Армандастар - құттықтау

Армандастар

әні Әсет Бесеуовтікі
сөзі Нұрсұлтан Әлімқұловтікі
Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік,
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.
Бәрімізде жазылмаған дастан едік,
Армандастар құрдастар.
 
Қайырмасы:
 
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік.
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?
 
Арман қуған, қиял қуған кезің қайда,
Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?
Армандастар - құрдастар.
 
Қайырмасы:
 
Бәрің, достар, әр тарапқа кеттіңдер ме,
Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!
Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?
Қайдасыңдар, құрдастар?!
 
Қайырмасы:

Қазақстан композиторларының әндері » Соңғы қосылған дүниелер »