Стилистика және оның проблемасы


Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен орыс тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері - тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердің табиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы,  ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б.Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,талғам-өрісі кеңейген кезде, ғылымның ғажайыптары игеріліп, жаңа техника мен компьютерлік жүйенің дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің әр саласының атқаратын қызметі күннен күнге күрделеніп отыр.

Қазақ тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр:

  1. ауыз -екі сөйлеу стилі;

  2. ғылыми стиль;

  3. ресми стиль;

  4. публицистикалық стиль;

  5. көркем әдебиет стилі.

Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан-жақты тану, тереңнен зерттеу талабын міндетке алып отыр.




Скачать