Өскемен су бассейні


Өскемен су бассейні

Өскемен су бассейні
Қаладағы экологиялық жағдай әр түрлі өндірістердің техногендік факторларының әсерінен және автокөліктердің көбеюі салдарынан нашарлап кетті. Қала атмосферасына кәсіпорындар шығаратын химиялық ластанудың кең спектрі әсер етуде (күкірт диоксиді, азот диоксиді, қорғасын, мырыш, хлор, кадмий, фторлы сутегі, фенол, формальдегид, мышьяк, берилий, бенз(а)пирен және басқалар).
Қоршаған ортаны ластаушыларға қоймалар мен үйінділер жатады. Мысалы, ҮМЗ қоймасы, Согра және Өскемен жылу электр орталықтарының үйінділері, металлургиялық өндірістің шлактар террикондары, қалдықтарды көмуге арналған полигондар. Өскемен қаласы Қазақстан Республикасының «Семей ядролық ролигонындағы ядролық сынақ нәтижесінде жапа шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 7 бабына сәйкес көтеріңкі радиациялық қауіп-қатер аймағына жатады.
Өскемен қаласындағы экологиялық жағдайды қалыптастыруда ландшафты-экологиялық жағдай маңызды әсер етеді: рельефтің биіктігі және бөлшектенгендігі, микроклиматтық ерекшеліктер, ауа бассейні мен қала топырағының ластануы және басқа да факторлар.
Қала құрылысын Ертіс өзенінің сол жақ жағалауына ауыстыру бірқатар экологиялық мәселелерді шешеді.
Өскемен қаласында 3 217 ұйымдасқан және 2 484 ұйымдаспаған ауаны ластау көздері тіркелген. Қаланың атмосфералық ауасының ластануын қадағалау 5 стационарлық орындарда жүргізіледі. Атмосфералық ауада 12 компоненттер бақыланады: шаң, күкірт диоксиді, азот диоксиді, фенол, формальдегид, көміртегі оксиді, хлор, мышьяктың органикалық емес қоспалары, ауыр металдар (қорғасын, мыс, мырыш, кадмий).
Шығыс Қазақстандық гидрометеорология орталығының мәліметтері бойынша қолайсыз метеожағдайлы күндер 2003 жылы 106 болса (29 %), 2004 жылы 99 күн (27 %), 2005 жылы 142 күн болған (39 %).
Шығыс Қазақстан облысы, оның табиғи-климаттық жағдайымен анықталатын, Қазақстан Республикасының су қорларына бай және ең қамтамасыз етілген аймағына жатады. Облыстың су қоры - өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар және мұздықтар. Тұщы судың сомалық қоры облыс тұрғындарының біреуіне шаққанда жылына шамамен 50 мың м3 құрайды, бұл әлемдік стандарт бойынша жоғары көрсеткіш болып саналады.
Ертістік бассейндік су шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша облыстың су қоры құрайды:
1017 өзен 30 млрд. м3 орташа жылдық ағынды және жалпы ұзындығы 28 мың. км.; 1967 көл су масса көлемі 6,5 млрд. м3 (Алакөл және Сасықкөл көлдерінсіз); 75 жуық су қоймасы және кіші тоғандар (сиымдылығы 53 км3) бекітілген пайдалану қоры жылына 2,4 млрд. м3 жер асты сулары Өнеркәсіпте, құрылыста, көлік және тұрғын үй-коммуналдық салаларда суды тұтыну және суды бұру көлемін тіркеу 2-ТП-су шаруашылық статистикалық есептеме формасы бойынша жүргізіледі. Жер беті сулары мен жер асты суларының көп бөлігі пайдалануда тіркеумен қамтылған.
Су қорларының ахуалының негізгі динамикалық көрсеткіші кестеде көрсетілген.
2008 ж. ШҚО бойынша 0,942 км3 көлемінде суды бөгеуге лимит бекітілген.
