Қарлығаш - құттықтау

Қарлығаш

                 әнін жазған Ахмет Жұбанов
             сөзі   Ибади Мақатовтікі
 
Қарлығаш әннің аты жырымды айтам,
Сүйген жар, сүйіскен дос сырымды айтам, Қарлығаш!
Айныма, асыл сәулем берген серттен,
Мен сендің, сен менікі шынымды айтам, Қарлығаш!
 
Қайырмасы:
 
Құралай көз, қолаң шаш,
Алма мойын, қиғаш қас.
Сүйген сәулем Қарлығаш.
 
Ақ тамақ, қиылған қас, жазық маңдай,
Әдемі ақша бетің, жауған қардай, Қарлығаш!
Жайдары еркелеген жарқын мінез,
Жарқ етсең, жадыратар жаққан шамдай, Қарлығаш!
 
Қайырмасы:



Қазақстан композиторларының әндері » Соңғы қосылған дүниелер »