Қарағым-ай - құттықтау
Қарағым-ай
Қарағым-ай Өлеңін жазған – Ш. СариевӘнін жазған – К. Дүйсекеев
Қарағым-ай, сұлулық осындай болады екен,
Бір басқа армансыз қонады екен.
Адамдар өмірге қонақ екен,
Шынымен бұл дүние шолақ екен.
Қарағым-ай, еліктер осылай жосады екен,
Жолыңнан сені кім тосады екен?
Бұл көңіл неліктен босады екен,
Бұл тағдыр сені кімге қосады екен?
Қайырмасы:
Қарағым-ай, қиылып, үзіліп қарадың-ай,
Қараған қандай сұлу жанарың-ай.
Қарағым-ай, бұл өмір осылай өтеді екен,
Сүймесе дүние бекер екен.
Парақтап жинасаң бар ғұмырың,
Бір сүйген күніңе жете ме екен?!
Қайырмасы:
Ән - көңілдің ажары »