Аманкүл жіберген мақал-мәтелдер - құттықтау

Аманкүл жіберген мақал-мәтелдер

Тумаң туысқандай болмайды, Тұрман құйысқандай болмайды
 
Жеткіншектен айырылған, Жер таянбай тұрмайды
 
Көрмесе жат, көріспесе ұят
 
Келер кезек, терме тезек
 
Келіні жақсының керегесі алтын
 
Жыласуға көз жақсы, Сыйласуға жат жақсы
 
Ағайынды жігіттің отар малы бар, Жалғыз-жарым жігіттің шығар-шықпас жаны бар
 
Көп ақымақтың ағасы болғанша, Көп ақылдының інісі бол
 
Бөдененің үйі жоқ, Қайда барса бытпылдақ
 
Қасқырлы жердің елі айтақшыл
 
Бұралқы ит үріп жағынады
 
Қарақұс қайырғанмен бүркіт болмас
 
Міріден сірі айырады
 
Жоны қашқан итке өлексе жоламас
 
Ит ұяласынан қорықпайды
 
Жақсы ит иесінің көз құлағы
 
Ит атасын танымас
 
 Қабаған ит қайыр байлайды
 
Борсық ұрған сайын семіреді
 
Қоян көлеңкесінен қорқады
 
Қашқан қоян жатқан қоянды ала кетеді
 
 Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан
 
Мылтығыңның күмісін айтпа, тиісін айт
 
Ит құтырса – иесін қабады
 
Бөрі арығын білдірмес, Итке жүнін қампайтар
 
Қоянның қарамын көр де, қалжасынан түңіл
 
Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді
 
Жаман иттің атын «бөрібасар» қояды
 
Менменнің тобасы қабыл болмас
 
Елсіз көлге бақа айғыр, Қатындарға жалшы айғыр
 
Асыққан жетпес, бұйырған кетпес
Ұры байымас, сұғанақ семірмес
 
Шегірткеден қорыққан егін екпес
 
Көңіл кірі айтса кетеді, Көйлек кірі жуса кетеді
 
Аталы баланың аузы ойнайды, Атасыз баланың көзі ойнайды
 
Өзі екі етем десе, тәңірі бір дер
 
Таңдағы тамақ тәңірден
Халықтан ұял, құдайдан қорық
 
Құл жиылып бас болмас, Құм жиылып тас болмас.
 
Көсеу ұзын болса, қолың күймес Ағайының көп болса, адам тимес
 
Барына разы бол, жоғына сабыр ет
 
Нағашымен күрессе, жиен жығылар
 
Құс жаман шажа, Дос жаманы бажа
 
Келіншектің бетін кім бұрын ашса сол ыстық
 
Шақырусыз тойға барғанша, Қазусыз көрге бар
 
Заманы бірдің амалы бір
Жасы құрдас, құрдас емес, Заманы бір құрдас
 
Мың «сіз-біз» ден Бір шыж-мыж артық
 
Ұсынғанды мойынды алмас кеспес
 
Барым әзір, жоғым жай
 
Жаңылмас жақ болмас Сүрінбес тұяқ болмас

Өмір-орта туралы » Соңғы қосылған дүниелер »