Тәлім-тәрбие туралы мақал-мәтелдер - құттықтау
Тәлім-тәрбие туралы мақал-мәтелдер
Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер.Жақсы келін - қызыңдай,
Жақсы күйеу - ұлыңдай.
Қызым, саған айтам,
Келінім, сен тыңда.
Айтушы ақылды болса,
Тыңдаушы дана болады.
Өзіңді- өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды.
Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды.
Әкесі қой баға білмегеннің,
Баласы қозы баға білмейді.
Кеме келсе, қайық судан шығады.
Сақтықты соқырдан үйрен,
Кішілікті түйеден үйрен.
Сын түзілмей, мін түзілмейді.
Бабасы еккенді, баласы орады.
Апасының киген тонын сіңлісі де киеді.
Елгезек екі айтқызбайды.
Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең.
Жақсылық еккен алғыс орады.
Итті күшігінде үйрет.
Үлкен бастар, кіші қостар.
Шыбық тимес, шыңқ етер.
Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады.
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.
Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.
Ине өткен жерден жіп өтер.
Ел болам десең бесігіңді түзе.
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Бесік көрмеген ессіз болып, есікке енеді.
Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі.
Бесіктен белі шықпаған.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік.
Есік көргенді алма, бесік көргенді ал.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
Алдыңғы арба қалай жүрсе,
Соңғы арба сонда жүрер.
Ағайынға қарап бала өсер,
Қарағайға қарап тал өсер.
Тісі шыққан балаға,
Шайнап берген ас болмас.
Жорғаның тері кеппес,
Жылауықтың көз жасы кеппес.
Құс жеткен жеріне қонады.
Тауда туған баланың,
Екі көзі таста болар.
Ашаршылықта туған баланың,
Екі көзі аста болар.
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңлі өсер.
Жеті атасын білмеген – жетесіз.
Сүтпен кірген мінез.
Сүйекпен кетеді.
Мақал-мәтелдер » Тәлім-тәрбие туралы »