ТӘУЕЛСІЗҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ


ТӘУЕЛСІЗҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ (1991 ЖЫЛДАН ҚАЗІРП КҮНГЕ ДЕЙІН)
                                 1. Тәуелсіздік қадамдары
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң кабылдады. Қабылданған тарихи құжаттың 1-ші ба- бында Қазақстан Республикасы тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет, ол өз аумағыңда өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді деп айтылғандай, осы күннен бастап Республика тарихында жаңа кезең басталды. Бірақ біреулер ойлағандай ел тәуелсіздігі құжатқа қол қою рәсімі арқылы қол жеткендей оңайлықпен келген жоқ. Сонау «ақтабан шұбырынды» жылдардан басталған, ел басына қауіп төнген ауыр кезеңнен бастап, орыс отаршылдығына қарсы жүргізілген ұлт-азаттық көтерілістер, XX ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының тәуелсіздікке деген алғашқы ұмтылысы, тоталитарлық жүйенің нығаю тұсындағы наразылықтар мен көтерілістер, қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы кезіндегі саяси серпілісі және 90-жылдардың басындағы қызыл империяның тұяқ серпер аддындағы жанталасына қарсы ұлт республикаларының саяси күресі, осылардың бәрі ғасырларға созылған отаршылдықтан тәуелсіздікке жеткізген баспалдақтар еді.
Қазір мәлім болғаңдай, КСРО мемлекетінің ұзаққа бармайтындығы ту- ралы батыс саясаткерлерінің 80-жылдардың бас кезіндегі болжамдары расқа шықты. Өйткені, 80-жылдардың басына таман КСРО-дағы барлық республикаларда аса ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалып- тасты. 1985 жылы қоғамның жаңа басшылығының елді дағдарыстан алып шығу жөніндегі қайта құру деп аталған бағыты да елдегі жағдайды тұрақ- тандыра алмады. Аталған қайта құру бағыты терең ойластырылған ғылы- ми концепциясыз, айқын да, анық бағдарламасыз жүргізілді.
Дегенмен, кеңес саяси жүйесіндегі реформалар ұлт республикаларында әртүрлі бұқаралық ұйымдардың құрылуына жол ашты. 1989 жылдың көктемінде «Невада — Семей» қозғалысы дүниеге келсе, 1990—1991 жылдары «Азат» азаматтық козғалысы, «Алаш» партиясы, «Әділет» қоғамы, «Ақиқат», «Қазақстан мұсылман әйелдер лигасы» және тағы басқалар құрылды. 1991 жылы республикада барлығы 120-дан астам бірлестіктер болды.




Скачать