Грамматика


 

1.     Грамматика және оның салалары

2.     Сөздің морфологиялық құрылымы

Тілдің лексикасындағы сөздер заттар мен құбылыстардың, сапамен белгінің және т.б. атаулары болып саналады. Сөз нені атаса да, оны жеке дара күйінде атайды. М, тұз, ас, кел, сөз  деген сөздер – жеке дара атаулар ғана; бұлардың әрқайсысында лексикалық мағына бар және әрқайсысы белгілі ұғымды білдіреді. Бірақ бұл сөздер өзара байланыспай, бір-бірімен тіркеспей, осы қалпында жеке дара тұрғанда ойды білдіруге қабілетсіз.

Демек, тілдің қатынас құралы ретінде қызмет атқару үшін, оның лексикасындағы алуан түрлі сөздердің бір-бірімен тіркесіп, өзара белгілі бір қарым-қатынаста, байланыста қолданылуы және олардың тіркесуінен сөйлемдердің құралуы шарт. Сөйлемдер, әдетте, сөздердің түрленіп, тіркесуінен жасалады. Ал сөздердің түрленуі, өзгеруі, түрлі тәсілдер арқылы сөйлемде тіркесуі тілдің грамматикасы арқылы іске асады. Грамматика – тілдегі сөздердің түрлену, өзгеру ережелері мен сөздерден сөйлемдердің құралу ережелерін белгілейді.

Грамматика – сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасын білдіреді. Ол қатынас – белгілі бір сөздердің нақтылы қатынасы емес, ешбір нақтылығы жоқ грамматикалық қатынас. Бірақ грамматика қатынасына ғана сүйеніп қана қоймайды, сонымен бірге мағынаға да сүйенеді. Бұл арада лексика мен грамматиканың арасында мынадай айырмашылық бар: лексикада мағына категориясы ең басты орынға, қатынас категориясы кейінгі орынға ие болса, грамматикада ең алдымен қатынас категориясы, содан кейін барып қана мағына категориясы мәлім болды.

Грамматика өзінің ережелерін жасағанда, сөздер мен сөйлемдердің мағыналық нақтылығынан дерексізденеді, сөздердің өзгеруі мен сөздердің тіркесуінің негізіндегі жалпылық нәрсені негізге алады. Грамматикалық абстракцияның ерекшелігі , міне, осындай.

Қатынас жасау, пікір алысу, ой  жұмысы нәтижелерінің сөйлемдердегі сөздер мен сөз тіркестеріне негізделіп, соларға орнығып, тұрақталуы нәтижесінде ғана мүмкін болды. Грамматика ойды материалдық – тілдік қалыпқа енгізуде, өзара пікір алысуға мүмкіндік береді.

Грамматика тілдің  грамматикалық құрылысын зерттейді. Грамматикалық құрылыс – белгілі бір тілдегі грамматикалық қатынастардың жүйесі. Грамматика бір-бірімен байланысты екі сала – морфология мен синтаксистен құралады.

Морфология – сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтері, морфемалар мен олардың түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары мен сөздердің лексика-граммтикалық топтары туралы ілім. 




Скачать