2008 жылда таза суды бөгеу облыс бойынша 581,49 млн.м3 құрады, сонымен қатар Ресейден 4,12 млн. м3, соның ішінде 1,8 млн. м3 жер асты суы алынды. Ертіс өзені бассейнінде бөгеу 548,76 млн.м3, Балқаш көлі бассейнінде 25,08 млн.м3,
-Алакөл және Сасықкөл көлдері бассейнінде 11,77 млн.м3 құрады. Соңғы он бес жылғы суды бөгеуді салыстыра отырып, есеп жылында ең аз көлемдегі бөгеу болғандығын белгілейміз, Балқаш-Алакөл бассейнінде 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда бөгеу 54 млн. м3 азайды, ал 2007 ж. тағы 3 млн.м3 азайды. Ертіс бассейнінде бөгеу соңғы сегіз жылда орташа көрсеткіш мөлшерінде. Жалпы су бөгеуде 191,85 млн.м3 (32,9%) - бұл жер асты және шахты-кен сулары және 389,64 млн.м3 (67,1%) - бұл жер беті сулары. Ертіс өзені бассейнінде жалпы көлемнен 544,64 млн.м3 және Ресейден алынған көлемнен 4,12 млнм3 коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 90,78 млн.м3 алынған (16,5%), өнеркәсіп қажеттілігіне 215,75 млн.м3 (39,3%), ауыл шаруашылығымен - 207,76 млн.м3 (37,8%), балық шаруашылығымен - 7,35 млн.м3 (37,8%) және тағы басқа қажеттілікке 27,08 млн.м3 (5,1%) алынған. Басқа қажеттілікке жер асты және шахты-кен суларын бөгеу кірді, олар пайдаланылмайды транзитпен су нысандарына ағызылады.
Ағымды жылда ауыл шаруашылығының қажеттілігіне 240,51 млн.м3 алынды, оның 223,30 млн.м3 (92,8%) жер беті және 17,21 млн.м3 (7,2%) жер асты сулары. Соңғы төрт жылда суды бөгеу және осы қажеттіліктерге пайдалану 90 млн. м3 азайды және ол суармалы жерлердің аз пайдалануымен байланысты. Соңғы тоғыз жыл бойынша суды пайдалануды талдай келе, белгілейміз:
-шаруашылық ауыз су қажеттілігі бойынша азғана ауытқулар байқалады;
-өндіріс қажеттілігі бойынша өнеркәсіп өндірісінің ұлғаю себептері бойынша суды қолдану мөлшерінің үдемелі өсуі байқалуда;
-жүйелі суару бойынша суды пайдалану суарылылатын алаңға байланысты (соңғы жылдары суарылатын жерлердің санының азаюы 5 мың га. құрады, бұл суды бөгеуді 22,8 млн.м3 төмендетті);
-жайылмалы суару бойынша суды пайдалану да аланының кішірейуіне қарай азайды;
-ауыл шаруашылықты сумен қамтамасыз ету бойынша суды пайдалану айтарлықтай өзгермеді;
-жайылымдарды суландыру бойынша суды пайдалану мал басының өсуіне қарай өсуде (2001ж. бері мал басының өсуі қарқынды жүруде және осы кезеңде суды пайдалану екі есе өсті);
-тоғанды-балық шаруашылығы бойынша суды пайдалану отырғызу материалын өндіру мөлшерінің азаю себебімен біртіндеп кемуде. Соңғы жылы бөгеу азғана төмендеді және 7,35 млн.м3 құрады.
Айналымды суды пайдалану көлемі есептік кезеңде 235,44 млн.м3 құады, суды қайта пайдалану 35,85 млн.м3 құрады. Он жылғы айналымды пайдаланудағы судың пайдалану көлемін саластыра келе, басында (1997-2000жж.) біртіндеп өсуін, ал содан кейін соңғы жылдары көлемінің төмендегенін белгілейміз. Осы кезеңдегі қайта пайдалану азғана өсу беталысына ие. Есептік жылда ағында сулар пайдаланылған жоқ. Шахты-кен сулары 3,76 млн.м3 көлемінде қолданылды. Коллекторлы-кәрізді сулар қолданылған жоқ.
