Дос туралы жыр - құттықтау

Дос туралы жыр

Дос туралы жыр
 әні С.Бәйтерековтікі
сөзі Т.Молдағалиевтікі
Іздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көріспесек сағыныштан жүдейтін,
Кім бар жақын бала күнгі досыңнан.
 
Қайырмасы:
 
Жан досым,
Үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңісіңді көрейін,
Сырымыз да бітпесін,
Жырымыз да бітпесін.
 
Қос бұтағы секілденіп ағаштың,
Қатар тұрып сырымызды сан аштық,
Жол тапсақ та, бірге жүріп жол таптық,
адассақ та, бірге жүріп адастық.
 
Қайырмасы.
 
Өмір өзі арқамызға жүк салып,
Бәрімізді қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құсқа ұқсадық, әлде біз
Қатар жанған екі шамға ұқсадық.
 
Қайырмасы.



Ән - көңілдің ажары » Той әндері »