Қызыма - құттықтау

Қызыма

Қызыма
Т.Иманбеков
Еркетай едің елігім, қызым,
Елік те іздер серігін, қызым.
Ақ босағаңды аттарсың, қалқам,
Анаңның қимас жырымен, қызым.
 
Қайырмасы:
Сүрінбе қызым, құлама қызым,
Күлімде мәңгі, жылама, қызым.
Әкеңдей қамқор болар-ау деумен,
Тапсырдым сені құдама, қызым.
 
Бойтұмарымдай гүлім ең, қызым,
Бойжеткенің бе, шынымен, қызым.
Бағыңды іздеп бара жатырсың,
Әкеңнің қимас жырымен, қызым.
 
Қайырмасы.
 
Баласын баласы әкетіп барады,
Мұңайып не етесің?!
Сен бүгін ұшасың – кетесің.
Көкешім, әкеңнен әкеге жетесің.
 
Құлпырып жүрген гүл-арай, қызым,
Құлпырып өскен құралай, қызым.
Жылатпай сені өсіріп едім,
Жүргейсің енді жыламай, қызым.
 
Қайырмасы.



Ән - көңілдің ажары » Той әндері »