Құда-құдағилар туралы мақал-мәтелдер - құттықтау
Құда-құдағилар туралы мақал-мәтелдер
Құда-құдағилар туралыҚұда мың жылдық, күйеу жүз жылдық.
Құда болдым дедің бе?
Құйрық-бауыр жедің бе?
Құда белгісі – киіт.
Құдашадан құдай ұрған құр қалар.
Құдашамен құда ойнар,
Қошақанмен бөрі ойнар.
Құданы құдай қосады.
Құда болғанша құл-биін сұрас,
Құда болған соң құл болса да сыйлас.
Құдағи сыйымен жарасады.
Жаманмен құда болма, малы бар деп.
Баймен құда болсаң шіренер,
Жарлымен құда болсаң тіленер.
Жарлымен құда болғанша, баймен барымталы бол.
Алыс жерге құда болсаң түйе-түйе ас келер,
Жақын жерге құда болсаң түйе-түйе сөз келер.
Құданың құрдасы, құнан қойдың сорпасы.
Құдаңды құдайдай сыйла.
Құда бала, құйрығы шұбар ала.
Мақал-мәтелдер » Отбасы, туыс туралы »