Антика дүниесінің мәдениті


Антика дүниесінің мәдениті

 

Дәріс мақсаты; Антика туралы түсінік. Ежелгі  Грек және Рим  мәдениетімен  таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

1. «Антика” туралы ұғым..

2 . Ежелгі Грек мәдениетінің  сипаты

3. Ежелгі Рим мәдениеті.

4. Шешендік өнер және тарихнама

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

«Антика» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін ағартады.  Алайда қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек — рим әлеміне қатысты айтылады.

Антикалық мәдениет — барлық грек-рим көне бағыттардың жиынтығы. Антикалық мәдениет космологизмі антропоцентризмді қажет етеді және адам денесі негізі – мәдениеттің барлық түрінің өлшемі.

Ежелгі Грекия тарихындағы басты оқиға грек-парсы соғыстары (б.з.д. 500-449 жж.). Осы дәуірде антикалық полис — архаика аяқталып, классикалық өркендеу кезеңі басталды. Грекия әлемге әйгілі ұлы философтар — Аристотель, Платон, Сократ және тағы басқа ірі тұлғаларды әкелді. Ғылымға материяның бөлінбейтін бөлшегі атаомды ұғымын енгізген Демокрит болды. Б.з.д У ғасырда әдебиеттегі негізгі жанр трагедия мен комедия пайда болды.

Ежелгі Рим мәдениеті б.з.д. І ғасырдың соңы мен біздің заманымыздың ІІ ғасыр – ертедегі империя дәуірі (принципат дәуірі) құл иеленушілік қатынастар дәуірінің өркендеуі. Рим мемлекеті Шығыс жерорта теңізі, Солтүстік Африка Еуропаның үлкен бөлігін өзіне қаратқан ірі империяға айналды. Рим мәдениетіндегі шарықтау шегіне жеткен мәдениеттің бірі ерте заманғы империя дәуірі әдебиеті. Ерте заманда портретті бейнелеу ерекше дамыды.

Христиан діні Рим империясының шығыс провинцияларында кең тараған құтқарушыны  — мессияны күту идеялары негізінде пайда болған.

Бұл дәуірдің ең дарынды жазушылары, прозаның шеберлері Варрон мен Цицерон болды. Варронның (б.з.д. 116-127 ж.! ең әйгілі (Древности дел божеских и человеческих» атты шығармасы әрі тарихи, әрі географиялық, әрі діни энциклопедия болды. Ол сонымен қатар бірталай грамматикалық, тарихи-әдеби, философиялық еңбектермен қатар Римнің атақты адамдарының өмірбаянын да жазған.

Осы кезеңдегі әлемнің ойшылы, аса көрнекті қоғам қайраткері, от тілді, орақ ауызды, күміс көмей шешен, дарынды заңгер, философияның білгірі, тамаша жазушы ұлы ғұлама —  Цицерон (б.з.д. 106-43) болды.

Тілінен бал тамған, лебімен отқа өртейтін әрі шешен, әрі философ Цицеронның негізінен соттарда сөйлеген 58 сөзі, 800-ден астам хаттары бар. Цицерон сол дәуірдегі философиялық идеялардың ықпалында болды. Грек мәдениетінің ықпалы рим философиясында да айқын аңғарылды

Кіріспе




Скачать