Сағыныш вальсі - құттықтау

Сағыныш вальсі

 Өлеңін жазған – М.Мақатаев
Әнін жазған – Т.Мұхамеджанов
 
Сағындым ғой дедің-ау, жаным маған,
Бұлт көрдің бе тауларда мамырлаған.
Ақ жалыны сол менің ақ жанымның,
Ауылымнан аулақта дамылдаған.
 
Қайырмасы:
 
Мен деп ойла самалды есіп өткен,
Мен деп ойла нөсерді есі кеткен.
Мен деп ойла өзіңді әр күн сайын
Сағынышқа төсегін бесік еткен...
 
Естідің бе аспанның күрсінгенін,
Саған деген сол менің тылсым демім.
Ұйықтап жатса оянсын, ояу болса,
Күңіренген жанымды білсін дедім.
 
Қайырмасы:



Ән - көңілдің ажары » Соңғы қосылған дүниелер »