Достар үшін - құттықтау

Достар үшін

Бас қосты достар бүгін,
Гүлдердің жапырағындай.
Жайнап тұр ақ дастархан,
Алып-ұшып көңіл шіркін жанғандай.
 
Көтерейік кәне достар
Туған күн үшін!
Осындай думанды сәттер
Қайта жалғансын!
Көтерейік кәне достар,
Мол бақыт үшін
Осында тойда отырған
Көпшілік үшін!
 
Аймалап таң самалы,
Көңілім ән салады.
Қуанып дос жүрегі
Жақсылықта жолығайық тек мәңгі.
 
Қайырмасы
 
Бас қосты достар бүгін,
Гүлдердің жапырағындай.
Жайнап тұр ақ дастархан,
Алып-ұшып көңіл шіркін жанғандай.
 
Көтерейік кәне достар
Махаббат үшін!
Үзілген, сөнген бір өмір
қайта жалғансын!
Көтерейік кәне достар,
Мол бақыт үшін
Осы күнге жете алмаған
Жан достар үшін.
 
Жастық шақ гүл ашқан ба
Ағаштар жайқалатын
Жүзінде жылы шуақ
Қуанышпен оятайық ақ таңды
 
Қайырмасы
 
Аймалап таң самалы,
Көңілім ән салады.
Қуанып дос жүрегі
Жақсылықта жолығайық тек мәңгі.
 
қайырмасы

Ән - көңілдің ажары » Той әндері »