Балаларға айтарым - құттықтау

Балаларға айтарым

Ұрпағымның жалғасы,
Шөпшегімнің төл басы,
Абылай туып қуандым,
Болар ма екен ел басы.
Әке - шеше жасыңнан,
Табылып әркез қасыңнан,
Даналықты үйретсін,
Құс ұшырмай басыңнан.
 
Сендерсіңдер тірегім,
Адал соққан жүрегім.
Тату - тәтті өсіңдер,
Осы менің тілегім.


Барыс - келіс көп болсын, дұшпандарың жоқ болсын,
Қыдыр дарып, бақ қонып, дастарқаның мол болсын!


Немерелер - мақтаным, ашық болсын аспаның,
Осылайша, балалар, жырдан шашу шашқаным.
Бірталай жұмыс тапсырдым, біліміңді арттырғын,
Әкең менен шешеңе жемісіңді таттырғын.


Мырзаханның Ақылбайы
Семей қаласы Мұқыр ауылы

Балама » Бата-тілектер » Балаларға баталар » Соңғы қосылған дүниелер »