Етістіктің грамматикалық категориялары


 

Етістіктің грамматикалық категориялары.

 

1)      Рай категориясы: а) ашық рай, ә) шартты рай, б) бұйрық рай, в) қалау рай.

2)      Шақ категориясы: а) осы шақ, оның түрлері, жасалуы. ә) келер шақ, түрлері мен жасалуы. б) өткен шақ, түрлері мен жасалуы.

3)      Етістіктің жіктелу ерекшеліктері. Жақ категориясы.

4)      Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

 

Әдебиеттер:

     1. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. А,1953. 39-114-б.

     2. Омарбеков С. Қалау рай және оның кейбір түрлері жөнінде. ҚазССР ҒА-ның хабарлары,  филология және өнертану сериясы. 1960. №1.

3. Оралбаева И.  Бұйрық райдың синтетикалық және аналитикалық формасы және қазақ мектебі. 1971. №4. 89-92-б.

4. Оралбаева И. Етістіктің жіктелуі және қазақ мектебі. 1963, №2.

 

1.

Етістік түбірі білдіретін жалпы гамматикалық мағынаға ешбір өзгері енгізбей, оған қосымша грамматикалық мағына үстейтін және жіктелуге негіз болатын белгілі бір грамматикалық тұлғалар жүйесінің жиынтығы етістіктің таза грамматикалық категориялары болып табылады.

Етістік қимылды, іс-әрекетті білдіретіндіктен, сөйлемде көбінесе қимыл иесі – субъектінің пікірі, іс-әрекетті шындыққа қаншалықты қатысты екенің көрсетіп, модальділік мәнге ие болып отырады. Етістіктің жалпы грамматикалық мағынасының үстіне үстелетін осындай модальділік мәндер рай категориясының жеке түрлері негізінде іске асады.

Ашық райқимылдың, іс-әрекеттін белгілі бір негізде болу-болмауымен, яғни шақтық ұғыммен байланысты. Басқаша айтқанда, үш шақтың бірінде қолданылған етістік ашық рай тұлғасында тұрған болып есептеледі.

Шартты райқимылдың, іс-әрекеттін болу-болмау шартын білдіріп, етістік түбірлерге, етістіктің етіс, күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларының    үстіне  -се, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады да, жіктеліп қолданылады. Мысалы: Осы мен, тегі, ақын болсам керек.(Ә) 1. Мен бар+са+м. 2. Сен барсаң. Сіз барсаңыз. 3.Ол барса.

Бұйрық райқимылдың, іс-әрекеттін орындалу-орындалмауында біреуге бұйыру, тілек ету, түрткі болу сияқты мағыналарды білдіреді. Бұйыру мәні ІІ-жақта айқын болады да, ІІІ-жақта бұйыру, өтіну мәні басым болады, ал І-жақта бұйрықтан гөрі сөйлеуші қимылды, іс-әрекетті өзі ниет етіп орындайтынын білдіреді.

Қалау рай айтушының қимыл, іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, тілегін, ынтасын білдіріп, етістік түбір мен етістіктің  күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларына –ғы/гі, -қы/кі қосымшалары үстеліп, оның үстіне тәуелдік жалғауы қосылып  «кел» көмекші етістігі тіркесіп немесе етістік түбірге -са (-се) игі еді, -ғай (-гей), -са екен тәрізді аналитикалық форманттар тіркесу арқылы жасалады. Мысалы:

1. Менің барғым келеді.

2.Сенің барғың келеді.

   Сіздің барғыыңыз келеді.

3.Оның барғысы келеді.

Етістіктің шақ категориясы.

Шақ іс-қимылдың, жай күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория.

Шақ категориясы сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту мерзімін, кезін білдіреді, бірақ ол мерзімдік мән жеке сөздер арқылы емес, грамматикалық жолдарымен беріледі. Шақтың үш түрі бар.

Осы шақсөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқаның  білдіреді. Осы шақ мағыналық мағыналық ерекшелігіне қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ болып бөлінеді. (199-б)

Нақ осы шақ – қалып етістіктің тікелей жіктелуі арқылы не көсемшенің –ып, -іп, -п, -а, е, й, тұлғасындағы негізгі етістікке  осы қалып етістіктің тіркесіп келуі арқылы жасалады.




Скачать