Жеңеше - құттықтау
Жеңеше
ЖЕҢЕШЕ(Е. Зікібаев, Ә. Бейсеуов)
Шешек атқан көктемдегі гүл қандай,
Құлпырғаны – шұғыла шашар нұрдан бай.
Толған айдай толықсисың, жеңеше-ай,
Сол гүлменен бәскеге тұрғандай.
Қайырмасы:
Мейлі басқа елемесе, елесе-ау,
Сен ескерсең жетіп жатыр,
Жетіп жатыр, жеңеше-ау.
Мінезің бар бұлтсыз ашық аспандай,
Өмірің – жыр, жазылмаған дастандай.
Жаутаңдаған жанарыңа қараймын,
Еркелеген бауырыңша жасқанбай.
Қайырмасы.
Әніміз боп, сәніміз боп жүресің,
Құрбы ішінде ерек сенің үлесің.
Аңқылдаған қайыныңның қадірін,
Басқалардан артығырақ білесің.
Қайырмасы.
Ән - көңілдің ажары » Той әндері »