Бірлік туралы мақал-мәтелдер - құттықтау
Бірлік туралы мақал-мәтелдер
Бірлік туралы мақал-мәтелдер.Көпті жамандаған,
Көмусіз қалар.
Ел бірлігі – ел теңдігі.
Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
Бірлікті ел бұзылмас.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Бірлік ынтымақ – байлық бақ.
Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ.
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
Сырттан келген жаудан да,
Іштен шыққан дау жаман.
Ауылдың иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.
Тобынан айрылған қазды,
Топталған қарға алады.
Кең киім тозбайды,
Кеңесші ел азбайды.
Кеңесіп пішкен тон келте болмас.
Теңге тиыннан,
Ынтымақ ұйымнан.
Қол жұмылмай – жылынбайды.
Кеңесіп шешкен шешімнің кемісі болмас.
Ынтымақ болмай іс оңбас.
Топтанып ұшқан торғайға,
Тұрымтай да бата алмас.
Үйдің басын қатын қосар.
Елдің басын батыр қосар.
Бірлік қайда болса,
Ерлік сонда.
Еркіндік қайда болса,
Елдік сонда.
Тірлік, тірлік түбі – бірлік.
Қырық кісі – бір жақ,
Қыңыр кісі – бір жақ.
Саусақ бірікпей,
Ине ілікпейді.
Байлық байлық емес, бірлік – байлық.
Бір кісінікі мақұл,
Екі кісінікі – ақыл.
Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.
Мақал-мәтелдер » Отбасы, туыс туралы »