Туған күн кешінде - құттықтау

Туған күн кешінде

ТУҒАН КҮН КЕШІНДЕ
Өлеңі мен әні Мұхтар Шахановтікі
Тойыңа гүл алып,
Келіп ем қуанып,
Қарсы алдың күлімдеп, көктемдей.
Жүзіңе нұр толып,
Кетіпсің құлпырып,
Бір бақыт сәулесін сепкендей.
 
       Қайырмасы:
 
Сен туған күн мерекеміз,
Ән бастайық, кел екеуміз.
Ұмытпа сен, құрбым,
Есте қалсын, мәңгі бұл күн.             2 рет
 
Жасқанба, жасыма,
Отыршы қасыма,
Басталсын бір терең әңгіме.
Қолыңды бер, еркем,
Қуансын ел ертең,
Жалғыздық жойылсын мәңгіге.
 
         Қайырмасы.
 
Көп жүрме сарылып,
Жетсе де кәрілік,
Қақпаңды ашпа сен уақытсыз.
Жастықтың жарығын,
Жүректің жалынын,
Өшіріп алған жан бақытсыз.
 
      Қайырмасы.



Ән - көңілдің ажары » Той әндері »