Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады


Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

 

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады деп хабарлайды президент баспасөз қызметі. «Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен орайлас келген мүбәрак мерекенің орны бөлек. Бұл – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады», — деген президент өзінің құттықтауында.

Сонымен қатар Назарбаев осы жылы Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымына басшылық жасап отыруын ерекше атап өтті.

Үш күнге созылатын мейрам жыл сайын хижра — мұсылман күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталады. Бұл жолы Құрбан айт мерекесі жексенбіде, яғни қарашаның алтысында басталады.

 


Скачать