Ақ бантик - құттықтау

Ақ бантик

Өлеңі – Мұхтар Шахановтікі
Әні – Шәмші Қалдаяқовтікі
 
Балауса қыз едің бір кезде,
Шашыңа ақ бантик байлаған.
Өзгеріп кетіпсің бұл күнде,
Көркіңе көз тастап ойланам.
 
Қайырмасы:
 
Нұрлы бейнең қандай жарқын,
Арманысың қандай жанның.
Шынарым-ай,
Сен мөлдірсің, еркем,
Тау бұлағындай.
 
Жол жатыр шақырып алдыңда,
Өмір тұр ұсынып шаттығын.
Білмеймін бой жетіп қалдың ба,
Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін.
 
 
Жылдардың еркіне бағындың,
Жылдарға қол создың жан құрбым.
Белгісін балалық шағыңның,
Айтшы, сен қай жерде қалдырдың?
 
 Қайырмасы.

Шәмші әндері » Той әндері »