Ағынды сулармен ластандырғыш заттардың түсірілуі бойынша 2ТП-су шаруашылық есептің мәліметі су көздерінің ластануының шынайы жағдайын көрсетпейді. ШҚО аумақтық ҚОҚ басқармасының Ертіс өз. бассейні су нысандарының ластануы бойынша мәліметтері 2ТП су шаруашылығы есебінің қорытындысынан барлық көрсеткіштер бойынша біршама ерекшеленеді. ШҚО аумақтық ҚОҚ басқармасының мәліметтері бойынша 2007 ж. Ертіс бассейні су нысандарына түсірілген ластандырғыш заттардың көлемі 74,79 мың тоннаны құрады.
Соңғы тоғыз жылдағы қажеттілік бойынша суды пайдалануды талдай келе, белгіленді:
-шаруашылық ауыз су қажеттілігі бойынша азғана ауытқулар байқалады;
-өндіріс қажеттілігі бойынша өнеркәсіп өндірісінің ұлғаю себептері бойынша суды қолдану мөлшерінің үдемелі өсуі байқалуда;
-жүйелі суару бойынша суды пайдалану суарылылатын алаңға байланысты (соңғы жылдары суарылатын жерлердің 5,32 мың га. төмендеуі, суды 2,7 млн.м3 төмен пайдалануды берді);
-жайылмалы суару бойынша суды пайдалану да аланының кішірейуіне қарай азайды;
-ауыл шаруашылықту сумен қамтамасыз ету бойынша суды пайдалану айтарлықтай өзгермеді;
-жайылымдарды суландыру бойынша суды пайдалану мал басының өсуіне қарай өсуде (2001ж. бері мал басының өсуі қарқынды жүруде және осы кезеңде суды пайдалану екі есе өсті);
-тоғанды-балық шаруашылығы бойынша суды пайдалану отырғызу материалын өндіру мөлшерінің азаю себебімен біртіндеп кемуде, соңғы екі жылда бөгеу 7,47 млн.м3 шегінде орнықты.
Ертіс өзені - басты су артерия. Ол Қытай шекарасынан Ресей шекарасына дейін бақыланады. Шекаралық қақпаның мәліметтері бойынша Қытайдан келетін су орташа ластанған және Ресейдің шекарасына дейін сол қалыпта сақталады.
Ертіс өзеннің экологиялық жағдайы
«Су құрғаған жерде тіршілік бітер», «Су - өмір көзі»- деп жатамыз. Ал біздің Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстарға, оның ішінде су ресурсына бай. Облыс аумағында 2000 мыңнан артық өзен ағып жатыр. Республикамыздың жер үсті суларының жалпы ағысының 30 пайызға жуығы облысымызда шоғырланған.
Ертіс өзені - облыстың бас су артериясы және трансшекаралық болуда, өйткені ол Қытай, Қазақстан, Ресей сияқты үш мемлекеттің аумағынан ағып өтеді.
Облысымызда бір тұрғынға ауыз судың жалпы ресурстарын есептегенде бұл көрсеткіш жылына 50 мың текше метрге жуық шаманы құрайды. Бұл сан әлемдік стандарттар бойынша жоғарғы көрсеткіштерге жатады.
Су ресурстарының сапасына әсер ететін ерекшеліктің бірі, тау-металлургиялық кешенінің негізгі кәсіпорындары ең тығыз су желісінде орналасқандығы. Су маңында жылу энергетикасының ең ірі кәсіпорындары да орналасқан. Бұл дегеніміз өндірістік кәсіпорындардың газ тәрізді, сұйық және қатты қалдықтары ластаушы заттармен су желісіне түседі. Ертіс өзені болса Кенді Алтай шегінде ауыр металдардың аса ластануына ұшырайды. Кенді Алтайда 12,5 мың шаршы километрден асатын ауданда ірі биогеохимиялық аумақ қалыптасқан. ШҚ гидрометеорология орталығының соңғы 30 жылдағы бақылауларының көрсеткіштері Қазақстан қарамағындағы Қара Ертістің суының азаю тенденциясын белгілеген, әсіресе бұл Бұқтырма бөгенінің жағдайына әсерін тигізді. Гидрометеорология орталығында жүргізілетін су ресурстарының мемлекеттік мониторингі деректері бойынша, Ертіс өзенінің жағдайы 2-3 сапа класымен бағаланады: егер Боран ауылында су сапасы «таза» деп танылса, Өскемен қаласының маңында «біркелкі ластанған» болуда.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ертіс экология Департаменті өз тарапынан аймақтағы экологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін мемлекеттік әсер ету шараларын қолданады.
