Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты
Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күр- делілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қізметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас. Өйткені етістіктің лексика- семантикалық сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін тұстар, сондай-ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала-кұла пікірлер де кездеседі. Қазақ тіліндегі етістік түбірі - нақтылауды қажет ететін сондай тұстардың бірі. Түбір- сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі екені белгілі. Етістік түбірінің өзіндік ерекшеліктері оның лексика-грамматикалық сипатынан туындайды. Қазақ тіліндегі етістіктің түбірі сыртқы тұлғасы жағынан бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Сол себепті қазақ тілі грамматикаларында, оқулықтарда, арнайы зерттеу еңбектерінде «етістіктің түбірі- бұйрық райдың 2 жағы» деп, екеуінің арасында тепе-теңдік белгісі қойылады. «Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондық-тан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке тек жіктік жалғау жалғанады.» Қазақ тілінде етістіктің бастапқы түрі бұйрық райдың 2 жақ жекеше түріне ұқсас болып саналады. Әрине, бұл екеуі екі басқа тұлға екені айқын, алайда көріністері бірдей. Бұйрық райдың арнайы көрсеткіші болмағасын түбірге сәйкес келетіндей сыртқы көріністе ғана болады. «Етістіктің морфологиялық белгілері мынадай: етістіктің түбірі 2 жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері оның осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады: оқы-р, -йтын, -ғалы, -й, -ған, -ып, -с, -ды т.б. Етістік түбірін арнайы зерттеген А.Хасенова етістік түбірі туралы былай дейді: «Түбір сөз немесе түбір тұлға деп аталатын термин тұрғысынан келгенде, етістіктің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі бар. Ол мейлі негізгі я туынды түбір (біт, өкін, өйтіп, өйтпегенде) дара я күрделі (біліп ал) тұлғаларда келгенмен, шақ, рай, т.б. грамматикалық категориялардың белгілі мағыналарында қолданылады. Осы келтірілген әрбір етістік 2 жақ-тың жекеше анайы түріне қаратыла айтылып (сен оны біліп ал), бұйрық рай, келер шақ мәнін білдіреді. Былайша айтқанда, бұл грамматикалық мағыналар етістік түбіріне тән қасиеттер деп саналады». Демек, бұл айтылғандар етістіктің түбір тұлғасы өзіне о бастан тән қимыл, іс-әрекетті білдіру мағынасымен бірге, түбір күйінде тұрып бұйрықтық мағынамен 2 жақ жекешелік мағынаны білдіре алады деуге саяды. Яғни етістіктің түбірі мен 2 жақ бұйрық рай тұлғасы бір ұғым болып саналады. Бұл- қазіргі қазақ тілінде қалыптасқан пікір. Етістік түбіріне берілген осы анықта-маның өзі нақтылаумен қатар, етістік түбіріне басқа тұрғыдан келуді қажет етеді. Қалыптасқан анықтама тұрғысынан емес, жаңа тұрғыдан қарайтын болсақ, осы анықтаманың дұрыстығы дау туғызады. Ең алдымен, етістіктің түбір тұлғасы беретін грамма-тикалық мағына мен 2 жақ бұйрық рай тұлғасы беретін мағына-ның арақатынасын ажырату керек. Қимылдың түбір тұлғасына іс-әрекет, қимылды білдіретін грамматикалық мағына тән. Ал 2 жақ бұйрықтық мағына оның (етістік түбірдің) бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы түрінде, яғни етістік белгілі бір тұлғасында беретін мағынасы. Етістік түбіріне 2 жақтық бұйрықтық мағына тән емес. Бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы түрі – етістік түбірінің бұйрықтық мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық формасы. Ал егер етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық райдың 2 жағы бір грамматикалық мағынаны білдіріп, бір ұғым болып ұғынылатын болса, бірдей екі нәрсені екі бөліп атаудың қажеті жоқ сияқты. Олай болса, беретін мағыналары бір, сыртқы тұлғалары бір ұғымдарды бір атаумен атаған орынды. Егер етістік түбіріне бұйрықтық мағына о бастан тән болса, етістіктің белгілі бір тұлғадағы көрінісі, яғни бұйрық райдың екінші жақ анайы жекеше түрінде ол қайталанбаған болар еді. Оларда 2 жақ бұйрықтық, жекешелік мағына бар. Бірақ осы етістіктерді тұтасымен алып түбір деуге болмайтындығы дәлелдеуді қажет етпейді. Мағыналық жағынан сәйкес келетін болымсыз етістік, етіс жұрнақтары жалғанған етістікті түбір деп қарастырмасымыз анық. Ендеше, етістік түбірі мен бұйрық райдың 2 жағы бір нәрсе емес. Сыртқы тұлғасы бірдей болып, қимылды білдір-генімен, екеуін бір нәрсе деп шатастыру дұрыс емес. Етістіктің түбір күйінде тұрып білдіретін грамматикалық мағынасы- қимыл, іс- әрекетті білдіру мағынасы. Бұл мағына етістік қандай тұлғада қолданылса да сақталады. Ал 2 жақ бұйрықтық мағына етістік түбірінде жоқ, ол сөйлемде етістіктің бастауышпен (сен жіктеу есімдігімен ) қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болатын мағына. Етістік түбірі сөйлем ішінде қолданылғаннан кейін бас-тауышпен тікелей мағыналық қатынасқа енеді, екеуі бұйрықтық, жақтық, шақтық және жекешелік қарым-қатынасқа түседі.Міне, осы жердегі етістікке 2 жақ бұйрықтық мағына үстеледі. Демек, бұйрықтық мағына – етістік түбірінің сөйлеу процесінде қолда-нылғанда пайда болатын мағынасы. Етістіктерді мін, ер, түс, айт, жүр деп сөйлем ішінде емес, сен деген бастауыш қызметіндегі жіктеу есімдігімен байланыстырмай жеке алатын болсақ, оларда 2 жақ бұйрықтық мағына жоқ, етістік түбірінде о бастан бар қимыл, іс-әрекетті білдіретін грамматикалық мағына бар. Бұл етістіктер сөйлем ішінде сен бастауышымен жақтық, жекешелік, бұйрықтық жақтарынан байланысып, етістіктің бұйрық рай формасында қолданылып тұр. Бұйрық рай- етістіктің рай категориясындағы белгілі бір тұлғасы, ол бұйрықтық мағынаны білдірудің арнайы грамматикалық формасы болып табылады. Ендеше, осы жердегі етістік түбірінің тағы бір грамматикалық ерекшелігі шығады. Ол ерекшелік етістік түбірінің түбір күйінде қолданылмайтындығында. Скачать |