Ақ келін - құттықтау
Ақ келін
Ақ келінСөзін жазған Н.Бердалы
Әнін жазған Г.Әлімбекова
Бір-ақ күнде қуантып қос ананы,
Сыңсу айтып қыз көңіл босағаны.
Әлпештеген әкеңнің аппақ қызы ең,
Ақ келін боп аттадың
Ақ келін аттадың босағаны.
Қайырмасы:
Аппақ гүлдей ағашқа жаңа біткен,
Үлбірейсің, үміттен жаралып па ең?
Басқа тойлар бастауы – бүгінгі той,
Бүгінгі той – қоштасу,
Бүгінгі той – қоштасу балалықпен.
Сәлем салып басыңды ие бердің,
Қолтығыңнан сол сәтте сүйеген кім?
Міне сонда жеңгелер жолын қуып,
«Ана» деген жақсы атты
«Ана» деген жақсы атты иемденгін.
Шауып кетіп барады құлын күнің,
Сен бойжеттің осыны ұғын, гүлім.
Ақ дастархан үстінде ақ бата алып,
Жаңа өмірдің ашасың шымылдығын.
Ата-енені құрметте, отағасын,
Берік қылып осы үйдің босағасын.
Ақ ниетпен отқа май тамызған соң,
Шаңырақтың шаттығы
Шаңырақтың шаттығы – отанасың.
Қайырмасы.
Ән - көңілдің ажары » Той әндері »