Анама - құттықтау

Анама

Қадырбек Құныпияұлы
Ұрпақтарын таралған
батасымен жебеп тек,
Етегіне оралған
немересін өбектеп.
 
Жетегіне ап қайда да
қиқар ұлды ойнатып,
Жүруші еді аулада,
сар самауырын қайнатып.
 
Ақ жаулығы басында
иығында сұр жемпір,
Қазан-ошақ қасында
жүруші еді бір кемпір...
 
...Анам менің жоқ қазір
аспанжа жүр, жерде емес.
Жоқта жүрек, жоқта жыр
Мұның бәрі енді елес.

Анама » Өлең - сөздің патшасы » Шығармалар » Соңғы қосылған дүниелер »