Қазақстанның жеті кереметі


Мақсаты: оқушыларды Қазақстанның тарихи мұраларымен таныстырып, мәдениетке дегн қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу.

1-оқушы:Бүгін маған керек емес ертегі,
  Ертегіні өз басымда шертеді.
  Тарих керек іргетасы халықтың,
  Іргетассыз қаланбайды ертеңі.

2-оқушы: Бүгінгі тәрбие сағатымызда 7 керемет жайында айтылып отыр. Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Неге жетеу? Кездейсоқ алынды ма бұл сан? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін өткенді еске алған артық емес. Кереметтер туралы қысқаша айтып кетейік.

3-оқушы: « Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады,қасиетті сан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша-бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Аспан әлемінде жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан- жеті құдайы атымен байланысты болып, олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды. Ежелгі гректер де жеті дегн санға табынды.

4-оқушы. Ендігі әңгіме бұдан көп ғасыр бұрын сәулет және мүсін өнері шеберлерінің қолымен жасалған асыл мұралар туралы. Суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде орналасқан Мысыр пирамидалары да жеті кереметтердің бірі. Мысыр пирамидалары осыдан 5000 жыл бұрын тұрғызылған, сәулетшісі Имхотеп.

1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.
2. Тайқазан.
3 .Айша биі мазары.
4. Тамағалы кешені жартас суреттері. 
5. Алтын Адам.
6. Домбыра. 
7. Күлтегін ескерткіші.  




Скачать