Бай, байлық, сараңдық, кедейлік, мұқтаждық туралы - құттықтау
Бай, байлық, сараңдық, кедейлік, мұқтаждық туралы
Бай, байлық, сараңдық, кедейлік, мұқтаждық туралыЕр қолында мал тұрмайды,
Елек ішінде су тұрмайды.
Бай аузында семіз сөз.
Құзғын ас таңдамайды.
Қарғаның бір көзі оқта, бір көзі боқта.
Көз бір уыс топыраққа тояды.
Алтын тыққан адам аштан өлер.
Аласыға алтау аз,
Бересіге бесеу көп.
Көтере алмаған қосып арқалайды.
Түйе сойған, ешкі сойғаннан дәметіпті.
Қас екеніңді қабағыңнан танимын,
Сараң екеніңді табағыңнан танимын.
Өзі сұрағаннан сарқыт дәметпе.
Сараң да бір, сасық су да бір.
Етпен қарның тоқ,
Ниетпен жаның тоқ.
Өзі тоймастың көзі тоймас.
Екі сараңның қолы бір-біріне әрең жетеді.
Алаған қолым береген.
Сараңның қолы қалтырауық.
Қас сараң өз тамағын өзінен тығады.
Сараңның асы піскенше, таудың тасы піседі.
Соқырдың бидайын өзіне қуырып беріп.
Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.
Сараңдық ауылдастан жұғады,
Я бауырластан жұғады.
Қолы ашықтың - жолы ашық.
Берместің сылтауы көп.
Иттен сүйек қарыздар.
Өзі тойса да көзі тоймайды.
Жетімнің қарны жетеу.
Табақты үйдің тауығы -
Қос жұмыртқадан туады.
Сараң асын бермейді,
Көзінің жасын береді.
Сараңнан сарқыт жегенше,
Иттен тартып же.
Алтын көрсе періште жолдан таяды.
Жыланға түк біткен сайын қалтырауық болады.
Екі тышқан бір байдың жұртына таласыпты.
Ақылды арын қорғайды,
Сараң малын қорғайды.
Жақсыны арман аздырар,
Жаманды құлқын тоздырар.
Жақсы - арына құл,
Жаман - малына құл.
Жебір түйе жабуын жер.
Түлкі түсінде тауық көреді.
Алмақтың да салмағы бар.
Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін.
Бай – балпаң келер,
Жарлы – жалаң келер.
Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет.
Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.
Малы жоқ деп ерден түңілме,
Егіні жоқ деп жерден түңілме.
Бай мақтанса табылар,
Кедей мақтанса шабылар.
Жоқтық ұят емес,
Байлық мұрат емес
Байдың қатыны өлсе, төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар.
Жарлы болсаң да арлы бол.
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық
Есіктегі ебейді кейбір тоқал жебейді.
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.
Ағайының бай болса – шайнағаның май болар.
Тоқтығында жараспаған,
Аштығында қараспайды.
Бай бауырын танымас,
Сауда досқа қарамас.
Ашаршылықта бай баласы бірінші өледі.
Жарлы байғұс жаманар,
Жаманар да қуанар.
Нені кем тұтсаң, соған жар боларсың.
Несие ет жесең,
Сүйегі ішегіңді жыртар.
Аш бала
Тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала
Аш болам деп ойламайды.......
Жіп жіңішке жерінен үзіледі.
Асы жоқ үйді ит те сүймейді.
Аштың ақылы тамағында.
Жаяудың ақылы табанында.
Қарны ашқанға
Қара талқан майдай көрінеді.
Күші жоқ ит те жүгірмес.
Төреге ерген ер-тоқымын арқалар.
Аспанна кигіз жауғанда,
Сорлыға ұлтарақ та тимепті.
Адасқанға - жұлдыз айдай,
Қарны ашқанға - көже майдай.
Тоңған тонын мақтайды,
Адасқан жолын мақтайды.
Алпыс қарсақ ат болмас.
Қысқа жіп күрмеуге келмес.
Ай бетінде де дақ бар.
Қасық тары ботқа болмас,
Ботқа болса да жұртқа жетпес.
Жоққа жүйрік жетпейді.
Мысық жоқта тышқан төбеге шығады.
Жоқ болса, тұз да қат.
Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
Балықшының аты шөлден өледі.
Балық жоқ та бақа да балық.
Сауыны аздың жазы қысқа.
Етік жамағанды көрдік,
Тақия жамағанды көрмедік.
Құсы жоққа тұрымтай
Сұңқармен тең
Аты жоққа қотыр тай
Тұлпармен тең.
Басқа түссе - баспақшыл.
Жоқшылық жомарт елдің қолын байлар.
Кедей менен бай жолдас болмас,
Қасқыр менен қой жолдас болмас.
Қасқыр ішігі бар кісі
Жолдасының тоңғанын білмес.
Қойың болмаса, байлыққа ойың болмасын.
Жуан жіңішкергенше, жіңішке үзілер.
Жаяушылық тартқанда,
Жүрмес есек ат болар.
Қарын қатты ашқанда,
Қара талқан қант болар.
Жарлылығын жасырған жарымас.
Ақша ашпайтын құлып жоқ.
Ақшада көз жоқ.
Арық атқа қамшы жау,
Жыртық үйге тамшы жау.
Ит арық болса ауылдың намысы.
Тар киім - тозғақ.
Түк таппаған тұз жалар.
Жұтаған шүкірге тоймайды.
Барлық жарастырады, жоқтық таластырады.
Тамыр тартқан тарықпас.
Аш атасын тыңдамас.
Түйесі жоқ ауылға тайлақ атан көрінеді.
Кедейге өлең айтқан да - шығын.
Қалтасында тиыны жоқ, түйенің тісін ашып көреді.
Еліктің мойнын оқ кеседі,
Ердің мойнын жоқ кеседі.
Қарны ашқанға қара нан да май татыр.
Шөлдегенге қара су да бал татыр.
Базар бай, алушы кедей.
Базар ақшалыға базар, ақшасызға назар.
Қарыз қатынас бұзады.
Адамды тарлық шынықтырады,
Адамгершілікті барлық ұмыттырады.
Тіленшіге жел қарсы.
Бай атқа мінсе құтты болсын дейді,
Кедей атқа мінсе қайдан алдың дейді.
Байға жағынамын деп жарлының тоқтылы қойы шығыпты.
Мақал-мәтелдер » Байлық туралы » Соңғы қосылған дүниелер »