Сағындым сағым жылдар - құттықтау

Сағындым сағым жылдар

Өлеңі – Шөмішбай Сариевтікі
Сағындым, сағым уақыт,
Табатын жаным бақыт.
Балалық ұяның,
Қарлығаш қиялын
Еске алып тербелемін.
Жұлдызын көгімнің,
Бақытын өмірдің
Аңсаумен мен келемін.
 
Қайырмасы:
 
Сағыныш-ай,
Сағыныш-ай,
Сен де бір арман,
Сен де бір жалған.
Сағыныш-ай, сағыныш-ай,
Сенімен бірге
Толқиды жаным менің.
 
Сағындым, сағым жылдар,
Өттің-ау ағып, жылдар,
Баладай алаңсыз,
Баянды, баянсыз,
Тағдырға бағынумен.
Оралып келе алмай,
Достарды көре алмай,
Күн кештім сағынумен.
 
Қайырмасы:
 
Сғындым, сағым күндер,
Сағынсам, жаным гүлдер.
Өмірдің көшінен
Мен, бәлкім, кешігем,
Сағынып, кеш қалармын.
Балалық көктемім,
Қамығып өткенін
Аңсаумен еске алармын.
 
Қайырмасы

Ән - көңілдің ажары » Той әндері »