Мемлекеттік экологиялық инспекциясы жағынан табиғат қорғау заңнамасын, су пайдалану көлемін азайту бөлігінде табиғат пайдалануға деген рұқсат алу жағдайларын және су айналымы жүйелерін енгізу мерзімдерін сақтау жөніндегі талаптарды нығайтқаны Ертіс өзені бассейініне ағынды сулардың төгінділерінің көлемін қысқартуға жол берді.
Өскемен қаласындағы ірі жылу энергетикалық орталықтарында гидрокүлді жоюмен айналым жүйесі бар екі күл үйінді іске қосылды. Бұл жайт Үлбі және Ертіс өзендеріне ағынды сулар төгінділерін 3,0 млн. м3 астамға қысқартуға мүмкіншілік берді.
Өскемен мен Риддер қалаларындағы «Казцинк» АҚ-ның өндірістік алаңшақтарында сумен жабдықтаудың айналымдық жүйелері енгізілген. Тек қана кәсіпорынның Өскемен алаңшағында суайналымын енгізу Үлбі өзеніне ластаушы заттардың төгінділерін жылына 18 млн. м3-ден 200 млн. м3 -ге қысқартуына жол берді. Малеев кенішінің шахта суларының тазарту ғимараттары 2001 жылы пайдалануға беріліп, қазіргі уақытта тиімді жұмыс істеуде.
Уәкілетті органдарының алдында тұрған бастапқы проблемаларды анықтау үшін Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық проблемалардың тізілімін әзірледі. Тізілімге Шығыс Қазақстандағы шешімін табуы керек проблемалар енгізілген. Бұл Семей ядролық полигоны, байырғы қылқанды орманның азаюы, шекаралық Ертіс өзеннің тау өндіру өндірісінің аршынды жыныстарының үйінділерімен және Өскемен мен Семей қалаларының толық тазартылмаған тұрмыстық- шаруашылық ағындыларымен ластануы. Бұл мәселелер жергілікті деңгейде «2008-2010 жылдарға ШҚО-ның қоршаған ортасын қорғау» аймақтық бағдарламасының құрамына енгізілді.
Өскемен мен Семей қалаларында тазарту ғимараттарының құрылысы жалғасуда. Ертістің ластану проблемасы трансшекаралық сипатта екендігін айтып кеткенбіз, оны шешу үшін республикалық бюджеттен қаражат қажет. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде бекітілген Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 жылғы жоспарына кірмей қалған инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесін шешу үшін жұмыс жүргізілуде. Олар - «Өскемен қаласында канализацияның тазарту ғимараттарының дамуы», «Семей қаласының ағынды суларының биологиялық тазартуымен тазарту ғимараттардың қайта құрылыруы және кеңейтілуі» деген жобалар. 2009 жылға республикалық бюджетті қарастырғанда, осы жобаларды қаржыландыруға қаражаттарды бөлу кезінде Парламент Мәжілісі депутаттарының, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің қолдауы болды.
Сонымен қатар, 2008 жылы жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен Өскемендегі канализациялық коллекторларды қайта құру үшін 200 млн. астам теңге бөлінді.
Трансшекаралық Ертіс өзеніне су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық жағдайды тұрақтандыру өз маңыздылығына ие. Оны шешу үшін Ертістің су ресурстарын пайдалануға қызығушылық білдірген барлық жақтардың келісілген саясатын жүргізу керек. Саясат ұстанған кезде қоршаған ортамыздың сапасын сақтауын алдыға қою қажет.

 


Скачать