Ғашық жүрек - құттықтау
Ғашық жүрек
Өлеңін жазған – Т.МолдағалиевӘнін жазған – Е.Белғозиев
Алқынғандай, талпынғандай боласың,
Шарқ ұрғандай бүкіл қазақ даласын.
Көкірегіме сыймай менің барасың,
Ғашық жүрек, қайда апарып соғарсың?
Дегбіріңді тауысқандай боласың,
Жазың күзге ауысқандай боласың.
Күз жапырақтай қалтырайсың, тоңасың,
Ғашық жүрек, қайда апарып соғарсың?
Көрген жандай арманыңның моласын,
Күрсінесің, ауыр ойға шомасың.
Жабырқайсың, жауың таптап кеткендей,
Ғашық жүрек,қайда апарып соғасың?
Назырқанып тірлігіңнің бағасын,
Келер күннен бір сүйеніп табасың.
Бейтаныс бір терезені қағасың,
Ғашық жүрек, қайда апарып соғасың?
Күздің желі жапырағыңды тонасын,
Сонда да сен бақытыңды табасың.
Жете алмайтын арманыңа жет дейсің,
Ғашық жүрек, қайда апарып соғасың?
Ән - көңілдің ажары » Соңғы қосылған дүниелер »