Келін туралы мақал-мәтелдер - құттықтау
Келін туралы мақал-мәтелдер
Қайнағаңның алдында кердеңдеме келіншек.Келелі сөзді келін де айтады.
Қазымыр ененің қарақұсында көзі бар.
Жақсы үйге түскен келін келін,
Жаман үйге түскен келін келсап.
Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан.
Келін келіп келістік десек, келінменен тебістік.
Жіпті иіре алмаған жүн етеді,
Келінді күте алмаған күң етеді.
Келін ененің топырағынан.
Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда.
Төркіні тентек келіннің тілі ұзын,
төркіні момын келіннің - жібі ұзын.
Көріп білген көріктіден, көрмей білген текті артық.
Келіннің бетін кім бұрын ашса,
Сол ыстық.
Мақал-мәтелдер » Отбасы, туыс туралы »