Махаббат деген ертегі - құттықтау

Махаббат деген ертегі

Өлеңін жазған - И.Сапарбаев
Сөзін жазған – Б.Тұрғараев
 
Махаббат деген қандай-ды,
Қарасаң көзің талмайды.
Сағынған жанға жете алмай,
Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды.
 
Қайырмасы:
 
Ғашықсыз өмір – өмір ме,
Егілме, жаным, егілме.
Көктегі күнге қол созған,
Не дерсің мынау,
Не дерсің мынау көңілге.
Күлерсің-дағы жыларсың,
Жыларсың-дағы шыдарсың.
Жазылмас дерттің дауасын
Жаным-ау, кімнен,
Жаным-ау кімнен сұрарсың.
 
Махаббат – өмір ғажабы,
Алқызыл гүлдей ажары.
Сүйемін жеген жалғыз сөз
Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады.
 
Қайырмасы:
 
Махаббат – мәңгі ертегі,
Көңілдің күйін шертеді.
Ертіп жүрсең, шіркін-ай,
Еліктей сұлу, еліктей сұлу еркені.
 
Қайырмасы:



Ән - көңілдің ажары » Соңғы қосылған дүниелер »