Аталық туралы мақал-мәтелдер - құттықтау

Аталық туралы мақал-мәтелдер

Аталы ел баталы.
 
Ата балаға сыншы.
 
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
 
Аталы баланың сөзі ойнайды,
Атасыз баланың көзі ойнайды.
 
Атадан өсиет, анадан қасиет.
 
Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.
 
Атаның салған жолы бар,
Ананың тіккен қолы бар.
 
Атаға бала жеттім десе де,батпан ширек төмен болады.
 
Атаң өлсе өлсін,
Атаңды көрген өлмесін.
 
Жақсы ата жаман балаға қырық жыл азық.
 
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
 
Атадан ұл туса игі.
 
Ата даңқымен қыз өтер.
 
Атасыз ұлдың аузы үлкен.
 
Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді,
Атадан жаман ұл туса, елдің малын жейді.
 
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын есікке сүйрер.
 
Ата даңқымен сөз өтер.
Мата даңқымен  бөз өтер.
 
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
 
Үйінде атасы бардың берер батасы бар.
 
Атасы мылтық атқанның,
Баласы оқ жонар.
 
Алпыстағы атаңды жыққанша,
алтыдағы атанды жық.

Тәлім-тәрбие туралы » Отбасы, туыс туралы » Адам жасына байланысты »