Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі



Кіріспе                                                                                        

3

1

Қазақ антропонимдерінің  әлеуметтік мәні.

7

1.1 

Этноантропонимдердің қалыптасуының әлеуметтік-мәдени негізі                                                                                                                                                    

 

18

1.2 

Лақап есімдері мен фамилиялар

29

1.3 

Топонимдік жүйесіндегі антропонимдердің, эпонимдердің, генетопонимдердің әлеуметтік мәні 

 

33

2

Қазақ антропонимдерінің  лингвомәдени мәні

39

2.1

Қазақ эпосындағы кісі аттары                      

51

2.2

Прецеденттік антропонимдер

55

2.3

Араб-парсы тілінен енген антропонимдер

63

2.4

Сакральді (киелі) антропонимдер          

65

3

Қыпшақ-половец есімдерінің этномәдени сипаты 

70

3.1

Орыс жылнамаларындағы түркі текті есімдердің әлеуметтік мәні мен тарихи-этимологиялық сипаты

70

3.2

Этнонимдер мен антропонимдердің сабақтастығының түркітану мен қазақ тіл біліміндегі дәйектелуі

74

3.3

Түркі тектес есімдер мен орыс фамилиялары 

Қорытынды                                                                                                 

Пайдаланылған әдебиет тізімі                                                   

         95

        105

        107

 

 

 


 

 

Кіріспе

 

Қазіргі қазақ қоғамындағы ерекше маңызды сипатқа ие болған ұлттық мүдделі мақсаттың бірі ­ халық рухын, оның өзегі - мәдениетті жаңғырту.

Көрнекті мәдениеттанушы ғалымдардың пікірінше, «мәдениет-адамның ақыл-ойы мен еңбегі жемісінің тізбектері, дәлірек айтқанда, материалдық және рухани құндылықтар жүйесі» (Э.Тэйлор); «мәдениет- дүниенің бөлшектері болып саналатын рухани көріністерді бейнелейтін тіл, миф, өнер, дін және т.б. негізде құрылатын семиотикалық жүйе» (Ю.Лотман). Осымен байланысты мәдениеттің таңбалық негізі тіл арқылы көрініп, рәміздік жүйедегі ұлттың психологиялық түрімен, сакрализация тәсілімен сипатталады. Бұл арада тіл ­ тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның мәдениетінің көрінісі. Өйткені мәдениетің этнотаңбалық белгісі тілден тыс көріне алмайды. Осыған орай мәдениетпен сабақтастықта қарастырылатын тіл тек денотативті коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге коннотативті (белгілі бір әлеуметтік мәдени, танымдық мәні бар) құрал.

Демек, тіл бірден бір коммуникативтік құрал ғана емес, тілдік қарым-қатынас негізінде мәдениетті де анықтайтын кешенді ұғым ретінде мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының өзекті арқауын құрайды.

Соның ішінде мәдениеттің коммуникативтік, мұрагерлік табиғатына сәйкес оның ашық жүйе ретінде сақталуы, кейінгі ұрпаққа жетуі, жаңғыруы, танымы, оның игерілуі, жетілуі тіл арқылы іске асатыны қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы зерттеулерінде нақты дәйектелуде.

Қазақ тіл біліміндегі тіл мен мәдениет сабақтастығына негізделген қағидаға сәйкес жүргізіліп жатқан зерттеулерде мәдениеттің өзі метатіл деп анықталып, оның коммуникативтік, кумулятивтік, әлеуметтік қызметтерін талдауға қазақ тіл білімінде ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыдан қарағанда, мәдениет метатілін этномәдени негізде сипаттайтын өзекті арнаның бірі ­ жалқы есімдердің (антропонимдердің) лингвомәдени, әлеуметтанымдық жүйесі.

Зерттеудің өзектілігі

Тарихи дереккөздердегі, эпостық жырлар мен фольклордағы, фразеологиялық, паремиологиялық, прецеденттік жүйедегі тілдік деректердің ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі - қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің негізгі арқауы.

Осымен байланысты ұлт пен тіл, ұлт пен мәдениет сабақтастығын қарастыратын үрдіс тіл табиғатын зерттеуде жаңа сапаға көтерілуде.

Соның ішінде тарихи этникалық үрдісті сипаттайтын, рухани - тарихи ақпарат көзінің бірі ­ антропонимдер жүйесін лингвомәдени, әлеуметтанымдық тұрғыдан анықтаудың мәні ерекше. Бұл тек лингвистикалық жаңғырту емес, этномәдени сипаттағы тарихи  танымымыздың да көкжиегін кеңейтпек. Осымен байланысты қазіргі қазақ қоғамындағы ұлттық сананың жаңа деңгейде жаңғыруы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне байланысты қызметінің  жандануына қатысты ұлттық мүддеге сәйкес тілдің этномәдени және әлеуметтік қызметін айғақтайтын, деректейтін, дәйектейтін негіздері қатарынан қазақ антропонимдерінің лингвомәдени жүйесі де орын алуы тиіс.   

Зерттеудің нысаны:

Қазақ антропонимдерінің тарихи-мәдени, әлеуметтік қызметін сипаттайтын лингвомәдени бірліктер.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Қазақ тілінде ұлттың этникалық сипатын айғақтайтын тілдік деректер аз емес. Солардың бастысының бірі - тарихи ономастика. Атап айтқанда ру, тайпа, ел тарихын зерттеуде батырлар жыры, әртүрлі сипаттағы тарихи шығармалардың мазмұнындағы этнонимдік, антропонимдік, топонимдік атаулардың ұлт болмысын тану үшін маңызы зор. Осы кезге дейін ол деректер көбіне поэтикалық жүйе шеңберінде немесе тарихи-лингвистикалық, лексикологиялық құрылымға қатысты қарастырылған. Антропонимдердің  мәнін, олардың этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастықта анықтау бұл зерттеудің негізгі мақсатын айқындайды.

