Күт мені - құттықтау

Күт мені

Өлеңін жазған – Т.Рахымов
Әнін жазған – Е.Белғозиев
Танымаймын, білмеймін есіміңді,
Сен ол үшін бола гөр кешірімді.
Теңертең бе, кешке ме, түнде ме әлді,
Әйтеуір, бір қағамын есігіңді.
Теңертең бе, кешке ме, түнде ме әлді,
Әйтеуір, бір қағамын есігіңді.
 
Жабырқаған жүзіңді қарат маған,
Үмітіңнің секілді-ау таңы атпаған.
Аққу ма едің тағдырдың оғы тиген,
Саған онда самғайтын қанат болам.
Аққу ма едің тағдырдың оғы тиген,
Саған онда самғайтын қанат болам.
 
Танысармыз, білерсің есімімді,
Көптеген бері болып ем кешугілі.
Дүрсілімен алқынған жүрегімнің
Қағып тұрмын мен сенің есігіңді.
Дүрсілімен алқынған жүрегімнің
Қағып тұрмын мен сенің есігіңді.
 

Ән - көңілдің ажары »