Ақ тілегі атаның /Сен аман бол, немерем/ - құттықтау

Ақ тілегі атаның /Сен аман бол, немерем/

Ақ тілегі атаның
 
Сөзі Шалқар Әбіштікі
Әні Заттыбек  Көпбосынұлынікі
 
Сен қосылып немерем,
Кеңейді ғой керегем.
Әттең қолдан келмейді,
Айды алып берер ем, берер ем.
 
Қайырмасы:
Саған терді төгер ем,
Бар нәрсемді берер ем.
Оның бәрі аз десең,
Жан беруге көнер ем,
Сен аман бол немерем!
 
Ұрлап жатыр күн түнді,
Көп күттім мен бұл күнді.
Ешнәрсеге қимаймын,
Сенің таза күлкіңді, күлкіңді.
 
Қайырмасы.
 
Жатыр күлкің жаңғырып,
Жұртты естен тандырып.
Балғын тілің жүр менің,
Мейірімді қандырып, қандырып.
 
Қайырмасы.
 
Әжеңді де жұбаттың,
Қайғымызды уаттың.
Қартайғанда атаңды,
Жас баладай қуанттың, қуанттың.
 
Қайырмасы.



Ән - көңілдің ажары » Той әндері »