Ағайын-туыс - құттықтау
Ағайын-туыс
Ағайын-туысАманыңда елжіреп мақтайтын да ағайын,
Алыстамай айналып жақтайтын да ағайын.
Ауырыңды жеңіл ғып жоқтайтын да ағайын,
Еркелетіп бетіңнен қақпайтын да ағайын.
Жаман атақ бойыңа тақпайтын да ағайын,
Ашыққанда рақым ғып сақтайтын да ағайын.
Сабыры қалмай сағынып жүретін де ағайын,
Есіне алып елжірей білетін де ағайын.
Мәшһүр Жүсіп
Туыстарға » Өлең - сөздің патшасы » Шығармалар » Соңғы қосылған дүниелер »