Хан, халық туралы - құттықтау

Хан, халық туралы

Хан, халық туралы мақал-мәтелдер
Хан қарау болса, халқы ұры болады.
 
Халық ұйғарса, хан түйесін сояды.
 
Қара халыққа хан ие, қара ханға халық ие.
 
Хан – қарақшы,
Халық – орақшы.
 
Хан азарында, қарашысымен қас болады,
Би азарында, қайырымы жоқ баймен дос болады.
 
Хан соқыр болса,халық та соқыр болады.
 
Хан екі айтса қара болады; қара екі айтса, қатын болады.
 
Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар.
 
Бидің айтқанын құл да айтады.
 
Әр ханның тұсында бір сұрғылтай.
 
Хан – қазық,
Би – тоқпақ.
 
Патша залым болса жұрт тозады,
Патша алым болса жұрт озады.
 
Халыққа аға болғанның арқасы жауыр болар.
 
Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Мақал-мәтелдер » Мақал-мәтелдер »