Қайдасыңдар достарым - құттықтау
Қайдасыңдар достарым
әнін жазған Әбілахат Еспаевсөзін жазған Қабдыкәрім Ыдырысов
Бірге тойлап, бірге өткізген,
Жалындаған жас шағын.
Талай қызық күнді өткізген,
Қайдасыңдар, достарым?
Қайырмасы:
Достар, достар, жүрсің қайда?
Бірге еді ғой жанымыз.
Еске алысып осындайда,
Кел, шырқайық бәріміз.
Бәріміз де таптық бүгін,
Бақыт жолын іздеген.
Дос үміті - достық сенім,
Әрқашанда бізбенен.
Қайырмасы:
Жүрсек-дағы қиыр шетте,
Досты ұмытқың келмейді.
Достық жалын бар жүректе
Суымайды, сөнбейді.
Қайырмасы:
Қазақстан композиторларының әндері » Той әндері » Соңғы қосылған дүниелер »