Басқа да есептелген шығындар есебі


Басқа да есептелген шығындар есебі

 

Басқадай есептелген шығындардың есебі «Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізгі құралдарды жөндеуге арналған резервтер, өнеркәсіптің маусымдық салаларының шығындарын жабуға арналған және тағы да басқа жасалған резервтер сомаларының есебі жүргізіледі.

Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеуге арналған резервтер көп уақыттарды өндірісі маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде құрылады. Бұларда жөндеуге жұмсалатын шығындар жыл бойы бірдей емес мөлшерде жүзеге асырылады. Ай сайын резерв жөндеудің барлық түрлеріне смета бойынша жұмсалатын шығындардың жылдық сомасының 1/12 бөлігі мөлшерінде жасалады.

  • Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу үшін арналған резерв сомасын құру барысында ай сайын апарылатын шығындар сомаларына:

Д-т: «Тауарларды сату бойынша шығындар»

«Жалпы әкімшілік шығындары» және тағы да басқа шоттардың тиістілері;

К-т: «Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.

  • Жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың төлемақысымен байланысты нақты шығындар өнімнің өзіндік құнына қосылмайды, керісінше оның жүргізілуіне қарай:

Д-т: «Басқа кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» шоты;

К-т: «Көмекші өндіріс» немесе «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты және тағы да басқа шоттар түрінде жазылады.

Жылдың аяғында пайдаланбаған резервтер сомасы сторна етіледі (шегеріліп тасталады). Сондай-ақ бұл шотта басқа да жасалған резервтер есептеледі.

 


Скачать