Түркі тілдері
Тақырыптың өзектілігі. Тілдегі сөздерді түрлі семантика - құрылымдық топтарға жіктеу теориясының тіл білімінің тарихын айқындауда өзіндік орны бар.
Мұнда сөз таптарын сөздерінің құрылымдық - семантикалық немесе лексика – грамматикалық топтары деп топшылайда да, олар бір – бірінен білдіретін мағыналары мен морфологиялық белгілері, сөзжасамдық және сөзөзгерімдік қасиеттері, сөйлемдегі синтаксистік қызметі жағынан ажыратылады. Тілдегі осындай сөз таптарының бірі – шылаулар.
Шылау сөз табы атауыш сөздерден кейін қалыптасқан деген пікірдің бары шындық. Бірақ мұның дәрежелік деңгейі әлі зерттеуді қажет етеді. Жалпы көне түркі тілдеріндегі шылаулардың мәнін ашып, табиғатын тану, жүйелі анықтамалар мен дәлелді тұжырымдар жасау зерттеушілер тарапынан белгілі бір мөлшерде жүйеленген.
Бүгінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі жаззба ескерткіштер тіліндегі шылаулардың пайда болуы мен қалыптасуы, даму факторлары мен үрдісі, тарихи құрамы мен лексика – грамматикалық мағыналары, сонымен қатар өзге сөз таптарының шылаулануы және синтаксистік қасиеттері лингвистикалық тұрғыдан бағаланбақ. Көне түркі тіліндегі шылаулардың орнын белгілеу қажет. Зерттеу нысаны. Көне түркі тілінде жазылған жазба ескерткіштері «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты» газет материалдары.Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты көне түркі тіліндегі шылау сөздердің лексика – грамматикалық сипатын қарастыру. Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу жөн деп есептедім. Скачать |