Кенен әндері - құттықтау
Кенен әндері
Кенен әндеріКелінжан
Құтты болсын, келінім, аяғыңнан,
Осы еді ғой күткенім баяғыдан.
Мал-мүлкіңе ие бол арнап жиған,
Өсекшілдің сақ болғай саяғынан.
Қайырмасы:
Қуанышым, жігер күшім, келінжаным,
Қуанышым, қайрат күшім, Көркемжаным.
Халқым тілеп әперген Көркем едің,
Көк желкеме көтерген еркем едің.
Мұңдар қубас атанып жүргенімде,
Елу беске келгенде көрген едім.
Қайырмасы:
Келін келді дегенде қуанғаным,
Үш ұмтылып орнымнан тұра алмадым.
Алғаныңмен қоса ағар, бақытты бол,
Құттықтаймын басыңның құралғанын.
Қайырмасы:
Тау ешкідей тау-тасқа аттап кетпе,
Кір жастықты басыма жастап кетпе.
Ауылыңда театр, кино жоқ деп,
Баламызды қалаға бастап кетпе.
Қайырмасы:
Ән - көңілдің ажары » Халық композиторларының әндері »