Осымен байланысты зерттеудің бағыты мынадай міндеттердің шешілуін қажет етті:

- түркітану мен қазақ тіл біліміндегі ономастика жүйесінің, антропонимия саласының зерттелуіне тарихи-лингвистикалық сипаттағы ғылыми шолу жасау;

- қазақ антропонимдерінің ұлттық табиғатын анықтаудың лингвомәдени, әлеуметтанымдық бағытына мән беру. Оның жалпы тіл білімі, түркітану мен қазақ тіл біліміндегі теориялық-әдістанымдық негізін сипаттау; 

- эпостық жырлардағы, мақал-мәтелдердегі, фразеологиялық және прецеденттік жүйедегі, көркем мәтін кестесіндегі антропонимдердің тілдік қолданысын лингвомәдени сипатта түсіндіру;

- этноантропонимдердің тарихи-этникалық үрдіспен сабақтастығын нақты этнодеректерді талдау арқылы дәйектеу;

- қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени негізінің  көне түркі, қыпшақтық сабақтастығын оның орыс жылнамаларындағы деректерімен салыстыру арқылы анықтау,  кей тұстарда этимологиялық талдаулар жүргізу.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері:

Тарихи-салыстырмалы, сипаттама, этнолингвистикалық әдістер.

Зерттеудің теориялық мәні

Кешенді сипатта қарастырылған, тіл арқылы рухани көздерден жинақталған тарихи-этникалық үрдісті қоғамдық ой, этникалық сана мен оның тілдік бейнесі аясында алып, этникалық дереккөз ретінде қарастырғанда ғана қазақ тарихы мен мәдениеті соны тілдік мәліметтермен дәлелденеді. Осы тектес нақты зерттеулер қазақ тіл білімінің тарихи ономастика, этноантропонимика, лингвомәдениеттану, әлеуметтану саласының теориялық-әдістанымдық, дәйектемелік тұғырын қалыптастыруға өз дәрежесінде үлес қоса алады.

Зерттеудің практикалық мәні.

Зерттеудің нәтижелері жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде тарихи лексикология, ономастика салаларының ғылыми курсы бойынша дәрістерде, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, этноантропонимика бойынша арнайы курстар жүргізуде, сөздік жасау тәжірибесінде қолданыла алады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- антропонимдер этнотаңбалы, этномазмұнды лингвомәдени жүйе ретінде қарастырылды;

- кейінгі заманда туған көркем мәтіндердің кестесіне кірігіп, белгілі бір функционалдық, әлеуметтік, этнотанымдық жүк арқалаған антропонимдердің қолданысы түсіндірілді;

- қазақ антропонимдерінің этнотаңбалық тілінің түркілік негізі көнетүркілік, ортатүркілік ескерткіштермен қатар орыс жылнамаларындағы деректермен салыстыру арқылы анықталды. Соның нәтижесінде кейбір этимологиялық талдаулар жасалынды;

- зерттеу нысанына сәйкес паремиологиялық, прецеденттік, фразеологиялық және көркем мәтін деректері талданып, жинақталып, олардың құрамындағы антропонимдердің қолданысы мен қызметіне лингвомәдени сипаттама берілді.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

-  лингвомәдени жүйеде анықталатын қазақ тіліндегі антропонимдер - көне дәуірлерден этникалық ақпарат жеткізетін тарихи, мәдени және рухани әлеуметтік құбылыс;

- осы жүйеге кіретін этноантропонимдердің этномәдени және тарихи болмысында түрлі этнос және этникалық топтардың тарихи тегі мен жағырафиялық қозғалысы көрініс табады;

- антропонимдер - әртүрлі ұлттық ассоциацияларға меңзейтін ұлттық символдарға айналып, қазақтың ұлт ретіндегі біртұтастығын, бүтіндігін сипаттайтын, ұлттық арқаудың бірі;

- қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдердің мазмұнында этномәдени сипаттың сақталуы мен жалғасуы, жаңғыруы оның ұлттық-ұжымдық сүрсананың терең қатпаларында жасырынып жатқан мәдени архетиптердің тілдік бейнеде сақталған этнотаңбасы екенін көрсетеді;

- антропонимдер, соның ішінде этноантропонимдер - тарихи-этникалық, лингвомәдени, әлеуметтанымдық тарихи этникалық дереккөз.

Жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы

Зерттеудің негізгі мазмұны мен нәтижелері төменгі  ғылыми теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды: «Білімді жетілдіру мәселесі және даму үрдісі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Қарағанды, қараша, 2003), «Қазіргі кезеңде мамандандырылған білім беру мәселесінің дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Қарағанды, маусым, 2004), «Қазіргі қазақ әдебиеті тарихын оқыту мен зерттеу мәселелері» атты ғылыми теориялық конференция (Алматы, ақпан, 2006). Жұмыстың мазмұны бойынша А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі Институты жанындағы «Лингвистикалық жұма» атты ғылыми әдістемелік семинар (2006 мамыр).

Диссертацияның негізгі ғылыми тұжырымдары ғылыми басылымдарда 6 мақала түрінде жарияланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы

Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.




Скачать