Құштар көңіл - құттықтау
Құштар көңіл
Өлеңі Қадыр Мырза-ӘлидікіҚұбылмай көңіл тұрмайды,
Тыныштығымды ұрлайды.
Жанымда жүрген жақынның,
Жақындығы да бір қайғы.
Жылжымай уақыт тұрмайды,
Зулайды және зырлайды.
Алдыңда тұрған арудың,
Алыстығы да бір қайғы.
Сезімім ішке сыймайды,
Жыр болып неге құймайды.
Қарт өмірменен жас көңіл,
Қосылып мені қинайды.
Ән - көңілдің ажары » Той әндері »