Қыздар-ай - құттықтау
Қыздар-ай
ҚЫЗДАР-АЙАжарың көктемдегі ашық таңдай,
Жанарың түскен жанды жасытқандай.
Жасыңнан жалын шашып жарқ еткенде
Қалады-ау қандай жігіт ғашық болмай,
ғашық болмай
Е-е-и-й, қыздар-ай!
Гүлдейсіңдер,
Жүрмейсіңдер
Ғашық етпей.
Сендерсіз өмір бізге
Ұқсайды қоңыр күзге – қасіреттей
Жалғанда қыз жүрмесе сылаң қағып,
Өмірім өтер еді тұманданып.
Жігітке ғашық болмай жүру күнә,
Ку қыздар асқақтайды бұлаң қағып,
бұлаң қағып
Қайырма 3 рет қайталанады:
Е-е-и-й, қыздар-ай!
Гүлдейсіңдер,
Жүрмейсіңдер
Ғашық етпей.
Сендерсіз өмір бізге
Ұқсайды қоңыр күзге – қасіреттей
Ән - көңілдің ажары » Той әндері »