қарлұқ тайпалар одағының билеушісі ел-тебер деп аталды. ҮІІ-ғасырдың басында Шығыс түрік қағанатының құрамына енген қарлұқтар оның билеушілеріне қарсы көтерілістер жасап түрған.

742 жылы Монғолия даласындағы Шығыс Түрік қағанатын үш тайпаның-қарлүқтардың, ұйғырлар мен басмалдардың біріккен одағы күйретіп жеңеді. Қағанат билігі аз уакыт басымалдардың қолына келіп, олардың көсемі каған болады. Қарлұқтар басшысы мен үйғырлардыңжетекшісі жабғы атағын алады. Алайда, кеп кешікпей бұлардың арасында талас-тартыс басталып, 744 жылы басымалдарды үйғырлар мен қарлұқтардыңбіріккен күші тас талқан етеді. Сөйтіп, Орталық Азияда жаңа мемлекет Ұйғыр қағанаты (744-840жж.) құрылады. Ұйғыр тайпаларының басшысы жоғарғы қаған болады да, қарлұқтар көсемі жабғы атағын алады. Бірақ қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы, олардыңҰйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізеді. 746 жылы қарлұқ тайпалары Жетісу жеріне қоныс аударады. Ал мұндағы Түргеш мемлекетінін саяси жағдайы тымкүрделі болатын. Сыртқы жаулардың шабуылынан және өзара қырқысқан күрестен әлсіреген түргеш қағандары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргеш қағанының екі ордасы - Тараз бен Суяб және бүкіл Жетісу жері қарлұқтар жабғуының қолына көшті.

Қарлұқ тайпалары ҮІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жо-ңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрінде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді. Қарлүқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алды, ал VIIIғасырдың аяғында олардың екінші бір белігі Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізді. IXғасырдың бас кезінде қарлұқ тайпалары Оңтүстік Қазақстандағы Отырар (Фараб) қаласы маңына барып қоныстанды.

Бұл кезде Қарлүқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бүлақтар, халаждар, түргештер, азкишлер, тухсилер, шарухтар, аргулар, барсхандар кірген. Бұлардан басқа оның құрамында оғыздардыңнегізгі көпшілігі Сырдарияның орта және теменгі ағысына көшкеннен кейін Жетісу жерінде қалған кейбір топтары, сондай-ақ түрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды.

Қарлұқ қағандығы билікті өз қолдарына алғаннан кейін, батыстағы Мәуеренахрдың араб жаулаушыларымен, саманидтермен үзақ жылдар бойы соғыс қимылдарын жүргізді.   Қарлүқ жабғуы IX ғ. басында арабтарға қарсы Ферғана және Жетісу қарлұқтарының күрестерін қолдап отырды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан /қазіргі Луговой стансасы/ қаласына жетеді. 812 жылы арабтар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың жабғысы Қимақ еліне қашып кетуге мәжбүр болады. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстан жерінің Қарлүқ қағанатына кіретін бір бөлігінде араб билігі орнайды.

Қарлұқтардың шығыстағы ¥йғыр қағанаты мен жүргізген бәсекелестік әрекеті, қақтығыстары да сәтсіздікпен аяқталады. 791 жылы үйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің біріккен әскерлерін талқандайды. 812 жылы олар қарлұқтар мен соғыста тағыда жеңіп шығады. Ұйғыр қағаны қарлұқтарды қуа отырып, Ферғана мен Сырдарияға дейін жетеді. Олардың адамдары менмалдарын қолға түсіріп, Орталық Азиядағы ордасына қайтып оралады. Осы жеңілістен кейін Қарлұқ жабғуы Монғ-олиядағы Ұйғыр қағанының билігін мойындауға мәжбүр болады.

 

 

Қарлұқ феодалдық қоғамында әлеуметтік және жіктік теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа қауымның ешбір құқы жоқ тобы – құлдар-тын. Халықтың негізгі бөлігі – қоғамның қарапайым қатардағы мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар болды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қалалар да болатын. Тарихи деректер бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлақ, Тұзын, Балиг, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг, Пенчуль т.б. Қарлұқтардың астанасы және олардың көптеген қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан, ал бұл жолдың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу үшін басқа мемлекеттермен елшілік және сауда-саттық байланыстар жасауда да орасан зор маңызы болды. Қалаларда қолөнер және зергерлік кеңінен дамыды. X ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы біршама нашарлай түсті. Оған Орта Азиядағы саманилер әулеті мен арабтардың шабуылы күшейді. Сонымен қатар Қарлұқ қағанаты өз қолына берік саяси-экономикалық байланыс жүйесін орната алмады. Ішкі қырқыс, өкіметті басып алу, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс оның бе-реке-құтын қашырды. Міне, осындай қиын жағдайда шын мәніндегі қауіп-қатер Қарлұқ қағанатына Қашғар жағынан келді. Шығыс Түркістанда Ұйғыр қағанатының күшеюіне байланысты, Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар Оңтүстік Қазақстан аймағына жылжыды. 940 жылы олар Баласағүнды басып алды да, Қарлүқ мемлекеті құлады..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Жоспар

 

 

Кіріспе бөлім: 

1. Қазақстан Түркі дәуірінде (VI – XII ғғ.)

 

 

Негізгі бөлім:

1.    Қазақ жеріндегі ерте орта ғасырлық мемлекеттер

2.    Батыс түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының қоғамдық құрылысы, басқару жүйесі және саяси

    жағдайы

 

 

         Қорытынды:

                1. Ерте ортағасырлық қағанаттардың Қазақстан

                      мемлекетінің қалыптасуындағы рөлі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

 

Тарих филология факультеті

Заңтану мамандығы

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы:Қазақстан Республикасының 

                аумағындағы ертефеодалдық

                           монархиялар

 

 

 

                                                          Орындаған: Аппасов А.А.

                                                                  Ю.Қ. 111 топ студенті

                                                          Тексерген: Жамалиева Г.С.

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған 2008 жыл  




Скачать