Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер - құттықтау

Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер

Ел мен жер егіз.

Елге бай құт емес, би құт.
 
Жұрт дегенде жұмылып,
Ел дегенде егіліп.
 
Иесіне керек болса қоңсы өкпелемейді.
 
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
 
Түгел сөздің түбі бір,
Түп атасы Майқы би.
 
Е, құдайым, би қыл,
Би қылмасаң, би түсетін үй қыл.
 
Елшіге өлім жоқ.
 
Елдестірмек елшіден,
Жауластырмақ жаушыдан.
 
Елшінің қылышы – тіл.
 
Ел ағасымен жарасады,
Киім жағасымен жарасады.
 
Аталар сөзі –
Ақылдың көзі
 
Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
 
Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.
 
Адам елінде көгерер,
қоға көлінде көгерер.
 
Бөтен жердің гүлінен
Туған жердің тікені артық.
 
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
 
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
 
Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.
 
Ел не демейді,
есек не жемейді.
 
 
Ел болам десең, бесігіңді түзе.
   
Отан – елдің анасы
Ел – ердің анасы.
 
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
 
Отанды сүю – от басынан басталады.
 
Пәлен жерде алтын бар,
Өз еліңдей қайда бар.
 
Туған жердің жуасы да тәтті.
 
Әркімнің өз жері - жұмақ.
 
Ер елінде,
Гүл жерінде.
 
Өз елінде көртышқанда батыр.
 
Өз елінің иті де қадірлі.
 
Ауыл итінің құйрығы да қайқы.
 
Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
 
Құртақандай торғай да,
Өз ұясын қорғайды.
 
Орағың өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.
 
Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл.
 
Үйде оңбаған,
Түзде де оңбаған.
 
Елінен безген ер болмас,
Көлінен безген қаз болмас.
 
Сағынған елін аңсайды,
Сарыала қаз көлін аңсайды.
 
Жат елдің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.
 
Бақа көлінде патша,
Балық суында патша.
Жігіт елінде патша.
 
Егілмеген жер жетім,
Елінен айрылған ер жетім.
 
Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе өзің жеткенің.
 
Ерінен айрылған көмгенше жылайды,
Елінен айрылған өлгенше жылайды.
 
Ел іші алтын бесік.
 
Жері байдың елі бай.
 
Отан –қуат,
Отбасы – шуақ.
 
Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.
 
Есің барда елің тап.
 
Туған жердің ауасы да шипа.
 
Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.
 
Ерден аспақ болса да,
Елден аспақ жоқ.

Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,
Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,
Кіші жүзді найза беріп жауға қой.
 
Данышпан айтса, ел айтқаны,
Елдің қамын жеп айтқаны.

  Елің - панаң,
Жерің – анаң.

Өз елің өзекке теппес.

Елуінде ер дана,
Елу жылда ел жаңа.
 
Ел жасымен көрікті,
Тау тасымен көрікті,
Аяқ асымен көрікті.
 
Өз елің - алтын бесігің.
 
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңе ұлтан бол.
 
Ит тойған жеріне,
Ер туған еліне.
 
Кімнің жерін жерлесең,
Соның жырын жырларсың.
 
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
 
Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.
 
Іргесі берік елді
Жау ала алмас.
Ауызы бір елді,
Дау ала алмас.
 
Ұлтарақтай болса да,
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат.
 
Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
 
Өз елім - өлең төсегім.
 
Ынтымақсыз елді -
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді -
Дұрысы билейді.
 
Алтын алма, алғыс ал,
Алтын деген - жер сыйы,
Алғыс деген - ел сыйы.
 
Ел даусыз болмайды,
Ер жаусыз болмайды.
 
 
Ел құлағы елу.
 
Бүлінген елден,
Бүлдіргі алма.
 
Балық іздесең көлге бар,
Береке іздесең елге бар.
 
Ел-жұртыңның қадірін
Іс түскенде білерсің.
Сары тонның қадірін,
Қыс түскенде білерсің.
 
Еркектің жаманы,
Қатынын жамандар.
Елдің жаманы,
Батырын жамандар.
 
Аңқау елге - арамза молда.
 
Отан – оттан да ыстық.
 
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
 
Қазақ туралы
Қарға тамырлы қазақпыз,
Сұраса келе қарын бөле боп шығамыз.
 
Қазақ десең, өзіңе тиеді.
 
Жаман қазақ орыс бола алмайды.

Мақал-мәтелдер » Отан туралы »