Оқушыларға кәсіби бағдар беру


Кіріспе

Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі жылдамдап отырған заманда адамның интелектуалдық еңбек үлесі өседі және білім деңгейіне, шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талап жоғарылайды.
Кәсіби бағыттылық оқушының кәсіптік жағынан өзін-өзі айқындауының маңызды бөлігі ретінде мамандық таңдауға белсенді қарым-қатынасынан көрінеді.
Кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың адами алғышарттары жоғары кластарда туындайды танымдық қызығуылық дамиды, жеке мәнді мақсат қою талабы, кәсіби мүдде пайда болады.
Алайда, жалпы практика анализі көрсетіп отырғандай, көптеген мектеп түлектері өзін-өзі және таңдаған мамандығын нашар біледі. Жастар арасында ғылыми қызмет абыройы, педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде. Мұндай негативті құбылыстарды жою үшін “ерекше педагогикалық тәсілдер, жұмыстың мазмұнды және құқықты формалары қажет болып отыр, жас адамға шынымен көмек көрсететін, қоғамдағы өз орнын табуға көмектесетін жаңаша тәсілдер мен формалар керек болып отыр”. (8,19).
Бұл міндетті шешуде мектептен тыс мекемелер айтарлықтай роль атқарады. Олардың тәрбиелік патенциалы оқушының мамандыққа деген қызығушылығы мен мектепте мұндай мүмкіндіктің болмауы, әсіресе ауылдық мектептер, УПК-лар мен базалық мекемелер арасындағы қайшылықты шеше алады. Қазіргі кәсіптік бағдарлау жүйесін шын мәнінде шектеп отырған оқушының жинақталған моделіне есептелген мектеп жүйесі мен оқушылардың, объективті сұранысы арасындағы қайшылықты да жоя алады.
Соңғы екі-үш жылда мектептен тыс мекемелер жүйесінің дамуындағы тенденция – кең таралып отырған “Ғылым мен техниканың жас достары” профильді лагері. Профильді лагерьлердің, лагерь-мектептердің қызметі мектептен тыс педагогиканың жалпы принциптеріне сүйеніп, қатысушыларды конкурстық негізде қабылдап, қысқа мерзімдік қызмет атқарып, тәрбиешілер мен педагогтардың уақытша коллективі түрінде іске асырылады. Мұның барлығы танымдық қызығушылығын, белгілі бір кәсіби қызмет саласына бейімділігін ескеріп, оқушылардың кәсіби бағыттылығын қылыптастыру процесін жеделдетіп, профильдік лагерьдің тәрбие жұмысында көзге көрінерлік нақты нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.
Озық тәжірибе анализі көрсетіп отырғандай, “Ғылым мен техниканың жас достары” профильді лагері – мектептен тыс мекемелердің ерекше перспективалы типі. Алайда жалпы практикада оқушылардың кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың профильдік лагерьлердің педагогикалық мүмкіндіктері толық пайдаланылмай келеді. Мұндай жағдайдың себептерінің бірі, біздің ойымызша, профильдік лагерьдің тәрбиелік мүмкіндіктерін зерттеуге арналған арнайы зерттеулердің жоқтығы.
Проблеманың теориялық және практикалық актуальдылығы, оның педагогикада жеткілікті таратылмауы “Мектептен тыс мекемелерде оқушылардың кәсіптік бағыттылығын қалыптастыру” деген тақырыпта диссертациялық зерттеу тақырыбын таңдап алуға итермеледі.




Скачать