Аққу сазы - құттықтау

Аққу сазы

Аққу сазы                                    Өлеңі мен әнін жазған С.Тұрсынбеков
 
Қиялым тербеп, көкірек кернеп,
Аңсадым сазын аққудың.
Назымен бірге бөлендім күйге,
Мен үшін, жаным, пәк тудың.
 
Қайырмасы:
 
Сүйсіне ай қарап,
Көл бетін аймалап,
Тұрады самал жел тербеп сені.
Желбіреп пәк туың,
Кетпеші, аққуым,
Іздейді махаббат қоңыр лебі.
 
Толқынды көңіл, күй болып төгіл,
Жаныңа келсін аққулар.
Назды үнің сенің, күйлерім менің
Достыққа елді шақырар.
 
Қайырмасы:
 
Мынау кең дүние
Тебіреніп күйіме,
Тұрғандай бейне бір тербетіле.
Көңілімнің сәнісің,
Махаббат нәрісің,
Сыятын емеспін жер бетіне.



Ән - көңілдің ажары » Соңғы қосылған дүниелер »